400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тік төртбұрыштың ауданы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тік төртбұрыштың ауданы туралы мәлімет. 8-сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың ауданы 
Сабақтың мақсаты: Тік төртбұрыштың ауданы туралы білімдерін нақтылау; тік

төртбұрыштың ауданын есептеу тәсілі туралы білімдерін қалыптастыру. Тік төртбұрыштың ауданын табуды үйрету; Ойлау, сөйлеу, есеп шығара білу қабілеттерін дамыту. 
Күтілетін нәтижесі: Тік төртбұрыштың ауданын табу ережесімен танысады; 
Тік төртбұрыштың ауданын табуды үйрене отырып, қажетті білім – білік дағдысын игереді, топ мүшелері өз ойларын ашық айта біледі, білімдерін бағалауға үйренеді. 
Сабақтың көрнекілігі:  Математика оқулығы, А4 форматты қағаз, стикерлер,

маркер, бетшелер, бағалау бетшесі матрица, геометриялық фигуралар

Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, есеп шығару, түсіндіру.
Қосымша тапсырмалар:

1. Ережеге бағыну 
2. Әріптестерін бағалау 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біздің бүгінгі математика сабағымыз ерекше болып өтейін деп тұр.Өйткені,біздің бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Барлық күш-жігерімізді салып , білімімізді көрсете білейік.Ендеше сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектер айтып,көңіл-күйімізді көтеріп алайық.

«Алақан» жаттығу


* Бағалау бетшесіне түсінік беру. 
Ашық журнал
Сынып ережесін шығару. 
Ережені қайталау: 
Мұғалімді тыңдау; 
Бірін – бірі тыңдай білу; 
Уақытты үнемдеу; 

Қызығушылықты ояту. «Компьютер» ойынын өткізу.

2*6:3*9:6*4:3*7 = 56 18 : 9 * 7 : 2 *3 = 21 3 * 4 : 2 * 5 : 10 = 3

  • Матрицаға «+» қою

Ой қозғау.

– Біз «Геометрия» еліне саяхатқа шығамыз. Ол қандай ел екен?

– Геометрия – фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым. Ол гректің гео – жер, метрео – өлшеймін деген сөздерінен шыққан. Геометрия көне де қызықты ғылымдардың бірі. Ол адамдардың күнделікті өмір қажеттілігінен туындаған.

«Кім жылдам?» ойыны

Алфавиттегі әріптерге ондықтарды қою.
5*2=
2*10=
54: 6=
2*5=
90*2=
10 – А 9 – Д 20 – У 180 – Н 10 - А


Қандай геометриялық фигураларды білеміз?

Геометриялық фигураларды көрсету

Бір фигураның ауданын білу үшін фигураны келесі фигураның үстіне қойып,үлкен-кіші екенін білеміз.

1)Үшбұрыштың ауданы дөңгелектің ауданынан үлкен.

2)Тік төртбұрыштың ауданы үшбұрыштың ауданынан үлкен.

3)Дөңгелектің ауданы тік төртбұрыштың ауданынан үлкен.

-Ауданның өлшем бірлігі не?  Ауданның өлшем бірлігі квадрат сантиметр.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

№1

- Енді тақтаға назар аударайық. Не көріп тұрсыңдар? (тіктөртбұрыш).

Тіктөртбұрыш неше шаршыдан құралған?

Неше қатар бар?

Неше баған бар?

Қалай тез есептеуге болады?

Ендеше,осыдан мынандай ереже шығаруға болады:

Ережемен жұмыс: 
Тік төртбұрыштың ауданы бірдей бірлікпен алынған оның ұзындығының еніне көбейтіндісіне тең. 
S = a ∙ b S- square [skweә] площадь – аудан

а = S : b

b = S : а

№2. Кесте бойынша есеп құрастыр және оны шығар. 5 + 30 Тақтамен жұмыс

Ұзындығы ені ауданы 
1 қатар 9 см 3 см ?см
2  
2 қатар ?см 4 см 28 см
2  
3 қатар 10 см ?см 30 см
2

  • Ашық журналға қою 1-тапсырма


№3.  Жұптық жұмыс
І қатар: 24 ÷4 + 6 * 3 = 24 4*4 ÷8+50 =52 
ІІ қатар: 35÷5 + 8*2=23 3*8 + 160 - 80=104 
ІІІ қатар: 9*5 - 27÷ 3=36 4*8 +20+100=152 

  • Ашық журналға қою 2-тапсырма


Графикалық диктант:

1.Оңға қарай  6 торкөз, төмен қарай 4 торкөз, солға қарай 6 торкөз, жоғарыға 4 торкөз сызыңдар.

        – Қандай фигура шықты?

        – Оның ауданын табыңдар.

  • Матрицаға «+» қою

№ 4

Тұскиіз –сәндік және жылылық үшін, әрі төсек тұсына ілетін үй жиһаздарының бір түрі. Тұскиіздің екі түрі болады, біріншісі жүннен жасалған, екіншісі матадан жасалған тұскиіз. Жүннен жасалған тұскиізді жасау үшін күзгі маусымда қырқылған күзем жүннен тығыздап басылған жұқа киіз дайындалады. Матадан дайындалған тұскиізді тігу үшін түсті барқыттар, жібектер, шұға, т.б. маталардың әр түрлі етіп алынған ою-өрнектер тігіледі.
Жұптық жұмыс  Тақтамен жұмыс
а – 4 м, 
в – одан
2 м қысқа

S - ?

в = 4 м – 2 м = 2 м. 
S = 4 м
2 м = 8 м2 
Жауабы: S = 8м
2 

  • Ашық журнал 3-тапсырма

Сергіту сәті: «Кім жылдам?» 

Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?

Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?

4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?

2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?

Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

Бір айда 5 жексенбі бола ма?

Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?

Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? 4рет

Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?


№ 6 Жұптық жұмыс Ашық журнал 4 тапсырма
30 ÷ х = 6 
х = 30 ÷ 6 
х = 5 
30 ÷5 = 6 

6 = 6
№ 9 Ауызша
№10 «Ойланайық, табайық!» 
Суретке қарап жылқы, қасқыр, маймыл орта есеппен неше жыл өмір сүретіні туралы айту. 
Ү. Бекіту: Тест орындау. 
1.Егер тік төртбұрыштың ұзындығы 4 см ,ал ені 2 см болса, оның ауданы неше см
2 болады? 
2. Егер тік төртбұрыштың ауданы 15 см
2 болса, ал ұзындығы 5 см болса, оның ені неше см болады? 
3. Егер тік төртбұрыштың ауданы 12 см
2 болса, ал ені 3 см болса, оның ұзындығы неше см болады? 

4. Егер тік төртбұрыштың ені 2 см және ұзындығының жартысына тең болса, оның ауданы неше см2 болады? 
5. Егер тік төртбұрыштың ұзындығы 6 см ал ені ұзындығының үштен бір бөлігіне тең болса, оның ауданы неше см
2 болады? 
Бір – бірін тексереді. 

1. 8 см 2

2. 3 см

3. 4 см

4. 8 см

5. 12 см 2

  • Матрицаға «+» қою


Матрицадағы « + » санап, ашық журналға жазу


  • Қосымша тапсырма


Тіктөртбұрыш пішінді бет

   Ұзындығы

      Ені

      Периметрі

Ауданы

 Сынып бөлмесінің едені

8м

      6м



 Тақта

3м

      1м



 Аула

6м

      3м



 

  • Сабақ ұнады ма?

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңалықтарды білдіңдер?

  • Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз ?

  • Тік төртбұрыштың ұзындығын қалай табамыз ?

  • Тік төртбұрыштың енін қалай табамыз ?

  • Ағылшын тілінде ауданды қалай айтады ?

  • Орыс тілінде ше?

Бағалау.

Үйге тапсырма: 

1. №6 (ә), № 7 112 бет.

2. 1 тік төртбұрыш пен 2 әр түрлі пішіндегі шаршыны жасап келу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
906
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі