Тақырыбы: «Тіл мәртебесі- ел
мәртебесі!»
Мақсаты: балалардың өз
балабақшасы туралы туралы түсініктерін қалыптастыра
отырып
тілін
дамыту,әңгімелесу,тақпақтар айту арқылы ана тіліне деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Қолданылатын
көрнекіліктер: суреттер,слайд,
музыка
Әдістемелік
әдістер:
түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап
Тәрбиеші
сөзі: Сәлеметсіздер ме,құрметті
қонақтар және балалар! Біздің балабақшамыздың «Тіл мәртебесі-ел
мәртебесі!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Бүгін біз
Қазақстанымыздың тіл мерекесін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам
құтты болсын! Ендеше бүгінгі мерекені бастау үшін
балабақшамыздың ересек топтарының кішкене бүлдіршіндерін
ортаға шақырайық.
Балалар ән ырғағымен залға
кіреді.
Балалар, бүгін бізге көптеген
қонақтар келіп отыр,олармен салемдесіп
алайықшы.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды бақшамыз.
Қайырлы таң, қонақтар,
Қайырлы таң, достарым!
Балалар, сендер білесіңдер ме біз қандай
мемлекетте тұрамыз?
1.Біз
қандай ұлтқа жатамыз? Қазақ
2. Біз қай тілде
сөйлейміз? Қазақ
3.Біздің елбасымыз кім екен
кім айтат білесіңдер ме?
Қасым Жомарт
Кемелұлы
4.Біздің Қазақстанда тұратын
қандай ұлттарды білеміз?
Орыс,өзбек,тәжік,т.б
Балалар, бүгін біз тіл
мерекесін тойлағалы жатырмыз солай ма,ендеше тіл бізге не үшін
керек?
Балалардың
жауабы
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Өте
дұрыс айтасыңдар!
Ендеше балалар барлығымыз
орнымыздан тұрып, өз мемлекетіміздің әнұранын орындап
жіберейік.
Әнұран
орындалады.
Жүргізуші:
Ана тілім
елдігім
Ана тілім
ерлігім
Тілді бүгін
құрметпен
Тойлап жатыр ел бүгін -
демекші балалар, біздің қонақтарымызға тіл мерекесіне орай өлең
шумақтарын айтып беріңдерші
Расул:
Ана тілім
тірегім
Ана тілім
жүрегім
Қасиетті
елімнің
Теңі өзің деп
білемін
Ибрахим:
Ана тілің арың
бұл
Ұятың боп тұр
бетте
Өзге тілдің бәрін
біл
Өз тіліңді
құрметте!
Дінмұхаммед:
Тілім барда
мақтанам
Тілім менің аппақ
ән
Бірлігімді
бүгінгі
Ана тілім
сақтаған
Қайнар:
Дoстық
шырағымыз
Достық
ұранымыз
Дoстық
туымыз
Достық
әніміз
Кенет ұшақтың дыбысы
естіледі.
Музыка әуенімен өзге ұлт
өкілдері кіреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,
қонақтар! Сіздер неге кешігіп келе
жатырсыздар
Қонақтар: Сәлеметсіздер ме,
ренжімеңіздер біз Қазақстанның әсем қалаларын аралап келе
жатырмыз.
Тәрбиеші: Қанеки келеген
қонақтардан қай ұлттың өкілдері екен өздеріннен сұрап
көрейікші.
Орыс ұлт
өкілі: біз орыс еліннен
келдік.
Өзбек:ал біз
өзбек.
Қазақ: ал біз қазақ
кыздарымыз,сендердің бауырларыңбыз.
Тәрбиеші: Қане ендеше келген
қонақтарды да бүгінгі мерекені бізбен бірге тойлау үшін ортамызға
отырғызайық. Ал енді бізеге келеген қонақтар
да мерекеге арнап қандай сый
әкелді
екен?
Өзбек: Бізде мерекеге бос келген
жоқпыз. Өз ұлттарымыздың биін ала келдік. Қабыл
алыңыздар!
Би: Өзбек
биі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Қандай
керемет!
Ана тілім
елдігім
Ана тілім
ерлігім
Тілді бүгін
құрметпен
Тойлап жатыр ел бүгін дей келе
келесі кезекті Ұлыбритания елінен келген ағылшын қонақтарға
берейік.
Фариза:
Сприң из
грин
Саммэ из
брайт.
Отм из
эллоу
Уинтэ из
уайт
Қазына:
Гуд мониң,гуд
мониң
Гуд мониң ту
ю
Гуд мониң, гуд
мониң
Ай эм глад ту си
ю
Сұлтан:
Фол из
фан,
Ай лайк ту ран,Ай си зэ
сан,
Фол из
фан!
Жүргізуші: Жарайсыңдар
балалар!
Қазақтар: Құрметті қонақтар
осы керемет тіл мерекесіне біз де құр алақан келген жоқпыз! Менің
сұлу қыздарым мерекеге орай өздерінің өнерлерін сіздерге паш
етеді
Қабыл
алдыңыздар!
Жүргізуші:
Ана тілің - арың
бұл
Ұятың болып тұр
бетте
Өзге тілдің бәрін
біл
Өз тіліңді құрметте!- демекші
келесі кезекті керемет әнге берсек! Қабыл
алыңыздар!
Ән: «Ана
тілім»
Жүргізуші: Жарайсыңдар!
Орыс елінен
қонақ:
Біз де құр қол келген
жоқпыз
Біздің де қазақ еліне әкелген
сыйымыз бар!
Айым:
С Днем родного
языка!
Пусть планета
велика,
Люди все
родные!
Мы ведь все
простые.
Айша:
Свой язык учи
всегда
И другие
иногда!
Наш язык
прекрасен,
И для нас он
ясен.
Айнамкөз:
Великий и
могучий
Любимый нашт
язык,
Его сегодня
учит
Китаец и
таджик.
Би: «испан
биі»
Тәрбиеші: Міне керемет, ендеше бізде
қалыспай өзіміздің ұлттық тілде өлең шумақтарымызды қабыл
алыңыздар!
Айсұлтан:
Ана тілім-бал
тілім
Өзің барда
шалқыдым
Өз тілімде ән
шырқап
Термелетіп
балқыдым
Абдуллах:
Тілім барда
мақтанам
Тілім менің аппақ
ән
Бірлігімді
бүгінгі
Ана тілім
сақтаған
Даниал:
Ана тілді
білмесем
Шад-шадыман
күлмесем
Жер бетінде
сайрандап
Қазақ болып жүрмес
ем
Жүргізуші:
Ана тілім бал
тілім
Өзің барда
шалқыдым
Өз тілімде ән
шырқап
Термелетіп балқыдым! - дей
келе
Құрметті қонақтар бүгін мына
керемет іс-шарада біздің үш тілде жазылған «Әрқашан күн сөнбесін!»
-әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Әрқашан күн
сөнбесін!»
Құрметті қонақтар,сіздерді
тағыда тіл мерекесімен құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін
көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімзді
білдіреміз.
Келесі жүздескенше күн нұрлы
болсын!
Сау саламатта
болыңыздар!
«Кішкентай данышпан» бөбекжай
– балабақшасы
Бекітемін:
«Кішкентай
данышпан»
бөбекжай-балабақшасының
меңгерушісі:
У.К.Ешенкулова
«Тіл мәртебесі – ел
мәртебесі!»
Жауаптылар: Муратова
А.
Қалдыбаева
А
Алимбекова
Ж
Аманкулова
З
Шымкент
қаласы
2024-2025 оқу
жылы