400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері. Тікбұрышты үшбұрыштардың қасиеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
7.3.1.25 Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін дәлелдеу. 7.3.1.26 Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолдану. 7.3.1.27 Тікбұрышты үшбұрыштардың қасиеттерін қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспары:

Мектеп:№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі


Мұғалімнің аты-жөні: Нұркеева Әлия


Күні:


Сынып:7

Қатысқандар: 20 Қатыспағандар:0




Сабақтың тақырыбы:

Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері. Тікбұрышты үшбұрыштардың қасиеттері.

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.25 Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін дәлелдеу.

7.3.1.26 Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолдану.

7.3.1.27 Тікбұрышты үшбұрыштардың қасиеттерін қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу.Түсіну.Қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- Тікбұрышты үшбұрыштың анықтамасын айтады.

- Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы төрт белгісін ажыратады

- Тікбұрышты үшбұрыштардың қасиеттерін тұжырымдайды

Оқушылардың басым бөлігі:

- Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін ажырата алады

Оқушылардың кейбірі:

- Ашық сұрақтарға өз пікірін білдіреді, өмірмен байланыстыра отырып мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийі

- - Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолданады

- Қабырғалары, бұрыштары арқылы тікбұрышты үшбұрыш белгілерін анықтайды

Тілдік мақсаттары

Оқушылар:

Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін мәнін түсінеді, түсінікті ауызша түсіндіріп, анықтау үдерісін сипаттай алады.

Пәнге қатысты сөздік қормен терминдер:

«бұрыш», «катет», «гипотенуза», «проекция»

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

а)Сіз қалай ойлайсыз ,тікбұрышты үшбұрыштар үшін не қажет?

ә) Егер...,онда...

б)«Менің ойымша...,себебі...»

Құндылықтарға баулу

"Жалпыға бірдей еңбек қоғамы" (Құрылыста)

Пәнаралық байланыс

Физика: §1: Физика және табиғат туралы ғылым 7-сынып

География:§2.Материктер және мұхиттар табиғатының алуан түрлілігі 

7- сынып

Құрылыс саласындағы фигуралар теңдігі қолданылады

Алдыңғы бөлім

Перпендикуляр түзулер.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин



5 мин
























I.Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі:

II.Үй тапсырмасын сұрау:

« Микрофон» әдісімен үй жұмысын оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы жауап береді

Кері байланыс:

Өткен тақырыптар бойынша қандай сұрақ бар?

Психологиялық ахуал


Жымия білген адамның жаны сұлу



Өкпең бар ма? – Ұмыт!

Артта- өкініш, алда - үміт.

Ең мықты адам - өзгені жеңген адам емес,

Өзін-өзі жеңген адам.



Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды бұрыштың түрлері арқылы үш топқа бөлініп отырады.

Оқушыларға қима қағаздар таратылады және сол қағаздар бойынша топтарға бірігеді. Топ оқушылары рөлдерге бөлінеді: (Көшбасшы, хатшы, уақыт сақшысы, баяндамашы, бақылаушы)

І топ – тік бұрыш (900 – қа тең)

ІІ топ - сүйір бұрыш (900 – тан кіші)

ІІІ топ- доғал бұрыш (900 –тан үлкен,1800 – тан кіші)









Үлестірме материалдар

(№1,2,3)




























Сабақтың ортасы



6 мин









1 мин





1 мин




18 мин



1 мин

IV. «IDEAL» әдісі бойынша оқушыларға әртүрлі үшбұрыштар таратылды.

1.Үшбұрыш түрлерін анықта

2. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен катетінің өлшемін табады

3. Гипотенузаға іргелес жатқан бұрыштарды анықта

4.Тең үшбұрыштарды жаз

5. Жақсы нәтиже берген топ анықталып, бүгінгі өткелі отырған теорема тұжырымдалды.

Орындалған тапсырмаларды сағат тілінің бағыты бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Кері байланыс:Тақырып сіздерге түсінікті ме?

Тағы нені білгіңіз келеді?

Топтық жұмысты бағалау:Қалыптастырушы бағалауды ауызша үлгіде жасау(мақтау, марапаттау)

V.Жеке жұмыс. Бір оқушы №171 есепті шығарады.

Дескриптор:

1.Берілген тікбұрышты үшбұрыштың сызбасын салады;

2.Тік бұрышынан гипотенузаға биіктік түсіріледі

3.Биіктігі катетімен -қа тең бұрыш жасайды.

4. Осы үшбұрыштың бұрыштарын табады

№172 есеп

Дескриптор:

1.тікбұрышты үшбұрыштың сызбасын салады.

2. Сүйір бұрыштарынан биссектрисаларды жүргізеді.

3. бұрыш жасап қиылысатынын дәлелдейді

Жеке жұмысты бағалау: Оқушыға смайлик жабыстырылып отырылады






АКТ мүмкіндіктері.









§6.Оқулық Геометрия 7-сынып,авт. Шыныбеков.Ә.Н

№171



§6.Оқулық Геометрия 7-сынып,авт. Шыныбеков.Ә.Н

№172 есеп

Сабақтың соңы

3 мин









1 мин





2 мин

VI. « Ойымды аяқта» әдісімен оқушылар сабақтан қаншалықты игергенін білу

1.Егер үшбұрыштың бір бұрышы болса,онда..

2.Егер екі тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузаға іргелес жатқан бір сүйір бұырыштары тең болса,онда...

3.Егер екі тікбұрышты үшбұрыштың сәйкес каттетері тең болса,онда...

4.Егер сәйкес бір катеті және оған іргелес жатқан сүйір бұрышы тең болса,онда...

5.Егер екі тікбұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы екінші тікбұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен гипотенузасына тең болса, онда...

Топ оқушылары ақылдасып, өз пікірлерін үлгі бойынша 1 сөйлеммен плакат бетіне жазады..

VII.Үй тапсырмасы: №173есеп және транспортирдің көмегінсіз тікбұрышты үшбұрышты қалай сызуға болатынын зерттеп келу

VIII.Кері байланыс:

Бұрыннын білемін

Мен үшін жаңа ақпарат

Білгім келеді





















Кері байланыс парақтары



Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек

қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті

Оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз


Бағалау-Сіз оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





1.« Микрофон» әдісімен үй жұмысын оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы жауап береді


2.«Мозайка» әдісі. Топқа бөлу үшін қолданған суреттердің бүгінгі тақырыпқа қатысының қандай екенін сұрақ арқылы сұрай отырып, жаңа тақырыпты, сабақтың мақсатын анықтаймын

3. Жеке жұмыс. Бір оқушы №171 есепті шығарады

5.« Ойымды аяқта» әдісімен оқушылар сабақтан қаншалықты игергенін білу


1.Орындалған тапсырмаларды сағат тілінің бағыты бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды.

2. Жеке жұмысты бағалау: Оқушыға смайлик жабыстырып отырады

3. Топтық жұмысты бағалау:Қалыптастырушы бағалауды ауызша үлгіде жасау(мақтау, марапаттау)




АКТ-мен жұмыс жүргізу кезінде адам өмірініңтқауіпсіздігі басшылыққа алынады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі