№50 «Алтын бесік» балабақшасы МКҚК
Бекітемін:
№50 «Алтын бесік» б/б меңгерушісі
Г.А.Есенаманова
«Тіл – ұлттың жаны»
Тілдер мерекесіне арналған сценарий
Тәрбиешілер арасындағы сайыс
Өткізген: музыка жетекшілері
Мақсаты: Педагогтар арасында мемлекеттік тілді құрметтеу, сыйлау, ана тілдерін қастерлеу сезімдерін қалыптастыру. Сөздік қорларын байыту, іскерлікке дағдыландыру. Ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді дұрыс қолдана білу, ұғыну, түсіну ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер,тіл туралы мақал-мәтелдер жазылған плакат
Тіліміз дүние жүзіндегі ең сөздік қоры бай,
бейнелі де бедерлі, көркем де кестелі
тілдердің бірі екені бәріңе де аян. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі,
өрнегін сендей сала алмас», — деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым
еткен де осы қасиетті тіліміз.
«Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім».
Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі –
тіл. 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламенті
«Тіл туралы» заң қабылданды. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады,
атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Ол талай тарих
сырынан өтті.
Құрметті ұстаздар
бүгінгі тіл мерекесіне
орай өткелі
тұрған бұл
сайысымыз
«5 -
қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері мерекесіне»
қосылатын кішкене ғана үлес. Осы «тіл мерекесі құтты болып,
мәртебесі биік болсын» деген тілекпен, сайыскерлерге сәттілік
тілейміз! Енді ұстаздарымызды 3
топқа бөлініп, сайысқа түседі. Сондықтан сайысты
бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
1. "Ана тілім - мерейім" жыр шумақтарын мәнерлеп оқу
2. "Ана тілі - білімнің кілті" (сұрақ-жауап)
3. "Тіл - жұтамас байлық" (Бәйге сұрақтары)
4. «Мақал – сөздің мәйегі»
5. «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез» (сөз тіркестері)
6.
"Кім жылдам, кім шапшаң?"
(жаңылтпаш)
Жүргізуші: Туған тілім бабам тілі өз тілім,
Туған тілім анам тілі өз тілім.
Туған тілім далам тілі өз тілім,
Туған тілім адам тілі өз тілім.
Көк аспанда қанат қағып ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да.
Өз тілінде кісінейді құлыншақ,
Деген кім бар: өз ұстанба,- дей отырып біз топтарға сөз берейік.
Қатысушылар "Ана тілім - мерейім" бөлімінде ана тілі туралы өлеңдер
оқиды.
Жүргізуші: Енді,"Ана тілі - білімнің кілті" бөлімінде "Қазақ тілі"
- деп аталатын грамматикалық сұрақтарға кезек берейік."Қазақ тілі"
деген жазудан әрбір оқушы бір әріп таңдайды. Ондағы жасырылған
сұрақтарға жауап береді.
Қ - Халық ауыз әдебиеті.
1. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?
2. Еңбек туралы мақал - мәтел айт
3. Жаңылтпаш айт
А - Қазақ әдебиеті.
1. Абай (Қ) "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін жатқа айт.
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата.
3. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады.
З - Қазақстан тарихы.
1. Ата заң қашан қабылданды?
2. Тәуелсіздік күнін қашан тойлайды?
3. Алғашқы "Алтын адам" қайдан табылған?
А - География
1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі)
2. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
3. Қазақстанда қанша облыс бар?
Қ - Қазақ тілі.
1. Көп тілді білетін адам кім?
2Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
3. Сөз таптарын атап бер.
Т - Қасиетті сан
1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата
2."Үш бәйтерек" кімдер?
3."Бес арысты" ата
І Сен білесің бе?
1. Қазақтың атақты балуаны?
2."Айша бибі кесенесі қайда орналасқан?
3. Шыңғыстауда(Семейде) қандай атақты адамдар туған?
Л -
Полиглот жұмбақ
1. Асқар тауда қара орман(шаш - волосы - хеir)
2. Қимылдаса қос шебер, Қыруар - қыруар іс өнер (қол, рука,
hand)
3. Жүзіне салсаң көзіңді, көрсетеді өзіңді (айна, зеркало,
mirror)
Жүргізуші: Бәйге
сұрақтары. Сайысымыздың соңғы ІV-кезеңі –
«Тіспен түйгенді тіл шешеді» бөліміне жеттік. Бұл бөлімде ұшқыр
ойымызды көрсетіп берілген сұрақтарға тез жауап беруіміз
қажет
1. Өнер алды не? (қызыл тіл)
2. Ең бірінші бақытым.... (халқым)
3. "Үш бәйтерек дегеніміз кім? (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
4. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды? (бәйге)
5. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997 ж. 11 - шілде)
6. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы?
(құран).
7. «Мықты» сөзінің синонимін
ата?
8. «Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп, теп – тегіс жұмыр келсін
айналасы» кімнің сөзі?
1. Үш биді ата? (Қазыбек би,
Төле би, Әйтеке би)
2. Тілдің ең негізгі қызметі? (сөйлесу қарым - қатынас
жасау)
3. Қазақ даласында алғаш
мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы.
4. Мәңгілік өмірді аңсаған кім?
5. Қазақстан Республикасының ресми тілі?
6. Абайдың бес жаман ісі не?
7. Жігіттің үш жұртын ата?
8. Өлеңмен жазылған шығарма қалай
аталады?
1. "Қызыл" сөзі қай сөз табына
жатады? (сын есім)
2. Ашу дұшпан -... (ақыл дос)
3. 5 –қыркүйек қандай
мереке?
4. Әріптердің рет – ретімен тізілген жиынтығы?
(алфавит)
5. Киіз үйдің неше бөлігі бар,
ата?
6. Ертөстіктің жылқысының атын ата? (Шалқұйрық)
7. Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстырған ақын? (Қадыр
Мырзалиев «қазақ осы»
8. «Қыздың жиған жүгіндей» тұрақты тіркес қандай мағынаны
білдіреді? (
Жүргізуші: "Мақал сөздің
мәйегі"
1. Жеті рет өлшеп...(бір рет кес)
2. Тіл
тас жарады,...(тас жармаса бас жарады)
3. Тіл - жұтамас...(байлық)
4.
Көп тыңда... (аз сөйле)
5. Өнер көзі -... (халықта)
6. Ана тіліңді ұмытқаның -... (өз ұлтыңды
ұмытқаның)
7.
Ақыл азбайды... (білім тозбайды)
8. Өнерлі...(өрге жүзеді)
9. Жақсы тауып айтар, (жаман қауып айтар.)
«Білімдіден шыққан
сөз талаптыға болсын кез» деп аталады. Бұл кезеңде біз берілген сөз
тіркестерінің мән – мағынасын
ашамыз.
1.
«Ит арқасы қиянда» – алыс
2. «Қоян жүрек» – қорқақ
3. «Тісінен шығармау» – айтпау, сөзді жаймау
4. «Бармағын тістеу» – өкіну
5. «Жүрегі жарылу» – қуану
6.
«Салы суға кету» – көніл –күйі түсу
7. «Ит өлген жерде» – алыста
8. «Көзінің майы таусылды» – қарап шаршады
9. «Қас пен көздің арасы» – лезде,шапшаң, тез
10. «Тас бауыр» – мейірімсіз
11. «Жүзі жылы» – мейірімді
12.
«Тайға таңба басқандай» – анық
13. «Аяғының басына қарау» – ұялу
14. «Көз ілмеді» – ұйқысыз таңды атырды
15. «Азар да безер болды» – сасқалақтады
16. «Түн ұйқысын төрт бөлді» — ұйықтамады
Жүргізуші: Ендеше біз "кім
жылдам, кім шапшаң" ойынын ойнайық. Мен сендерге 2 мәрте
жаңылтпашты қайталап айтамын, ал сендер соны 3 мәрте үздіксіз жатқа
айтасыңдар.
1. Аспан ақ па?
Ақ қар ақ па?
Ақ қар ақ,
Ақ парақ па?
2.
Ал же,
Же бал.
Бал же,
Жеп ал.
3. Қанша ана сана
Шана шөп келді.
Құрметті
ұстаздар!
Біз
осымен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Ал енді біз
әділқазыларға сөз берейік.
Марапаттау рәсімі.
Жеңімпаздарды анықтау.
Қорытынды.
Мұғалім: Ана тіліміз қазірде үлкен өріске жол тартты. Дегенмен "Ана
тілі - қазақ тілі" деген сөзді қағазға емес, көкірегімізге жазатын
уақыт жетті. Олай болса, біздің мақсатымыз - Ана тілімізді
қадірлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.
Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі
озық тілдермен теңдесе алатын ана тілің бар екенін
ұмытпау
керек!
Ана тілінің көсегесін көгертіп, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі
жерде өзімізге байланысты. Оқу - білім, еңбек жолында ана
тілінің қамқоры бола білейік!
«Тілім менің болмаса, не етер едім,
Өмір бойы мәңгүрт боп өтер едім.
Егеменді ел болдық, байрағымды
Мақтанышпен жоғары көтеремін».
Мұралардың ең қымбаттысы сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді
шалады. Күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да нәрсе де
тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі
жасайды.(Ғ.Мұстафин)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тіл - ұлттың жаны

шағым қалдыра аласыз