400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын білу және қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару


Сабақ мақсаттары

- тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын білу;

- тіктөртбұрыш, ромб және квадрат қасиеттері мен белгілерін білу;

- тіктөртбұрыш, ромб және квадрат қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолдану

Бағалау критерийлері

- тіктөртбұрыш қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады;

- ромб қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады;

- квадрат қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолданады.

Тілдік мақсаттар

- берілген фигура көпбұрыш болып табылады, ... ;

- көпбұрыш дөңес болады, себебі...;

- көпбұрыш дұрыс болады, егер ...;

- берілген n- бұрыштың n ... болады;

- төртбұрыштың диагональдары өзара перпендикуляр болады,егер ... ;

- параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары ... ;

- ромбының қабырғалары тең болғандықтан, оның периметрі ... ;

- параллелограмм бұрышының биссектрисасы одан ... қияды;

- параллель түзулер ... қияды;

Құндылықтарды дарыту

Денсаулық, құрмет және бірлесіп жұмыс жасау

Бастапқы білім

көпбұрыштар, параллелограмм

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Сұрақ жауап:

1) Қандай төртбұрыш параллелограмм деп аталады?

2) Параллелограммынң қандай қасиеттерін білесіңдер?

3) Параллелограмм белгілерін айт.

Слайд № 1-4

Сабақтың ортасы

10 мин


Жаңа тақырыпты түсіндіру

Класс 3 топқа бөлінеді.

Мұғалім презентация көмегімен тақтада тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын көрсетеді.

Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм тіктөртбұрыш деп аталады.

Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады.

Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

Әр топ тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын пайдаланып фигуралардың қасиеттерін құрастыру ұсынылады.

Слайд

№ 5, 6, 7,8


Сабақтың ортасы


15 мин

Жаңа материалды бекіту

Топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды.

Үш топқа бөлініп, әр топ әр тақырыптың 2 есебін шығарады. Әрбір топ жиыны 6 есеп шығару керек.

Шығарған тапсырманы топ басшысының айтуымен топ мүшесі тақтада жазаып көрсетеді.

Қосымша 1


Слайд

№ 9, 10, 11


Сабақ соңы

5 мин

Рефлексия

Әңгімелесу арқылы сабақты қорытындылау. Бір сөйлем құрап әр оқушы өз дәптеріне жазады.

Нені білдім және нені үйрендім?

Нені түсінбедім, не себептен?

Тапсырмаларды шапшаң әрі тиянақты орындау үшін қандай әрекеттер жасауым керек?

Үй тапсырмасы

Дидактикалық материалдардағы «Қосымша 2» парағынан 1-нұсқа.


Слайд № 12

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Деңгейі жоғары оқушылар күрделі есептерді түгел, әрі дұрыс шығарады.

Есептерді дұрыс шығаруы бойынша, математикалық терминологияны дұрыс қолдануына байланысты бағалаймын.


Құндылықтар:

Оқушылар командада жұмыс істей алады, шығармашылық және жалпы тәсілдер

Оларда сөйлесу, мұғалімнен және тұстастарынан білім алу және басқаларын оқуда демеу мүмкіндігі болады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

ҚКФ-ын әр түрлі есептер шығарып, олардың шығарылуынан заңдылықтар табу арқылы оқушылар өз беттерімен түсінді. Сабақ уақыты тақырыпты жан жақты қарастыруға жетті.

Сабаққа қойылған мақсаттарға жеттік.

Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.04.2019
977
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі