Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тіл - асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тіл – асыл қазына

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың еліне, ұлтына,тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір қасиетін бойларына дарыту.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Біздің сабағымыздың тақырыбы: «Тіл – асыл қазына» . Балалар қалай ойлайсыңдар біз не туралы айтамыз?

Дұрыс айтасыңдар, біз өзіміздің ана тілімізде сөздер үйреніп, ойындар арқылы тіл байлығымызды дамытамыз. Тіл мәдениетін сақтай білуге үйренеміз. Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

Балалар қазір өлең тыңдаңдар.

Тіл туралы. (Әбділда Тәжібаев)

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Тілсіз хайуан – бейшара,

Бейшараға не шара?
Осы өлеңнің мағынасын қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды топ болып бөлініп, айтамыз.

Топқа түстер бойынша бөліну.

1 тапсырма «Мақал – сөздің атасы» Мақалдың басы айтылады, балалар мақалды аяқтау керек.

1 топ:
Тіл тағдыры – (ел тағдыры)
Сәлем – сөздің (анасы)
Өнер алды – (қызыл тіл)

Тіл қылыштан... (өткір).

2 топ:
Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).
Тілден артық... (қазына жоқ).
Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі... (ой өсіреді).
Жыланның уы тісінде, Адамның уы... (тілінде).

2 тапсырма. Аз берілген уақыт ішінде сұрақтарға тез жауап беру керек.

1 топ:

1.  Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
3. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
4. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
5. Қазақстан жерінен өткен жол.
6. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім?
7. Әнұранның авторларын атап бер.
2 топ:

1. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

2. Әліппенің атасы кім?

3. Қазақстан Республикасында Ата Заң мерекесі қашан?
4. «Абай жолы» романының авторы кім?

5. Қазақстанда 2017 жылы халықаралық қандай көрме өтеді?

6. «Көзімнің қарасы» өлеңінің авторы кім?

7. ҚР мемлекеттік Туының авторы кім?

3 тапсырма. «Бейнелі сөзге бейімді бол» тұрақты тіркестердің мағынасын ашады.

1 топ:
1 Тауы шағылу
2 Тепсе темір үзер
3 Аузының суы құру

2 топ:
4 Күлін көкке ұшыру
5 Тасы өрге домалау

6. Төбе шашы тік тұрды

4 тапсырма. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Оқушыларға 3 әріптен беріледі, берілген сұрақтардың жауабы сол әріптерден басталуы керек. А, С, М.

Қол не үшін керек?
– Қай қалада тұрасыз?
– Далада ауа райы қандай?
– Қай пәннен сабақ бересіз?
– Сіз музыка тыңдайсыз ба?
– Үйге кіммен қайтасыз?
– Мында неге келдіңіз?
– Қандай тағамды ұнатасыз?
– Сіз үшін өмірде не қымбат?

Ой толғаныс. Психологиялық тренинг. Қағаз лақтыру.

  • Балалар, сендер өз достарыңа не тілейсіңдер, соны қағазға жазып, бір-біріңе лақтырасыңдар, мен қашан болды деймін, сол кезде алып оқисыңдар.
    Рефлексия. Бүгінгі сабақта не ұнады? Не ұнамады? Қай тапсырма қиындық туғызды?











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
899
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12