400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

«Тіл мәртебесі – ел мерейі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың ұлағатты сөзіне сүйенсек, Ата заңның аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық деп біемін. Тіл – 3 әріп, қаншама мағына. Біздің ана тіліміз , ол қазақ тілі. Қазақ тілі біздің асқақ мәртебеміз. Себебі әр ұлт үшін өз ана тілі қастерлі әрі құдыретті. Ол әр азаматқа ана сүтімен дариды. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы және сөйлеу әрекетінің арқауы болып саналады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ерекше қатынас құралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тіл мәртебесі – ел мерейі»

 Ана тілім аруақ қойған ар тілім, 
Тіліменен өркен жаяр қарқыным. 
 Тілім барда атағы да өшпейді, 
Қазақ деген қасиетті халқымның. 

        (С.Ыбырайымқызы)

«Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың ұлағатты сөзіне сүйенсек,  Ата заңның аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық деп біемін. Тіл – 3 әріп, қаншама мағына. Біздің ана тіліміз , ол қазақ тілі. Қазақ тілі біздің асқақ мәртебеміз. Себебі әр ұлт үшін өз ана тілі қастерлі әрі құдыретті. Ол әр азаматқа ана сүтімен дариды. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы және сөйлеу әрекетінің арқауы болып саналады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ерекше қатынас құралы. Біз тіл арқылы бір-бірімізбен қатынаса аламыз. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды,өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды.  Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл.Осы жылдар аралығында еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, көк туымыз шарықтап, ән ұранымыз көптеген елдерде шырқалып жүр. Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»-деген болатын. Мемлекеттік тіліміз  тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайттып, мәртебесін биіктетіп келеді.Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып,ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны.  Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы білуі керек. Бесікте жатқан шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиындығы жоқ. “Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас” демекші  өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы екіталай десем артық айтпаған болар едім. М.Шахановша айтатын болсам, қазіргі кезде өз тілін білмей, «мәңгүрттеніп» жүргендер өте көп. Шынында қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қаяу жәйт. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Қорытындылай келе айтып өткенімдей тіліміздің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Сол себепті тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік! Бізге ата – бабаларымыздың жанымен келген Тәуелсіздігіміздін тұғырының мәңгі биіктеп, тіліміздің сақталуына болашақ жастар біз жауаптымыз сол себепті асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің асқақтап арта беруіне әрқашан өз үлесімізді қосайық.  Б.Момышұлының "Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту"- деген болатын. Сондықтан тілімізді ұмытпай, әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауымыз керек деп білемін. М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай сақтап, орынсыз шұбарлануына қарсы тұруымыз керек. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – әр қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады. Елбасымыз айтқандай біздің болашағымыз қазақ тілінде сол себепті тілімізді қадірлеп , өз ана тілімізде сөйлеп, мәртебесін мәңгі шарықтатып жүрейік. Болашақ жастар яғни біздер , тіліміздің абыройын асқақтатамыз, биікке көтереміз деген сенімдемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын



«Чапаево негізгі мектебі»КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Ескенова А.Б.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
323
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі