Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тригонометриялық функциялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тригонометриялық функциялары туралы мәлімет алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың таралуы:

8.2 A Тікбұрышты ұшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы

қатыстар (18 сағ )

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөн:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тригонометриялық

функциялары. ( 3 сағ 1 сабақ )

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.2 Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу;


Сабақ мақсаттары

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының қатынастары арқылы бұрыштың синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін анықтайды.

Бағалау критерийлері

- Қабырғалар арасындағы қатынасты анықтайды.

- Тікбұрышты ұшбұрыштың белгісіз каттері мен гипотенузасын табады

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;

- бұрышқа іргелес жатқан катет;

- бұрышқа қарсы жатқан катет;

-сүйір бұрышының тригонометриялық функциялары

Диаглогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер

-Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі, котангенсің анықтамаларын тұжырымда?

- Неліктен тікбұрышты үшбұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің, котангенсінің мәндері үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарына тәуелді болмай, тек сүйір бұрыштың шамасына тәуелді болады?

- tga мен ctga өзара кері өрнектер деп айтуға бола ма?

Құндылықтарға баулу

Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

Пәнаралық байланыстар

Сызу (геометриялық фигураларды салуда), физика ( көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы)

Алдыңғы білім

Тікбұрышты үшбұрыш және оның элементтерінің анықтамалары. Үшбұрыш теңдігі және үшбұрыштың қабырғалар мен бұрыштары арасындағы қатыстары




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар



Сабақтың басы



8 мин




















Ұйымдастыру кезең

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Оқушылардың құрал - жабдығының толық болуына назар аударып, зейінін бір ортаға тоғыстыру.


Үй тапсырмасын тексеру

« Көршісімен дәптер алмасу» әдісі

Интербелсенді тақтадан «дайын - үлгі, жауап» арқылы тексереді.

«Допты лақтыру» әдісі бойынша оқушыға допты лақтырып, өткен тақырыпқа сұрақ қою арқылы қайталайды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді.

Сұрақтар:

1. Тікбұрышты үшбұрыш деп қандай геометриялық фигураны айтамыз?

2. Оның элементтері қандай?

3. Екі тікбұрышты үшбұрыштар тең болу үшін олардың каттетерінің теңдігі жеткілікті ма?

ҚБ. Ауызша (Оқушының берген жауабына сай түзету жүргізіледі. Берілген сұраққа жақсы жауап берілгені үшін мадақтау айтылады )

Оқушыларды геометриялық фигуралар бойынша 5 топқа топтастыру. І топ Төртбұрыш ІІ топ Квадрат ІІІ топ Үшбұрыш ІVтоп Тіктөртбұрыш Vтоп Параллелограмм

Оқулық «Геометрия»

8 cынып , Алматы

«Атамұра» 2018

Ә.Н. Шыныбеков, Д.Ә

Шыныбеков,

Р.Н. Жұмабаев


интербелсенді

тақта




















Сабақтың ортасы

20 мин


«Баяндау әдісі» арқылы жаңа сабақтың мақсатын түсіндіремін.

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының қатынастары арқылы бұрыштың синусына, косинусына, тангенсіне және котангенсіне электронды оқулық көмегімен бағыт - бағдар және ақпарат беремін.

Топпен жұмыс . «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр топқа тақырып бойынша сараланған тапсырма беріледі. Оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөлісіп, есептерді шығарады, одан кейін бүкіл топтық талқылауға ұласады.

1 Тапсырма

Хазрет Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы орналасқан мешіт. Дәстүрлі ислам стилінде салынған. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өр­нектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үл­гісінде орындалған.Aзан шақыратын орынның

биіктігі AB = 80 м. Азан шақыру мұнарасынан AC = 150 м қашықтықта тұрған адам оның жоғарғы ұшындағы азан шақырып тұрған адамды көреді. Eгер BC =170 м тең болса,B бұрыштарының синусын,косинyсын,тангенcін,котангенcін ecептеңдер .



Бағалау критерийлері: тікбұрышты үшбұрыштың берілген элементі бойынша қалаған бұрыштары мен қабырғаларын табады.

Дескриптор:

- Тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін анықтайды;

- Қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатысты есептейді;

- Белгісізді табады.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы

оқушылар бірін - бірі бағалайды.

Жұптық жұмыс


« Дауыстап ойлау» әдісі Топпен отырған оқушылардың көршілермен жұптастыру арқылы жұпқа бөлінеді, сонда әр топта жұптасып отырады. Жұптаса отырып берілген есепті біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдап отырып ой түйеді. Бір - біріне түсіндіре отырып, есепті шығарады.

Оқулықтан

2.1, №2.2 №2.3, №2.4, № 2.5


Кері байланыс: Қай есепті орындау барысында қиналдың? Бұл неліктен деп ойлайсың?


ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы жұп - жұпты бағалайды












Электронды оқулық













Жұмыс дәптері



В. А. Смирнов

Е. А. Тұяқов

Алматы . Мектеп 2018

8 сынып










Сабақтың соңы

12 мин





















































































































































































































































Сабақтың соңы














Жеке жұмыс

Дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау

Сатыны суреттегідей қабырғаға сүйеп қойған.

a) Жерден сатының қабырғаға сүйеніп тұрған жеріне дейінгі арақашықтығын табу.

b) сатынын табанынан қабырғаға дейінгі қашықтығын табу.


Бағалау критерийi

Дескриптор



- Қабырғалар арасындағы қатынасты анықтайды.

- Тікбұрышты ұшбұрыштың белгісіз каттері мен гипотенузасын табады

- қарсы жатқан катеттің ұзындығын анықтау үшін, синустың анықтамасын қолданады;

- қарсы жатқан катеттің ұзындығын анықтайды;

- іргелес жатқан катеттің ұзындығын анықтау үшін, косинустың анықтамасын қолданады;

- катеттің ұзындығын табады.


ҚБ. Дескриптор арқылы бағаланады.

«Қар кесегі » әдісі бойынша бүгінгі сабаққа сұрақ қою арқылы қорытындылау

ҚБ. Айтылған жауапқа кері байланыс жасалып отырады

Үйге тапсырма

Оқулықтан

1 №2.5

2. Тригонометриялық өрнектер табиғатта кездеседі ме? Ағаштың биіктігін ағашқа

шықпастан қалай өлшеуге болады.







































































Жұптық жұмыс:











































































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2020
479
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12