400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Тіл-Асыл байлығымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
заман өзгерсе де, адам өзгерсе де, тек бір нәрсе өзгермейтіні хақ: ол – ана сүтімен бойымызға дарыған, халықтың қандай қиындықтан өтсе де өзімен бірге алып жүретін басты байлығы – баба тілі, ана тілі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл. Анамыздың сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» – деп қазақтың біртуар перзенті, жазушысы, даңқты батыр Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұлт тілі – сол ұлттың қалыптасуы мен әрі қарай дамып, болашағы кемелдене беруінің басты қағидасы. Тілді ұмыту – мемлекеттің барлық құндылықтарынан, тарихынан айырылу деп санаймын.Иә, заман өзгерсе де, адам өзгерсе де, тек бір нәрсе өзгермейтіні хақ: ол – ана сүтімен бойымызға дарыған, халықтың қандай қиындықтан өтсе де өзімен бірге алып жүретін басты байлығы – баба тілі, ана тілі.Тарихқа аз ғана көз жүгіртсек, қазақ тілінің мемлекеттік, саяси ауқымы сонау патшалық отарлау заманы кезінен бастап-ақ төмендей бастағаны белгілі. Түрлі саяси өзгерістер мен ұжымдастыру жылдарында жіберілген қателіктер, ашаршылық салдары Қазақстандағы демографиялық процестердің қалыпты арнасын бұзып, республиканың ұлттық құрамына ықпал етті, сайып келгенде, мұның өзі қазақ тілінің дамуына орасан зор зиян келтірді. Міне, тарихи деректерден байқағанымыздай, басынан осыншама қиын-қыстау кезеңдерді өткерсе де, тілімнің болашағы – ұрпағымның болашағы деп, бабаларымыздың басын бәйгеге тіге отырып, бізге аманат еткен тіліміздің тұғырын биік ұстамау – ұлтқа сын.


Бүгінде жаһандану дәуірінде жас ұрпақтың алдында бірнеше тілді қатар меңгеру қажеттілігі тұр. Өзі өмір сүріп отырған заманның қарқынына ілесу, дамыған отыз елдің сапына түзелу үшін, әлемдік аренада өзіндік орны бар алып тілдерді меңгеру талабы тастай қағида болып тұрғаны бәрімізге мәлім. Осы жолда өзге тіл мен өз тілінің қадір-қасиетін ажырата білетін, басқа тілдерді жетік меңгере отырып, ұлт тілін биіктерге көтеретін кемел ұрпақты дайындау ұстаздар алдында тұрған үлкен міндет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қазан
296
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі