400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Тіл – әр ұлттың байлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: тілдер мерекесінің мәні, ерекшелігі туралы түсінік беру, оқушылардың логикалық ой-өрісін, сөйлеу қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, оқушыларды туған жерін, елін, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шымкент қаласы

«Гагарин атындағы №34 жалпы орта білім

беретін мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Махамбетжанова Замира Атахановна



Тіл – әр ұлттың байлығы

Мақсаты: тілдер мерекесінің мәні, ерекшелігі туралы түсінік беру, оқушылардың логикалық ой-өрісін, сөйлеу қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, оқушыларды туған жерін, елін, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: сыныптан тыс шара. Сайыс бір сынып ішіндегі екі топ оқушылары арасында өткізілді. Сонымен қатар сыныптағы әр ұлттың балалары өз тілінде тақпақ айтып, өлең шырқады, би биледі, ұлттық ойындар ойнатылды. Шараның барысы:

1-бастаушы: - Қош келдіңіздер, құрметті достар!

2-бастаушы: - Добрый день, дорогие друзья!

3-бастаушы: - Good afternoon, dear friends!

1-бастаушы: - Құрметті оқушылар! Бүгін біз тіл мерекесіне арналған іс шарамызды өткізгелі отырмыз.

2-бастаушы: - 5 сентября – День языков народа Казахстана. И сегодняшний праздник мы посвящаем этому событию.

Мұғалім: - 5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні, елімізді мекендейтін барша халық тілдерінің мерекесі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, ағылшын тілі – техника тілі дей отырып, «50 бәсекелес» елдің қатарына қосылу үшін үш тілде дұрыс сөйлей білуіміз керек. Біздің мектепте,тіпті, осы сыныпта бірнеше ұлт өкілдерінің балалары бар. Бүгін біз олардың тақпақ, әндерін тыңдап, билерін тамашалаймыз, ұлттық ойындарын ойнаймыз.

1-оқушы:

Қазақ тілім – шам-шырағым алдағы,

Сайрайтұғын бұлбұл құсым таңдағы.

Қастерлейді оны мәңгі ұл-қызы,

Сонда тұр ғой ұлтымыздың бар бағы!

2-оқушы:

Қазақ тілі жол ашты

Халықты танып-білуге.

Білмегендер адасты,

Айналар түбі шіруге.

3-оқушы:

Родной язык! Он с детства мне знаком,

На нем впервые я сказала «мама»,

На нем клялась я в верности упрямой,

И каждый вздох понятен мне на нем. Родной язык!

Он дорог мне, он мой.

На нем ветра в предгорьях наших свищут,

На нем впервые довелось услышать

Мне лепет птиц зеленою весной.

Ортаға сайысқа қатысатын топтар шақырылды. Әр топ өзін-өзі таныстырады.

1-тапсырма. «Қос тілің – қос қанатың» аударма ойыны.

ЕСТЬ ... МЕН ДЕСЯТЬ БАЛК ... Я СУПЕР ... ОГРОМНЫЙ КРУГО ... МОЗГ КО ...ССИЯ МЫСЛЬ ПОК ... РЫДАНИЕ БА ... МНОГО ... ОКО

2-тапсырма. Сайыс кезегі жұмбақ шешуге беріледі.Екі топ өздерінің дайындап келген жұмбақтарын жасырып, оны қарсыласы шешеді. Шешуін орысша,қазақша, ағылшынша айтулары керек.

3-тапсырма. «Мені әңгімеле» тапсырмасы бойынша сурет арқылы жүргізіледі. Екі топ ойыншыларын мазмұндас түрлі-түсті сурет беріледі, уақыт белгіленеді.

4-тапсырма. Сын есімдерді қазақ, ағылшын тілдеріне аудару. Вкусный – дәмді – tasteful; Сладкий – тәтті – sweet; Теплый – жылы – warm; Холодный – суық - cold; Горячий – ыстық - hot.

5-тапсырма. «Дұрыс па? Бұрыс па?» ойыны.

Шарты: Сұрақ оқылады, дұрыс болса – бір рет, дұрыс емес болса – екі рет шапалақтайды.

1. Бірінші қыркүйек – Білім күні.

2. Сендер екінші сыныпта оқисыңдар ма?

3. Оқу жылы жазда басталады.

4. Мен №34 мектепте оқимын.

5. Кімдер? Кітаптар.

6. Моя школа. Менің мектебім.

7. Күз айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

8. Бүгін тіл мерекесі ме?

6-тапсырма.

Әрі оқу, әрі ойын ( сөз айтысы). родник – бұлақ, старик – шал, ухо – құлақ. мед – бал. борода – сақал, язык – тіл, пословица – мақал. слон – піл. нация – ұлт, день – күн, облако – бұлт; ночь – түн. слово – сөз, берег – жаға, глаз – көз. оценка – баға.

Мұғалім: - Әр адам өзінің ана тілін құрметтеуі, аялауы керек.Біздің сынып көп диаспоралы. Сыныпта қазақ, орыс,украин, татар, армян, корей ұлттарының өкілдері бар.Қазір олар өз ана тілдерінде бізге тақпақ, ән айтып, би билеп береді.

(Сонымен қатар оқушылар өз ұлттарының костюмдерін киіп, ұлттық ойындар ойнатылды).

Мұғалім: - Сонымен, балалар, бүгін біз Қазақстанда тұратын кейбір диаспоралардың әнімен, өлеңімен, биімен,ойынымен таныстық. Біз олардың әдет-ғұрыпын,дәстүрлерін қадірлеп, сыйлауға тиістіміз. Қазақстан халықтарының тату-тәтті, дос болып өмір сүрулеріне бізде өз үлесімізді қосуымыз керек.

Мұғалім сайысты қорытындылады, қазылар алқасы жеңімпаздарды хабарлады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.05.2024
205
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі