жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тіктөртбұрышты өзге фигуралардан табу.
Күні:
Оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы
Бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: Кең, тар, Тіктөртбұрышты өзге фигуралардан табу
Мақсаты заттапрды еніне қарай ажырата білу, тіктөртбұрышты табу
Міндеттері: - «кең», «тар» ұғымдарын түсінуге үйрету;заттардың санына қарай салыстыру дағдыларын бекіту; сабақтың мақсатын түсінуге және тапсырмаларды дербес орындауға үйрету;
- логикалық қасиеттерін дамыта отырып, шыдамдылыққа тәрбиелеу;
- үш көлемінде заттарды санау дағдыларын бекіту.
Қажетті құрал-жабдықтар,
көрнекіліктер көжек ойншығы,текшелер,табақтар(қорапшалар),
түсті дөңгелектер,қуыршақтар
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
+ |
- |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Жаңа тақырыпқа кіріспе 1,2, 3,4, 5 Санауды біз білеміз, Дем алуды да білеміз. Қолымызды белге қойып, Басымызды көтеріп, Жақсы тыныс алайық. - Балалар, мен сендердің ертегілерді жақсы көретіндеріңді білемін |
Жарты шеңбер бойына тұрып,тәрб\іні тыңдайды, қимылдарын орындайды. Көздерін жұмып,терең тыныс алады. Сұрақтарға жауап береді |
|
|
|
Ұйымдастыру шылық-ізденістік |
«Үйшік» ертегісін естеріне түсіріп, сабақты бастайды. Үйшіктің суретін тақтаға іліп қояды. - Қырманда бір үйшік түр. Биікте емес, аласа да емес. Тышқанға арналған тапсырмалар Тышқан жүгіріп келеді (суреті), үйшікті көріп, тоқтап сұрайды: - Бүл үйшікте кім бар? Кім тұрады? Үнтаспа қосылып, дыбыс шығады: - Мен тұрамын, егер менің барлық тапсырмаларымды орындасаң, есігімді ашамын! «Заттарды шатаспай сана» дидактикалық ойыны Қырманда жатқан бидай дәндері мен көкөністерді санатады. Балаларға сан мен зат арасындағы сандық қатынасты орнатуға арналған карточкалар таратылады. «Тез ойланып жауап бер» дидактикалық жаттығуы Өткен сабақты қайталауға арналған сұрақтар қояды: - Өткен сабақта қандай санның таңбасымен таныстық? - 2 санының таңбасы неге ұқсайды? - Үйшіктің жанында неше ағаш өсіп түр? Бәрін дұрыс орындағандарын, сондықтан есіктің ашылатынын айтады. Тышқанның суретін үйшіктің әйнегіне қыстырып қояды. Бақаға арналған тапсырмалар Үйшікке бақа секіріп келеді (суреті), үйшікті көріп, тоқтап сұрайды: - Бұл үйшікте кім бар? Кім тұрады? Үнтаспа қосылып, дыбыс шығады: - Мен тұрамын, егер менің барлық тапсырмаларымды орындасаң, есігімді ашамын «Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойыны Бүгін сопақша пішінімен танысатындарын айтады. Тақтаға үлкен, кішірек және кішкентай сопақшаны қояды, балалардың алдында да сон- дай сопақшаларды береді. Ұстап көргізіп, сұрақтар қояды: - Неше бұрышы бар? - Дөңгелекке ұқсай ма? Сопақшада бұрыш болмайтыны туралы тұжырым жасайды. «Мынау қай пішін?» ойыны Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды. «Жұбын тап» дидактикалық ойыны Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің жұбын табуды ұсы- ну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру. орындадыңдар, есік ашылады. Бақаның суретін іліп қояды. Сергіту сәті Тік ұста бойыңды, Жоғары соз қолыңды. Соз қолыңды тағы да, Жеткіз керік мойнына. Қоянға тапсырма Қоян жүгіріп келеді (суреті), үйшікті көріп, тоқтап сұрайды: - Бүл үйшікте кім бар? Кім тұрады? Үнтаспа қосылып, дыбыс шығады: - Мен тұрамын, егер менің барлық тапсырмаларымды орындасаң, есігімді ашамын! Қалай жүріп, нені тапқың келеді?» дидактикалық ойыны (кеңістікті бағдарлау) Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына - мәшине, сол жағына - доп, ортасында қуыршақ қойып, қалай жүріп, нені тапқысы келетінін сұрайды. «Сипаттамасы бойынша тап» дидактикалық ойыны (ұзын-қысқа) Балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықтың атын анықтап атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойын- шық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады. Бұл тапсырманы да дұрыс орындағандарын айтып, есікті ашады. Ақ қоянның суретін іліп қояды. |
Суреттерді тамашалап, ертегіні естеріне түсіреді. Тышқанға көмектесуге қуана келіседі. Бидай дәндері мен көкөністерді Санайды С9рақтарға жауап береді. Ауада жазып көрсетеді. Суретті қызықтап қарайды. Ертегінің жалғасын қызыға тыңдайды. Ойын шартын бұзбай, тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді. Геометриялық пішінді сипап сезіп, атайды. Суреттердің жұбын табады Сергіту сәтін бірге жасайды. Ертегінің жалғасын қызыға тыңдайды. Қалай жүріп,нені тапқысы келетін айтады. Ойыншық туралы жұмбақ шешеді ,жасырады. Тапсырманы талдап,түсініп орындайды.
|
|
|
|
Рефлексиялық -түзетушілік |
Қорыту «Ыстық доп» ойынымен және жетекші сұрақтар арқылы сабақ желісін бекітеді |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл – күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді |
|
|
Күтілетін нәтиже
|
Нені білу керек |
2 санын және таңбасын танып,үлгіні пайдалана отырып, 2 санының таңбасымен дұрыс жазуды. |
|
Нені игереді |
ойынның мақсатын түсініп,шартын бұзбай орындауды. |
|
Нені біледі |
«кеше,бүгін,ертең,жақын,алыс»ұғымдарын түсініп,ажыратуды. |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген