Материалдар / Тіл кемшіліктерін түзетуде логопедтің көрнекі құрал ретінде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тіл кемшіліктерін түзетуде логопедтің көрнекі құрал ретінде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл кемшіліктерін түзетуде логопедтің көрнекі құрал ретінде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
562
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл кемшіліктерін түзетуде логопедтің көрнекі құрал ретінде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі


Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет.
Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Сөйлеу тілінде ақаулығы бар баланы білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс.
Көрнекілік әдісі – логопед сабақта тақырыпқа байланысты көрнекіліктерді (табиғи, жасанды, техникалық, дыбыстық және көрнекі құралдар) тілінде кемшілігі бар балалардың сөйлеу тілін дамытуда қолдана алады..

Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.

1. Оқу кітаптары – оқулықтар, ертегілер, көрнекі және техникалық құралдар, мультимедиялық бағдарламалар жатады.

2.Көрнекі құралдар: сериялы сюжетті суреттер, сызбалар, дидактикалық материалдар, әр дыбысқа арналған суреттер, ертегі кейіпкерлері, альбомдар, ұсақ моториканы дамытуға арналған жабдықтар, т.б.

3.Техникалық құралдар:үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б. Көрнекі әдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет,модельдер, зондтар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тәуелді. Бұлардың бәрі баланың сезім мүшелеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік және практикалық әдістермен бірге пайдаланады.

Көрнекілік – оқытуда заттар мен дыбыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көру, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық құбылыс. Көрнекілік логопедтердің шығармашылық ізденісі мен әдістемелік жаңалықтарға қарап, дыбыстарды меңгерту барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануда қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген. «Қазақ жастары» ғылым өнерді, кітап сөзі деп қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білулері керек деген.

Көрнекілік ежелден қолданып келе жатқан принцип, әсіресе балабақшада әр түрлі жас топтарда жиі қолданады.

Көрнекіліктердің түрлерін жасауда қандай талаптар қойылады?

1.Көрнекі құралда берілген материалдың мазмұны логопедтің бағдарламасына сай негізделіп, сөйлемдері ұзақ, мәтіндері ауыр болмауы керек.

2.Көрнекі құрал белгілі бір тілдік материалға арналып, соның негізгі белгілерін дәл көрнекі түрде көрсететіндей болуы керек.

3.Көрнекі құрал таза, әріптері анық, жазуы балаларға түгел көрінетіндей анық болуы керек (плакат, кесте, дыбыстарды қоюға арналған суреттер)

4.Материалдың негізгі белгілері (әріптер мен сөздер) қызыл сиямен жазылып, қалғандары жай сиямен жазылуы керек. Көрнекі құралды екі-ақ түрлі сиямен өте қажетті болған жағдайда ғана үш түрлі сиямен жазуға болады.

5.Көрнекі құралдарда шартты белгілерді орынсыз көп бере беруге болмайды.

6.Ондағы берілген мәтіндер мен мысалдардың тәрбиелік маңызы күшті, тақырыптық ғылыми өзгешеліктеріне лайық болғаны дұрыс. Қайшы пікір туғызатын мысалдар берілмеуі керек.

7.Оқушыларға тартымды және көрнекті болуы үшін оны көлемі кішкентай қағазға жасауға болмайды. Оған арналған қағаздың ұзыны 1 метр, көлденеңі 75 см болғаны дұрыс.

Сөйлеу тілінде кемшілігі бар тұлғаны оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігін арттыру үшін ең бірінші логопедтердің жаңа технологияны игерудегі білім деңгейін көтеру қажет. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бұл - қызықты, көлемді, баланың зейінін бір жерге шоғырландыра алатын, топпен және жеке балалармен жұмыс жасауға ыңғайлы, компьютер жүйесі арқылы жүзеге асады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа көрнекіліктерден басқа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.

Заман талабына сай оқу орындарын ақпараттандыру саласында интерактивті тақтамен сабақты түрлендіріп көрсету жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған орай логопедтер интерактивті тақтаны, деңгейлік оқыту технологияларын өз жұмыстарында қолданады.

Сөйлеу тілінде кемшілігі бар тұлғаны оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігін арттыру үшін ең бірінші логопедтердің жаңа технологияны игерудегі білім деңгейін көтеру қажет. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бұл - қызықты, көлемді, баланың зейінін бір жерге шоғырландыра алатын, топпен және жеке балалармен жұмыс жасауға ыңғайлы, компьютер жүйесі арқылы жүзеге асады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.

Көлеңкелі театр - Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке театрдың қойылымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді. Көлеңке театрдың сақнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді.

Саусаққаптық қуыршақтар - қатты бастан (папье-машье түрі бойынша) жасалған, өзіне желімденген немесе басқа тәсілмен жапсырылған костюмы бар қуыршақтар. Сұқ саусақ қуыршақ басының қозғалысына, ал ортаңғы саусақ пен бас бармақ болса қолдардың қозғалысына жауап береді. Саусаққаптық қуыршақтардың - қимылы мен қозғалысы әр түрлі қуыршақтар. Бұл қуыршақтар түрлі кейіп танытады, қылықтар көрсетеді, жылайды, күледі, ренжиді және басқа әрекеттер жасайды. Аталған қуыршақтар балалар қуыршақ театрында ертегілер көрсетуде және көптеген қойылымдар көрсетуде өте танымал.

Жалпақ жұқа қуыршақтар.

Қуыршақ денесінің бөліктері белгілі бір жазық пішінде қозғалатын болғандықтан осылай аталған. Қуыршақ пішінін қатты картоннан немесе фанерден жасайды. Әдетте қуыршақтың аяқтары олардың жазықтық бойымен қозғалысын қамтамасыз ететін түймемен немесе басқа әдіспен бекітіледі. Мұндай қуыршақтарды төңірегіндегілермен қарым-қатынасы қиынға түскен немесе мінез-құлқы ауыр, агрессиялық ақыл-есі кем балаларды түзету жұмысында қолдану кейде таңқалардай оң нәтиже береді. Талған қуыршақтың көптеген ауыртырмалы эмоционалдық перде-қаптамасының болуы мүмкін.

Жалпақ жұқа қуыршақтардың тағы бір түрі – ол қағаздан жасалған қуыршақ. Ол қатты қағаздан жасалған қыз баланың немесе ер баланың мүсініне ұқсайды. «Қағаз қуыршақ» ойынына дәл осылай қағаздан жасалған киім ілетін гардероб кіреді қосылады. Түзету-дамыту сабағы үшін «Қағаз қуыршақ» ойынын күнделікті тұрмыс, адамның қозғалысы, қоршаған орта және басқалармен толықтыруға болады. Мұндай ойында сәби ойынға қажетті кез-келген нәрсені өзі жасауы, оған қатысуы мүмкін: жыл мезгіліне қарай қуыршақты киіндіріп-шешіндіруге, онымен «серуендеуге» немесе онымен бірге «оқуға», өз қуыршағының достарымен «араласуға» және т.с.с. Қағаздан жасалған қуыршақты бала оның барлық гардеробы мен күнделікті пайдаланатын бұйымдарын өзімен бірге алып жүруіне болады, өйткені бұл бұйымдар кішкентай қорапқа (мысалы аяқ-киім салатын) сыйып кетеді. Қағаздан жасалған қуыршақтың басқалардан тағы бір артықшылығы – ол оны дайындау қарапайым әрі қымбат емес.

Арқаннан жасалған қуыршақтар бірнеше функция атқарады. Оны дайындау үшін тек арқанды пайдаланады. Одан негізді – қуыршақ кескінін жасайды, ал басқа қуыршақтың басы болып саналатын ілмекті жейдеге қадайды, ал қалған ілмектерді баланың саусақтарына кигізеді. Бала саусақтарын қозғалта отырып, қуыршақтың қимылын көрсетеді. Мұндай қуыршақтар ақыл-есі кем баланың араласуы қиын және өте тынышсыз кезінде жақсы көмектеседі.

Театралдық қуыршақтар, әсіресе қолғаптық қуыршақтар мен марионеткалар психологтар арасында кең танымалдылыққа ие, өйткені олар «қозғалыс» үшін жасалған және оларды дайындау өте оңай.

Жоғарыда аталған қуыршақтардың кез-келгенімен жұмыс істеу кезінде ақыл-есі кем балалар ұсақ моториканы дамытады, бұл олар үшін өте қажет. Оларда ойлау процесінің бұзылысымен қатар саусақтарының жіңішке моторикасын қосқанда, қозғалысының үйлеспейтіндігі, тым әсерленгіш, күштерін жұмсадағы жоспарлылықтың болмауы жиі байқалады. Ақыл кемістігі жеңіл деңгейлі балалар көзбен көрі және ұстау арқылы затты байқап біледі, ретсіз қимылдар жасайды, олар жұмысқа бірден екі қолын «қоса» алмайды, кей жағдайда тек бір ғана қолды жұмсайды.

Қуыршақ терапиясы сабағында әрбір бала қуыршақтың көмегімен өзі үшін ең асыл және маңызды болып саналатын заттар туралы айта алатындай жағдай жасалады. Сабақ шағын топтармен өткізіледі (4-6 адамнан), бірақ әр бала үшін жеке бағдарлама дайындалады. Мамандардың басшылығымен, балалар оның өзін мазалайтын, қалыпты дамуына кедергі болатын нәрселерді анықтау үшін және мінез-құлық кемшіліктерін жою жолын белгілеу мақсатындағы кішкене көріністер қояды.

Сабақ бағдарламасы екі бөлікке бөлінеді: диагностикалық және түзету-дамыту.

Түзету-тәрбиелеу мақсаттары:

  1. Баланың танымдық саласын дамыту;

  2. Эмоционалдық-ерік саласын дамыту;

  3. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;

  4. Қоршаған әлем туралы түсінігін байыту;

  5. Қозғалыс саласын, соның ішінде ұсақ моториканы дамыту;

  6. Тілді белсендендіру және дамыту;

  7. Үрейлер мен жағымсыз эмоциялардың пропедевтикасы.

Диагностикалық бөлік баланың қуыршақты таңдаған сәтінен басталады. Ұсынылған ойыншықтардың ішінен өзінен ұнағанын таңдаудың өзі көп нәрсені білдіреді, ал кейін одан оның қуыршағының қайда тұратынын, немен айналысқанды ұнататынын, кімнен қорқатындығын және т.б. жағдайлар туралы сұрау қандай да бір психикалық бейімділігін анықтауға көмектеседі. Ойынның дайындығы, еркін сөйлесі кезінде баланың мінез-құлқын бақылау клиникалық және тұлғалық диагностика үшін қосымша материал алуға мүмкіндік береді.

Әрі қарай ертегі сценарийін дайындау, қуыршақтарды жасау, декорациялардың суретін салу, музыкамен сүйемелдеуді таңдау, дайындық жасау сияқты тікелей шығармашылық процесі басталады.

Қуыршақтерапиясы бағдарламасының шарықтау шегі – ата-аналардың алдында қойылатын спектакль премьерасы.

Сабақ құрылымы: (40-60 минут).

1. Сабақтың басталуына сабаққа эмоционалдық-позитивтік көңілді орнату міндетін орындайтын сәлемдесу салты кіреді.

2. Бой жазу. Оның міндеті – физикалық және психикалық көңіл-күйінің инерттілігін түсіру, баланың бірігіп шығырмашылық жұмысымен айналысуға қызығушылығын арттыру және оның көңілін аудару, балалардың серіктестікте белсенді жұмыс істеуге ынталандыру.

3. Қуршақтарды жасау. Бала қуыршаққа ат қояды, ол туралы айтады (Қайда тұрады? Кіммен дос? Неден қорқады? Не туралы армандайды?).

4. Импровизацияланған спектакльді ойнату. Спектакльдің атауын таңдаймыз және оны талдаймыз, рольдерді бөліп береміз.

5. Соңғы бөлім. Өз қуыршағымызды өзіміз алуға болады, топтың ішінен буреуге сыйлауға да болады. Сондай-ақ бір-біріміздің қуыршақтарымызды алмастыруға да болады.

Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеуі керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістерін дамытады.[22;65]

Сондай-ақ балалардың бас миындағы сөйлеу орталықтарына дәрі-дәрмек арқылы ықпал ете отырып, олардың ұсақ қол моторикасын дамытамыз. «Саусақтармен ойнаймыз». Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функцияларының үлкен ықпал тигізетінін атап өтеді. Қоғамның пікірі қалыптасқандай, адамның қолы бас миынан «шығу жері» болып табылады. Көптеген ғылыми зерттеулер баланың ұсақ қозғалтқышын (саусақтық жаттығу) дамыту кезінде тілдің тез дамуын, ой-өрісін, келешекте хаттың қалыптасқанын көрсетеді. Демек, ұсақ қозғалтқышты дамыту бойынша жұмыс жиі түрде өткізілу қажет. Сонда ғана үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.  3-4 жастағы балаларға саусақтармен ойнау қызығушылықты туғызады (әсіресе егер олар әкесі мен шешесімен ойнаса). Баланың шаршауын алдын алу және қызығушылығын әрі қарай бекіту мақсатында міндетті түрде жеке тіл табысуды қолдаңыз және сабақтың ұзақтығы 15 минуттен аспауын бақылаңыз. Балаңызды «сіздің» ойынызды ойнауына мәжбүрлемеңіз. Сол ойынды қолдана отырып баланы қызықтыру кажет.    Алғашында үстелге немесе басқа затқа сүйеніп саусақ гимнастикасын жасау ұсынылады.Одан сон айқастырып кеуде бойында, саусақтық ойындардың ең қарапайым жаттығулардан бастау қажет, яғни: «Сорпаны тұздайық» (саусақтың ұштарымен қимылдатамыз); «Құстар» (құстар-саусақтар «тұмсығымен шұқиды», мысалы, берілген дыбыс бойынша сөздер); «Тұмсықтарды тазалайық» (балалар үлкен саусақпен жан жағынан бас бармақтың әр саусағын «тазалайды»). Кейін қиын ойындарға өтуге болады. Саусақтық ойындарды сөздік сүйемелдеу ретінде аз фольклорлық пішіндер саналады (шағын тақпақтар, санауыштар). Сөз сөйлеу ырғағы, әсіресе тақпақтар ырғағы қозғалтқыштың үйлесуін жақсартады, содан басқа, тақпақ арқылы дем алудың дұрыс ритмі қалыптасады, есту-сөйлеу қабілеті дамиды. Мысалы:

Ғажайып саусақтар.

Жалғыз үй тұр орманда,

«Қақпасы» оның жабық

«Көпірден өтпек» көрмекке

Сол үйге біздер бардық,

«Келді» бізге қонақтар

«Жайғасындар төрлетіп,»

Қазір «стол» құрайын.

«Орындықтар» қояйын

«Түлкі» келді су алып , шай қоюға,

«Қасқыр» келді ет алып , қуыруға.

Сәбізді ұстай қоян келді.

Оған лесіп жылан келді.

«Алма» арқалап кірпі келді.

Суын бүркіп ұлу келді.

Дастарханда жайылды,

«Кесеге »шәй құйылды

Тоқаштарды жәйіп сап,

Жақсы отырыс басталды,

Той –тойласып тасталды.

Тыныстау жаттығулары да баланың жақсы сөйлеуіне жақсы ықпал етеді:

Тыныс алу – автоматты, рефлекторлы түрде өтетін аса маңызды физиологиялық үрдіс. Жүйке жүйесінің тыныстық орталығы арқылы жүзеге асатын тыныс алу үрдісі үш фазадан тұрады: тыныс шығару, үзіліс және тыныс. Олар үздіксіз және ритмикалық тұрғыда бірінен кейін бірі кезектен жүреді. Тыныстың алғашқы фазасы тыныс шығару болып табылады. Ағзаның қалыпты жұмысына қажет ауаның жаңа мөлшерін алу үшін тыныс алу жолдарында оған арнап орын босатып қою қажет, бұл тыныс шығару арқылы жүзеге асады .

Дәстүрлі тыныс гимнастикасын сәтті игерудің негізгі ережелері:

- Ләззат ала отырып тыныс алған жөн, себебі жағымды сезімдердің өзі денсаулықты біршама жақсартады.

- Тыныс жаттығуына ерекше көңіл бөлген жөн, бұл оның жағымды жерін көбейтеді.

-Ағза ауамен толығуы үшін баяу тыныс алу қажет.

- Қажетінен көп жаттығу жасамаған абзал.

- Мұрынмен дем алып, ыңғайлы спорт киімінде жаттыққан жөн.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру тілінде ақаулығы бар балалардың интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, оқу-тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық педагогикалық технологияларын шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады [23;7].

Баланың сөйлеу тілінің грамматикалық дұрыстығын тексеру кезінде қажетті грамматикалық тұлғаны пайдаланып сурет бойынша, сұрақ бойынша сөйлем құрастыру, көрсетілген көрнекі сурет бойынша қимыл – іс әрекеттерді бейнелеп жазу, берілген сөзді керекті септікке келтіріп, сөйлемді толықтырып айту сияқты тапсырмалар беріледі. Мысалы: Самғат қайда барады? Самғат кіммен барады? Қайдан келеді? т.б.

Баланың сөйлеу тілін тексеру

1.Сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық жағын тексеруге арналған

материал:

сөйлемде дыбыстардың орналасуына байланысты заттық суреттер;

сөздік материал (сөз, сөйлем, мәтін);

дыбыстарды ажырата алу қабілетін анықтауға арналған сөздік материал мен суреттер (ызың, ысқырық).

2.Сөйлеу тілінің лексикалық -грамматикалық қатарын тексеруге арналған материал:

лексикалық тақырыптарға қатысты заттық, сюжеттік суреттер;

іс-әрекетті бейнелейтін суреттер;

заттың мөлшерін бейнелейтін суреттер.

3.Байланыстырып сөйлеу тілін тексеруге арналған материал:

сюжетті суреттер;

түрлі жастағы балаларға арналған сюжетті суреттер топтамасы.

4. Тілдік талдау мен жинақтауын тексеруге арналған материал:

сөздік материал (әртүрлі дыбыстық-буындық құрылымға ие сөздер мен сөйлемдер); заттық және сюжеттік суреттер. [24;31]

Баланың ұсақ моторикасын тексеруге арналған көрнекі құралдар:

Су-Джок терапиясының маңызды көрсеткіші

Жоғары нәтижелілік. Айқын әсерді дұрыс қолдануда көбінесе бірнеше минутта, кейде секундта басталады.

Абсолютті қоданудағы қауіпсіздік. Бұл емдік жүйені табиғат жаратқан, ал адам оны тек ашты. Оның күші мен қауіпсіздігінің себебі осыда. Ұқсастық нүктесіне жағдай жасау емделуіне әкеледі. Дұрыс емес қолдану ешқашан адамға зиян келтірмейді, ол тек әсерсіз.

Әдістің жан-жақтылығы. Су-Джок терапиясының көмегімен кез-келген дененің, мүшенің, буынның бөліктерін емдеуге болады.

Кез-келген адамға қол жетерлігі. Әдісті тек бір рет қана түсінсе жеткілікті және оны өмір бойы қолдануға болады.

Қолданудың қарапайымдылығы. Сіздің қолыңызбен біліміңіз әрқашан өзіңізбен бірге.

Барлық ағзалар мен дене мүшелерінің жоғары сапалық ұқсастық нүктесі білезік (кисть) пен табанда орналасқан.

Олардың ықпалы айқындалған емдік және профилактикалық әрекет көрсетеді. Білезік пен табандағы нүке қатал тәртіп бойынша орналасқан, яғни анатомиялық организмнің кішірейтілген тәртіп түрде көрсетеді.

Жүруде, жүгіруде, қолмен жұмыс жасағанда ұқсастық нүктесінің табиғи жағдай жасауы және дененің аурудан қорғануы болады. Сол себепті ауруға ең жақсы дәрі-қозғалыс пен жұмыс екені бәріне белгілі.

Осыған орай, тілінде ақаулығы бар балалардың сөйлеу тілін жетілдіру жұмыстары бірнеше жұмыстың мәселесін шешеді.

Біріншіден, тілдік қарым - қатынасқа түсу және өз ойын басқаларға еркін жеткізу.

Екіншіден, сөздерді қолданып, тілдері жетіледі.

Үшіншіден, сөз байлығы дамиды және ойы да дамиды.

Төртіншіден, сөйлеуін жетілдіру барысында көрнекіліктерді қолданып, олардың таным процестерін де дамытуға болады.[25;264].

Біздің зерттеу жұмысымыздың тәжірибесі көрсеткендей, бейдәстүрлі әдістерді қолдану арқылы тілінде ақаулығы барбалалардың сөйлеу тілін көрнекі құралдар арқылы дамыту және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытумен сәйкес келеді.

Арнайы балабақшалардағы логопед кабинетіндегідидактикалық материалдар жүйесіне тоқталсақ:жаңа бағдарламаның үш аясы бойынша балалардың білім әрекеттерін ұйымдастыруғаарналған материалдар, дидактикалық материалдар,бақылау жұмыстарының өлшем бірліктері,тақырыптықкарточкалар,деңгейлік тапсырмалардан құрастырылған таратпа материалдары бар.

Арнайы мекемелердегілогопедтің кабинетіне қазіргі кезде сабақта әдістемелік мақсатқа қарай келесі бағдарламаларды қолдануға болады:

1. Тренажер – бағдарламалар; 2.Бақылаушы - бағдарламалар;

Көрнекілік-бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретінде қолдана отырып балаларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.

Арнайы балабақшалардағы логопед кабинетіне өзінің пәнін қызықты өткізуге, және де тілінде ақаулығы б

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!