жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тіл-халықтың жаны
Қайран біздің аналар...
Кешегі фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Талай ардақты азаматтар ел үшін жандарын пида етті.Ендігі айтарымыз соғыс жылдарындағы одан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру 1941-1951 жылдар аралығындағы қиындықтар кезінде елді ұстап тұрған ұлы күш - әйелдер болғаны дау туғызбаса керек. Өйткені, тек мал шаруашылығымен шұғылданып колхоздардағы жағдай өте ауыр болды.
Жетпейтін нәрсе көп. Киім де өте жұпыны. Өсіп келе жатқан қыз балалардың біркиіп шығатын көйлегі де болмағанын анамыз тірі кезінде айтып отырушы еді. Қызыл Армияға тамақ жіберу мақсатында, сиыр сауып сүттің майын жинау үшін жаз айларында сиырды үш рет сауу және бұзауын кезекпен өздері бағу, әйел-сауыншыларға 20-25 сиырға дейін, жас қыздарға 10-12 сиырдан бекіту зорықтырғандай жұмыс еді.
Анамыздың аты – Омарова Уазипа Қопайбайқызы. 1926 жылы туып, 2008 жылы сүйікті анамыз дүниеден өтті. Анамыз соғыс кездерінде көрген бейнетін әңгімелеп отырушы еді. Ерте тұрып, кеш жатып, тылда еңбек еткен. Қолхоздың үш мезгіл 25 сиырын уақтылы сауып, майын шайқап, жоспарды орындау үшін жандарын аямай еңбектенген. Таңғы сағат төртте тұрған анамыз сиырлардың арасында аз-маз көз шырымын алар-алмастан сиыр саууды жалғастыратындығын тілге тиек етіп айтып отыратын... Қайран менің анашым, арды ойлаған...
«Кызды қияға, ұлды ұяға қондырдым, арманым жоқ, бәріне ризамын», - деп отырушы еді. Анамның өлен шығаратын кездері болатын. Соғыста жүрген қайныларына арнап жазған өлеңдерін әнімен тамылжыта айтканды ұнататын...
Сағыныш
Жазғаным ақ қағазға қызыл сия,
Кез болды біздің сорға Германия.
Сағынып сарғайғанда барар едік,
Жер алыс болады ғой әлде қия.
Ақ күміс осы кезде жез болды ғой.
Арманды айта алмаған сөз болды ғой.
Өңкей жас мөлдереген, бәрі арманда,
Сұм жалған алдымызда кез болды ғой.
Бар шығар отыратын алтын тақтар,
Қолына к ім бір алса оны сақтар.
Сағынып бір құдайым өзі сақтар.
Кім біледі бұл мақсатқа жетеміз бе?
Өткелден аман-есен өтеміз бе?
Көре алмай бір-бірімізді арманда боп,
Жалғанда бұл дүниеден кетеміз бе?
Бәріміз бұл поштаға барамыз ғой,
Сіздерге арнап хатты жазамыз ғой.
Егер де сіздерден хат келген болса,
Қуанып, көргендей боп қаламыз ғой.
Қарағай қасында
Қарағай қасында,
Жүреміз осында.
Сағындық, бауырлар,
Қайтар кез жақын ба?
Ақ сұңқар сұр ма екен?
әдемі тұр ма екен.
Батыста бауырлар,
Дені сау жүрме екен?
Отанды қорғандар,
Еш жауға болмандар.
Сағынып, сарғайып,
Бізді ойға алмандар.
Гүлдей боп өсіндер,
Елге де жетіндер.
Қатесін, бауырлар,
Бәрін де кешіндер.
Ақ қағаз алғаным.
Көп екен арманым.
Сағынып, сарғайып,
Мен өлең жазғаным Анасының өлеңдерін жазған қазақ тілі мұғалімі:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген