400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл болмаса- ұлт болмайды.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала. «Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тіліміз болмаса, ұлтымызда болмайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл болмаса- ұлт болмайды


Қарағанды қаласы

№73 НОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Исаинова Бактыгул Казыбековна


Тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы , ол сөйлеудің негізгі арқауы болып, ұлтпен - ұлтты татуластыратын ерекше құрал. Адам тіл арқылы бір-біріне өз ойларын,пікірлерін білдіріп әрекетке түсе алады. Қазақ халқының аяулы да ардақты тілі ғасырдан-ғасырға жалғасып, ата-бабаларымыздың салған сара жолымен дамып, тіл байлығын сақтап өркендеп келеді. Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 30-жылдық торқалы мерекемізде қазақ тіліміз де отбасында қолданылатын тілден жоғарылап, әжептәуір дамыды. «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді «Қазақ мемлекеті»- деп атайтын боламыз»,- деген Елбасымыздың салиқалы сөзі еріксіз ойға оралады. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру сіз бен біздің қолымызда.

«Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тіліміз болмаса, ұлтымызда болмайды. Сондықтан өз ана тілімізде сөйлеп, тіліміздің мәртебесін көтерейік! Баласының тілді меңгеруіне, өз тілінде еркін сөйлеуіне ата-ана ерекше ықпал етеді. Әр ата-ана ананың ақ сүтімен дарыған ана тілінде сөйлеуді үйретсе, бұл тілде қарым-қатынас жасаудың еш қиындығы болмайды. «Ана тілін - білмеген ақылы жоқ желік бас. Ана тілін - сүймеген халқын сүйіп жарытпас» деген сөздің мағынасы тереңде жатыр. Кей мекемелерде қазақ пен қазақ, әке мен бала, ұстаз бен шәкірт қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ. Қазақстанның Тәуелсіздігі Мәңгілік болу үшін өз ана тілімізде еркін сөйлеп, жоғары оқу орындарында ана тілінде оқып, ғылыми еңбектерімізді ана тілімізде қорғап, ешбір аудармасыз әлемдік деңгейге шыға білуіміз керек.

Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау -деп Ахмет Байтұрсынұлы меңзеген еді. Қазіргі кезеңде ғаламтор арқылы қарым-қатынас жасауда тіліміз шұбарланып, сөздері қысқартылып қолданылуда. Осындай іс-әрекеттер арқылы тіліміздің дәрежесі төмендейді. Ана тілі - халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі ,- деп Ж. Аймауытов айтқандай өз тіліміздің туын биік ұстап, әр қазақстандық өз үлесін қосуы керек. Мемлекеттік тілімізді дамыту үшін, азаматтарға қызмет көрсету кезінде қазақ тілі қолданыста болуы керек. Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғанымен, өз деңгейінде қолданысқа ие бола алмай отыр. Алған білімді күнделікті жұмыс барысында қолданбаса, жер жыртуға пайдаланылмай жатып қалған соқа сияқты оны да тот баспай ма? Мемлекеттік тіл білмейтін азаматтар, өз халқына адал қызмет ету үшін, тіл үйренуді парыз бен міндетке айналдырса нұр үстіне нұр болар еді. Қызмет көрсетуде құжаттарды қазақша нұсқада толтыру міндеттелінсе, тілге деген сұраныс пайда болып, тіліміздің қолданысы кеңейе түсір еді.Мысалы: күнделікті дүкеннен азық-түлік алу, дәрігерлік тексерістен өту, екпе алу кезінде қарым-қатынас өзге тілде жүргізіледі. Келісім шарттардың тек орысшасы беріледі. Әлде қазақша аудармасы жоқ па? Ол жағы түсініксіз... Жалпы мемлекетімізде қызмет көрсету,құжаттарды толтыру қазақшаланса дұрыс болар еді. Қай мекемеге барсаңда толтыратын құжаттардың тек орысша нұсқасы беріледі. Қазақша нұсқасын сұрасаң дайын болмай жатады. Ең бірінші күнделікті қолданыстағы қазақ тілінің дамуына көңіл бөлсек , бір-бірімізбен қазақша сөйлессек тіліміздің дамуына өз үлесімізді қосқан болар едік. Қазақ халқының бір-бірімен қазақша сөйлеспеуі олардың «қазақ тілін білмейді» деген ұғымды тудырмайды. Олардың барлығы да өз тілін біледі. Бірақ ескі әдеттен арылмаған қазақтар орысша шүлдірлегендеріне мәз болып жүр. Олар қаласа қазақша таза сөйлеуге мүмкіндіктері бар.

Ана тілі қанның, қиылған жанның, толқытқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек. (С.Торайғыров). Бірақ қазақ тілі - тек қазақ халқының тілі емес, барлық қазақстандықтардың ортақ тілі. Ортақ тілі болған соң олардың осы елде өмір сүру, жұмыс істеу, өзара қарам-қатынасқа түсу тілі боуы тиіс. Дүниежүзінің барлық елдерінде қалыптасқан қағида.

«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген Елбасымыздың сөзін есте сақтағанымыз дұрыс болар. Қазақ тілі өте бай, орамды, көркем тіл,тіліміздің өз дәрежесінде ғұмыры ұзақ болуы үшін күресе білейік те намысты қолдан бермейік!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі