6-7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Тіл дамыту» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.
Тіл дамыту- жеке тұлғаның әр түрлі жеке бас ерекшелігімен ойлай білу, дербес іздену, салыстыру, қорытынды жасау, сезім- түйсіктері, таным іс- әрекеттерімен тікелей байланысты болады.
«Тіл дамыту» - таңдау курсы. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады.
«Тіл дамыту» курсы 1 сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі:
аптасына 1 сағат, жылына 35
сағат жүктеме берілген.
Арнайы курс сабағы бастауыш сынып оқушыларына әрі қолайлы, әрі
тиімді.
Оқушының шығармашылық қабілеті мен сөйлеу тілін, ой ұшқырлығын дамытуға мүмкіндік беру. Оқу құралының тапсырмалары оңайдан біртіндеп күрделенуге қарай, оқушының өмірде білетіндеріне сүйеніп, ары қарай білуге мүмкіндік жасайтындай практикалық жұмыстармен қамтылған. Әріп тізбектері бұл-фонетикалық талдау. Әріп бейнесі ауызша оқып, көруге ғана емес, жазу арқылы есіне сақталмақ. Баланың өз бетімен жұмысы кеңістікте заттарды орналастыру, бастырып сызу,сызбаны өзінше аяқтау арқылы жазу, мөлшерлеу, іштей санау, салыстыру, дәлелдеу ,ойланып жұмыс жасау арқылы іске аспақ. Әріптің орнын табу арқылы сауатты жазуға үйрену. Сөзді табу, буынды ажырату. Сурет борйынша әңгімелеу арқылы сөйлеуге үйрену. Жатқа айтуға жұмбақты тез шешуге талпыну. Сұраққа жауап беру, пікір алмасу, ойды жалғастыру. Мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасында «Үздіксіз тәрбиенің негізі – жас ұрпақтың санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіруге бағытталған ұлттық тәлім – тәрбие» делінген .Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс - әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс - әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім – тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып,оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың,іс - әрекеттің субьектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің,сабақкезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Білім беру мақсаты:
Білімділік :
-
Бағдарламалық талаптарға сай білім – білік дағдыларын қалыптастыру;
-
Каллиграфиялық талаптарға сай сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
-
Қазақ тілі салалары бойынша білім – білік дағдыларын тереңдету;
-
Сөздік қорларын молайту.
Дамытушылық :
-
Ақыл – ойды , логикалық ойлауды дамыту;
-
Зейінін , қабылдау, қиялдарын дамыту.
Тәрбиелік :
-
Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу ортасын құру;
-
Ұлттық сана – сезімді қалыптастыру;
-
Отансүйгіштікке , елжандылыққа тәрбиелеу ортасын құру;
-
Адамгершілік асыл қасиеттерді бойға сіңіру.
Міндеттері:
-
Табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру;
-
Оқушылардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету;
-
Байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;
-
Үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.
Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
Білімі мен білігі бойынша:
-
әліпбидің қатарын жаттау;
-
дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру;
-
сөздердің мағыналарын ажырата білу;
-
сөйлемдерді тыныс белгісіне орай тиісті дауыс ырғағымен оқу білу;
-
сөз таптарын ажырата алу;
-
сурет мазмұнын айтуға жаттығу;
-
тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру;
-
жоспар, сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығу;
-
тыңдау, есту арқылы түсінгенін айтқызу;
-
түрлі жағдайларға байланысты әңгіме жүргізе білу;
-
тапсырма шарттарын түсініп орындау;
-
шағын өлең, мақал, жұмбақтарды жатқа айту;
-
сауатты жаза білуге дағдылану.
Оқушы білуі керек:
- Тапсырмаларды шапшаңдылықпен, тапқырлықпен, ізденімпаздықпен орындайды;
- Еркін ойлауға мүмкіндік алады;
- Ақыл-ойын дамытады;
- Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;
- Тіл байлығы жетіледі;
- Жан-жақты ізденушілігі артады.

Баяғыда бір жалғыз бала орманда өз күнін
көріпті. Ол күн сайын жұмыс жасайтын болыпты. Ол бір күні көп
ойланып:
«Мүмкін маған үйлену керек
шығар. Жасымда таяп қалыпты. Әкем мен анамды бір қуанту керек қой
не дегенмен. Мен қаладағы ата-анама хат жіберіп көрейін» дейді
бала. Оның ата-анасы мен ағасы оны орманға тастап кеткен екен.
Себебі, ол еріншек бала болған соң. «Бұл бала қатты еріншек болып
кетті. Бұл баланы орманға апарып тастайық. Мүмкін еңбекшіл болар.
Жыртқыш аңы жоқ орманға жіберіңдер» - депті ата-анасы осыдан 5 жыл
бұрын. Оның отбасы өте бай болыпты. Барлық қыз тек осы балаға күн
сайын бәліш, бауырсақ, сыйлық әкелсе де көңіл аудармапты. Бір күні
орманға бір айдай сұлу ханшайым келеді. Ол далада еңбек етіп жатқан
бір жас жігітті көреді де:
- Ей, жас жігіт. Бұл
орманда не істеп жүрсіз? – дейді ханшайым қыз. Сонда
бала:
- Бұл жаққа мені ата-анам
мен ағам әкеп тастады.
- Не үшін? - дегенде бала
қатты ұялып, жағдайын айта
алмайды.
- Ммм, жай - депті бала.
Сол кезде бала қызға қатты ғашық
болады.
- Менің үйіме жүр. Мен
сені тамақтандырайын. Қарның ашып қалған
шығар.
- Жоқ. Сен менің үйіме
жүр. Бірақ немен барамыз?
- Менде сиқырлы таяқ бар.
Кәне таяғым, бізді мына жас жігіттің үйіне апар – дейді қыз. Көзді
ашып жұмғанша қыз бен жігіт танысып үлгереді. Бала қызды
ата-анасымен таныстырып, дүркіретіп той жасайды. Осылайша екеуі
бақытты өмір кешіпті.
Тақырып бойынша берілген суретті боя. Әңгімеле.

А
рыстан
қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды
айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты
да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:
- Халіңіз қалай, тақсыр?- деп көңілін сұрады.
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік, - деді арыстан.
Түлкі:
- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - деп жүріп кетіпті.

Ө
ткен
заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі
де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен-бірі асқан сұлумын деп
бірімен-бірі үнемі
ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс
тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:
– Сенен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса:
– Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады. Ақыр
аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден
ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап
алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып
қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа
шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн
қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу
біріне-бірі көрінбейді.

Е
рте, ерте,
ертеде сиқырлы көк теңіздің астында балықтар патшалығы өмір
сүріпті. Олар бір-бірімен өте тату-тәтті тұрыпты. Достықтарының,
еңбексүйгіштіктерінің арқасында басқа патшалықтарға да үлгі
болыпты. Барлық патшалық балықтар патшалығына қызыға қарапты.
Өйткені, балықтар күндіз тынымсыз еңбек етіп, кешке көңілді
сауық-сайран құрады екен. Олар теңіз бетіне шығып, әртүрлі
іс-қимылдар арқылы бидің түрлі тәсілдерін көрсетіпті. Би ырғағымен
әртүрлі әуендер салыпты. Сол әдетпен тағы да балықтар теңіз бетіне
шығып, ән салып, би билеп думандатады. Оны естіген құбыжық теңізге
келіп, шад-шадыманға бөленіп жүрген балықтарға тап беріпті.
Көптеген балықтар құбыжықтың құрбаны болыпты. Ал, қалғандары теңіз
астындағы өз патшалықтарына қашып құтылыпты. Бірақ, содан бері
олардың ешқайсысы қатты қорыққаннан болар сөйлей алмай қалыпты.Одан
кейін де қанша жылдар өтсе де, сол сөйлемеген күйі сөйлемей қала
беріпті. Бірақ, балықтар сөйлемесе де бір-бірімен қанаттарының,
құйрықтарының, желбезектерінің көмегімен түсінісетін болыпты. Міне,
балықтардың неге сөйлемейтінінің сыры осындай оқиғалардың
салдарынан ба деп
ойлаймын.

Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
- Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
- Мүмкін емес,— дейді.
- Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
- Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?-деп мақтанады.
- Я, сен шынында да айбарлы екенсің,- деп алданған жолбарыс жайына кетеді.

Б
ір күні екі
дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға
келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп
жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген
адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып
кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю
кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына
келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?»
дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда
қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді,
айтты» дейді.
Өз бетіңмен орындап көр.

Е
рте, ерте, ерте
екен,
Ешкі жүні бөрте
екен.
Қырғауылы қызыл
екен.
Құйрық жүні ұзын
екен.
Қырғауылы
қырқылдап,
Жалтыр мұзға
сыртылдап,
Алшая келіп
қоныпты,
Шаты айрылып
қалыпты.
Қисая жатып
қырғауыл
Сонда мұздан
сұрапты:
- Мұз, мұз, сен неден күшті
болдың?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тіл дамыту

шағым қалдыра аласыз