400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тіл - ұлттың жаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл - барлық халықтың жүрегі. Тілдің бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілімен мақтанып қана қоймай, оны дамытуға жұмыс жасап, сол тілді жетік меңгеруі шарт. Тіл – әр елдің ең асыл құндылығы деп білемін. Тіл нағыз қатынас құралы. Мемлекет болып қалыптасқанда елдің өзіндік территориясы, заңы және міндетті түрде сол елге тән өзінің ана тілі болады. Тіл болмаса жеке мемлекет ретінде қалыптаса алмайды. Тілдің өлгені – ұлттың да өлгенімен тең.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл – ұлттың жаны

Тіл - барлық халықтың жүрегі. Тілдің бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілімен мақтанып қана қоймай, оны дамытуға жұмыс жасап, сол тілді жетік меңгеруі шарт. Тіл – әр елдің ең асыл құндылығы деп білемін. Тіл нағыз қатынас құралы. Мемлекет болып қалыптасқанда елдің өзіндік территориясы, заңы және міндетті түрде сол елге тән өзінің ана тілі болады. Тіл болмаса жеке мемлекет ретінде қалыптаса алмайды. Тілдің өлгені – ұлттың да өлгенімен тең.

Мысалы, кезіндегі орхон жазулары, руна жазулары бүгінгі түркі халқының тарихын ашып беріп отыр. Біздің де тіліміз өлмесе, ертеңгі күні үлкен мәнге ие боларына сенімдімін. Десек те, өкініштісі туған тілімізді бұрмалап, араластырып сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Өзгелерге еліктеп, өз ана тілімізде сөйлей алмайтын немесе орыс тілді бауырларымыз жоқ емес. Тіптен қазақ пен қазақ өзара орысша сөйлеп тұрғанына да куәміз. Тіпті бүлдіршіндеріміздің де тілінің орысша болуы таңғаларлықтай жағдай емес. Сол себепті де, өз тіліміздің қадір қасиетін жасөспірімдердің бойына сіңірту парызымыз! Бұрын, тіл қолданысының төмендігін Ресейдің қарамағында болумен, орыстандыру саясатымен түсіндіруге тырыстық. Ал бүгінде егемен ел ретіндегі мемлекеттік тілдің хәлі қандай? Орыстандыру саясатынада қарамай, алаштың арыстандай зиялылары үкіметке қарсы шықты. Бар өмірлерін тілдің дамуына, тілдің жойылып кетпеуіне арнады. Кейінгі ұрпақ, мына бізге тіліміздің аман жетуіне тер төкті. Кеңес үкіметі кезіндегі заман қиындығына қарамастан ақтық демдері шыққанша әрекет етті. Ал толықтай тәуелсіз ел атанған бүгінгі Қазақстанның жас буыны не деп сылтау айта алады? Ел келешегі тек қана экономикалық жетістіктермен ғана емес, мәдени-рухани байлығымызбен де айқындалатынын ұмытпаған жөн. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында, қазіргі уақытта тіл мәртебесін көтеру үшін көптеген іс шара, жұмыстар жүргізуді жеделдету қажет. Әр ел өз азаматын жастайынан тәрбиелеу, баулу - ұлт болашағына құйған инвестиция деп ойлаймын. Тіліміз - атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалатын баға жетпес мұра. Ана тіліңді білу, құрметтеу сіздің өз еліңізге, жеріңізге, отаныңызға деген сүйіспеншілігіңізді көрсетеді, патриоттық сезіміңізді арттырады.




Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 11 класс оқушысы

Көлтаева Інжу Нұрлыбекқызы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.06.2025
129
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі