Материалдар / Тіл - халықтың жаны

Тіл - халықтың жаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілдер күніне арналған сайыс сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2021
657
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл – халықтың жаны 24.09.2020 ж



«ШАҢЫРАҚ» ОҚУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ «КӨШБАСШЫЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 - 9 - СЫНЫП АЯСЫНДА «ТІЛ – ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: Қашықтықтан онлайн «Zoom» бағдарламасы

ӨТКІЗІЛЕТІН КҮНІ: 24 қыркүйек, сағ. 11.00

ҚАТЫСАТЫН: Оқушылар

ЖОСПАРЫ:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ

а) оқушылармен амандасу

ә) оқушы назарын сабаққа аудару

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Енді, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І кезең «Сәлем - сөздің атасы»
ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр»
ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»
ІV кезең «Ойлы болсаң, тауып көр»

ІІІ . ҚОРЫТЫНДЫ: марапаттау






















Мақсаты: оқушылардың білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылыққа білеттерін дамыту.

Көрнекілігі: слайд

Формасы: сайыс

І топ «Болашақ тобы, ІІ топ « Ұлағат» тобы ,

Айнұр:

А рмысыздар, алқалы жұрт көз көрген,
Құралсыншы ойларыңыз інжу - маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін, байлығын да көрсетер
Алдыңызда тіл сайысы - «Тіл – халықтың жаны»

Айнұр:Бүгінгі сайыс сабаққа 8-9 - сынып оқушылары топқа бөлініп қатысады.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да - осы тіл. Ең ащы да - тіл, ең тәтті де - тіл. Қазақ тілі - дүние жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі. Соның ішінде мақал - мәтел үлкен орын алғандықтан бүгінгі ойын көбіне сол төңірекке арналған.


Беташарын додамыздың бастайық,
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.
Ортамызды сайыскермен толтырып,
Қошеметпен отырайық қол соғып.

Ал енді, осы қатысушылардың қайсысы оза шабатынын, қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ - қазыларымызбен танысайық.

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Енді, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І кезең «Сәлем - сөздің атасы»
ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр»
ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»
ІV кезең «Ойлы болсаң, тауып көр»

ІІІ . ҚОРЫТЫНДЫ: марапаттау

Майра:Олай болса, І кезең «Сәлем - сөздің атасы». Үш топ өздерінің ұрандарын таныстырып өтуі керек. Сөз кезегін қатысушыларымызға береміз.

І топ «Болашақ тобы, топ басшысы;

ІІ топ « Ұлағат» тобы, топ басшысы;
ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр». Бұл кезеңде мықтылықтарыңды көрсетесіңдер. Бұл жерде тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашасыздар...
1) Құлын, ат, тай, жылқы. (таңба басқандай) алыс
2) Жылқы, қой, түйе, сиыр.(аузынан шөп алмас) момын
3) Сүйек, қаңқа, ит, қасқыр.(терісін басына қаптау) ұрысу

4) Қолқа, көмекей, өңеш, тамақ (созды) өңешін созды ұрысу
5) Аймақ, жер, таяқ, күн (тепсінді) қатты ұрысты
6) Діңке, сілікпе, емеурін, ынта (құрыды)

7) Апшы, тапшы, ет, жұмыртқа (қуырды) апшысын қуырды

8) Бөрік, тақия,қалпақ, орамал (аспанға лақтырды) бөрігін аспанға лақтырды












Майра: Додаға түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар ма?!
Бұл бәйге - ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға - сол алда!

ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» бұл кезеңде мақал-мәтелге қаншалықты жүйрік екенімізді байқатамыз. Тапқан сөзді үш тілге аударып, аудармасын айтуымыз керек.

  • ………. – инемен құдық қазғандай

  • Оқу, учеба, study

  • Оқусыз ……. жоқ , білімсіз күнің жоқ

  • Білім, знание, knowledge

  • Ашу дұшпан, ақыл - ………

  • Дос, друг, friend

  • Не имей сто рублей, а имей сто ………

  • Друзей, досың, friends

  • Білекті бірді жығады , білімді ….. Жығады

  • Мыңды, тысяч, thousand



ІV кезең «Ойлы болсаң, тауып көр»

Бұл кезеңде берілген мақал-мәтелді толық аудару керек.

Тазалық- денсаулық кепілі

Чистота –залог здоровья

Не ексең, соны орасың

Что посеешь ,то и пожнешь

Отан - оттан да ыстық

Родина –жарче огня



Қорытынды:

Өзге топтан алға оза шапқан. Тілге жүйрік, сөзге шешен екенін танытқан. Қазақ тілінің қадір қасиетін бағалай білген Болашақ тобы сөзмергені деген атақ берілді.






















































Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп – интернатының 8 - 9 - сынып аясында қашықтықтан «Тіл – халықтың жаны» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының

ХАТТАМАСЫ

Қатысуға тиісті- 6

Қатысқаны- 6

Күн тәртібінде:

  • Оқушыларға тілдер мерекесіне орай өткізілетін «Тіл - халықтың жаны» тақырыбындағы тәрбие сағаттың мақсатымен және жоспарымен таныстыру;

  • Тақырып аясында оқушылармен жоспарлы жұмыс жүргізу.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі А.Жиенбаева сөз алып оқушыларды «Тіл – халықтың жаны» тақырыбындағы топтық сайыс сабағының жоспарымен және жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып өтті. Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне орай сайыс сабақ өткізілді. Сайысқа 8 – 9 - сынып оқушылары 2 топқа бөлініп қатысты. Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да - осы тіл. Ең ащы да - тіл, ең тәтті де - тіл. Қазақ тілі - дүние жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі. Соның ішінде, мақал - мәтел үлкен орын алғандықтан бүгінгі ойын көбіне сол төңірекке арналған. Сайыс сабақтың кезеңдерімен таныстыру үшін сынып тәрбиешісі М.Серікбай сөз алып, сабақты жүргізді.

Сайысқа 8 – 9 - сынып оқушылары 2 топқа бөлініп қатысты. Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да - осы тіл. Ең ащы да - тіл, ең тәтті де - тіл. Қазақ тілі - дүние жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі. Соның ішінде, мақал - мәтел үлкен орын алғандықтан бүгінгі ойын көбіне сол төңірекке арналған.

І кезең «Сәлем - сөздің атасы» кезеңінде әр топ өзінің әнұранын айтып, қарсы топқа сәттілік тіледі. І топ «Болашақ тобы, топ басшысы - Үсіпбекова Ақниет. ІІ топ «Ұлағат» тобы, топ басшысы – Ғанибек Мария

ІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінде тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашып, екі топта белсенділік танытып отырды.

ІІІ кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңінде мақал-мәтелге қаншалықты жүйрік екенін байқатады. Тапқан сөзді үш тілге аударып, аудармасын айтады. Бұл кезеңде ұпайы жағынан аз болған «Ұлағат» тобы - 8 «а»-сынып оқушылары.

ІV кезең «Ойлы болсаң, тауып көр» кезеңде берілген мақал-мәтелді толық аударып, барлық тапсырмасын толық орындаған «Болашақ» тобы - 9 «Ә»-сынып оқушылары жеңімпаз атанды.

Сайыс соңында «Болашақ» тобы І орынмен, «Ұлағат» тобы ІІ орынмен марапатталды.



ХАТШЫ: Д.ҚАЛМҰРАТ















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ