Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры

Материал туралы қысқаша түсінік
тіл туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры

Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сағынышы, онда дәм де, мән де болу керек.

С.Торайғыров

Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Тіл-қоғамдық қарым-қатынастың ең басты құралы. Тіл ақпаратты сақтау, жеткізу және өңдеу қызметін де атқарады. Болмыстың негізі тіл арқылы атауға ие болады және ол тілде бейнеленеді. Тіл-қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге адамзат ақыл-ойының қайнар көзі, үнемі дамып, толығып отыратын үзілмес қоры. Немістің тілтанушысы фон дер Габеленц « Тіл - менің әлемге қарайтын рухани көзім» - депті.

ХХІ ғасырдың басындағы қазақ тілі дегенде біздің ойымызға қазіргі қазақ тілінің қарама-қарсы екі күйі оралады. Біріншіден, қазақ тілі – көркемдігі және көлемі жағынан дүние жүзінде теңдесі жоқ, өзге ешбір халық жасай алмаған, аса бай эпиқалық-фольклорлық шығармалар жасалған тіл. Қазақ тілі-Еділада мен Шыңғыс хан құрған, аузымен құс тістеген, бүкіл дүние жүзін тітіреткен империялардың мемлекеттік тілі болған көне түркі және қыпшақ тілдерінің мұрагері. Қазақ тілі- әйгілі ғұламалар А.Иасауидің, М.Қашғаридің, Ж.Баласағұнидың, Абайдың, М.Әуезовтың, М.Жұмабаевтың өлмес шығармаларын дүниеге әкелген тіл. Қазақ тілі – тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Екіншіден, ХХІ ғасырдың қазақ тілі – заңды түрде мемлекеттік тіл бола тұра, іс жүзінде мемлекеттік істер жүргізілмейтін, экономикалық айналыста, өндірісті басқаруда, технологияда қолданылмайтын, ғылымда, саясатта, білім беруде, әскери қызметте ішінара қолданылатын, ережелері толық бірізділікке түсірілмеген, стильдері ажыратылмаған, орнықтылығы сақталмайтын, сонысымен түсініксіз, өзгелерге үйренуге қиын. Соған қарамай ұлттық тілдің қадірін қайтару керек. Ал, негізінде тіл мен тәуелсіздік бір-бірімен егіз ұғым.Тіліміз ғұмырлы болса, ұлтымызды ғұмыры да ұзақ болады.

Шыны керек, менің тілім-қазақ тілі болғанын мақтаныш етемін. Әр адамға өз тілінен артық тіл жоқ деп санаймын. Қай заманда да ата-бабамыз өткір тілді есті сөзбен ессізді тоқтатқан. Ақын-жырауларымыз сөзден ой-маржанын теріп, артындағы ізбасар ұрпағының санасына құя білген. Қазіргі таңда тілімізді шұбарлап, қорлайтын, өз тілі тұрғанда ұялмай басқа тілде сөйлегенді мақтаныш көретін үлкендер де, жастар да жетіп жатыр. Жастардың орыс тіліндегі сөздерді жиі пайдалануы шынымен, адамды ашындырады. Тәуелсіздік алғалы осындай мәселелер жиі көтеріледі. Тәуелсіздік – ұлттық қасиетті қадірлеуден басталса керек. Ал « Өзінің ұлттық қасиетін, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес»-деген М.Әуезовтің керемет дана сөзі бар. Расында да, өз тіліңнің сұлулығын сезінбей, өзге тілдің қадірін сезіну екіталай емес пе?!

Талай ақын, шешен бабаларымды бұлбұлша сайратқан, жарға соққан толқындай екпінді, наркескендей өткір тілімнің осынау уақытқа дейін тұншығып, қадір-қасиетінен айырылуға шақ қалғанда, қазақтардың көзі ашылып, қазақ тілін «мемлекеттік тіл» деп 1989 жылы 22 қыркүйекте жарияланды.

Қорытындылай келе, Тіл-өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу-әр қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады. Біз, болашақ жастар тіліміздің абыройын асқақтатамыз, биікке көтереміз деп нық сеніммен айтқым келеді.

Тіл тағдыры-ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Мен ана тіліммен, дана тіліммен мақтанамын және мемлекеттік тілді әр уақытта құрметтеймін.

Амирова Лаура Кадиртаевна

«Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп» КММ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2020
1103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12