15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тіл көркемдігі -ой көркемдігі" сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы:« Тіл көркемдігі, ой көркемдігі»
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. «Тіл көркемдігі, ой көркемдігі» атты мемлекеттік тілді меңгеру білімдеріне арналған дөңгелек үстелді бастауға рұқсат етіңіздер
Әнұран айтылады
1-Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана
тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер
балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ
тілі жасау керек мәңгілік.
2-Жүргізуші: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай
,Мұхтарсөйлеген дана
тілім.
Қастерлейдіұл-қызыңмәңгісеніапБолашағым,
бақытым дара тілім.
1-Жүргізуші:
Бүгінгі біздің дөңгелек үстел 2 -топ, яғни 2- команда,мектебіміздің 9 және 10 сынып оқушылары арасында өтеді. Біздің мақсатымыз –оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге,салмақты ой айтуға үйрету.
- Адамзат тілінің шығуы өте ерте заманнан басталады. Алғашқы кезде топтасқан ұжымдар бірлесіп еңбек етудің артықшылығын сезіне бастаған.Еңбектене отырып, тағы бір қажеттілікті сезіне бастаған. Ол бір-біріне бірдеңе айту, бірін-бірі ұғысуға талпыну. Осы қажеттіліктен келіп тіл шыққан.
Мәтінде бір дана қария баласына қымбат қазына қалдырды. Бұл қымбат қазына –тіл.
-«Саған мұра етіп қалдырған қымбат қазынасы- тіл» деп , қария аталы сөздің шешуін айтыпты.
Сұрақ? - Тілді неліктен мұра етіп қалдырған?
Жауап:
- Халықтың талай ғасырлар барысында жасаған материалдық байлығы мен рухани мәдениетін, әдебиетін, ұлттық дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін тіл.Қарияның баласына қалдырған асыл мұрасы- тіл арқылы жететін өнер-білім, мәдениет, ғылым, өткен-кеткен тарих, ата-баба дәстүрі.
Сұрақ? Тіл туралы халық мақал-мәтелдер:
1. Өнер алды- қызыл тіл
2. Сөзден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан жүйрік жоқ
3. Сөз қадірін айтқан білер,
Жол қадірін жортқан білер.
4. Сөз қадірін білмеген,
Өз қадірін білмейді.
Қазақ тілі
Әр халықтың тілі- өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.
Өткен ғасырда өмір сүрген француз ғалымы А. Жорри де Манси .«Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деген.
Татар ғалымы А. Саади қазақ тілі жөнінде : «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да қазақ тілі және қазақ әдебиеті» - деп атап көрсеткен.
Сұрақ? - Қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесі және қолдану аясы туралы ойларыңды ортаға салсаңыздар?
Сұрақ?
... Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас...-деп, ұлы ақын Абай сөз құдіретін аса жоғары бағалаған.
Жауап: Сөздің тәрбиелік мәні өте зор . Бір ауыз сөз адамды асқақтатса, бір сөз адамды жасытады,немесе адамды ұялтып жатады, ал бір сөзбен өз іс-әрекетіне сын көзбен қарауға мәжбүрлейді.
Ү ш топқа бөліп, әр топқа сұрақ тарату, ықпалын түсіндіру.
Сұрақтар:
а) Ең алғашқы адамдар қандайда болмасын бір оқиғалар туралы мәлеметтерді кейінгі ұрпаққа қалай қалдырған?
ә) Ауызша сөйлеудің адамзат қоғамы үшін маңызы қандай?
б) Сөйлеу арқылы біз қандай сезімдерді білдіре аламыз?
в) Ана тілін неліктен қымбат қазынаға теңейді?
Ұлағатты сөздер:
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі-жақсы мінез, екіншісі-жақсы сөз.
Жүсіп Баласағұни
Айтар сөзді алдымен ойлап ал
Қорқыт ата
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ғабит Мүсірепов
Сабақты қорытындылау:
а) Ең алғашқы адамдар қандайда болмасын бір оқиғалар туралы мәлеметтерді кейінгі ұрпаққа қалай қалдырған?
ә) Ауызша сөйлеудің адамзат қоғамы үшін маңызы қандай?
б) Сөйлеу арқылы біз қандай сезімдерді білдіре аламыз?
в) Ана тілін неліктен қымбат қазынаға теңейді?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген