400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Тіл мәртебесі-ел мәртебесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал баяндама түрінде жазылған. Ана тілге құрмет көрсету мақсатында. Жалпы қазір тіл мәселесі көптеп айтылуда . Ана тілімізге Қазақстанда тұратын әр азамат өз үлесімізді қосуымыз керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алматы облысы Райымбек ауданы «Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күлдібаева Алмагул Қағазқызы

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

Ана тіл – асыл қазынамыз. Тілі жоқ халық әлемнен жойылады. Тілді анамыздың сүтімен бойымызға сіңіреміз. Ең алғаш тіліміз ана тілінде шығады. Адам баласы ес білгеннен бастап айналасындағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы бойына сіңіреді. Осы ана тілімізді қорғап, қадірлеп, қастерлеп, дәріптеуіміз керек. Тіл мәртебесін өзіміз көтермесек, кім көтереді? Қазіргі кезде «үштілділік» деп жатыр. Әрине заман ағымынан қалмауымыз керек. Десек те, болашақ ұрпақ тілін өз ана тілінде шығарып сөйлеп алғаннан кейін, жан-жағын ұлттық санамызда танып алғаннан кейін ғана өзге тілді меңгерсе де болар еді. Кейде қалаға барсақ орысша сөйлеп жүрген қазақтарды көреміз. Ол дұрыс емес қой. Кейде жоғарыда отырған депутат ағаларымыз да баяндамасын, сұхбатты орысша береді. «Балық басынан шіриді» -дейді дана халқымыз. Рас, тіл мәртебесін осы кісілерден бастауымыз керек. Қоғамдық орындарда бастама көтеріп, «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесу керектігін ұғындыруымыз керек. Әйтпесе, болашақ ұрпақ тілі тұрмақ дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін ұмытып қалады. Сіздерге өзім куә болған бір жайды баяндайын. Танысымның 5 жаста баласы бар. Қолынан кішкентай кезінен телефон, планшет түспейтін. Тілі орысша шықты. Ата-анасы мәз, оларға мақтаныш болды. Жанұяда баласымен орысша сөйлеседі. Ағылшынша жүзге дейін санай алады екен. Әріптерден ағылшынша сөз құрап, еш қиналмастан айтып отыр. Бірақ баласы қазақша сөйлей алмайды. Сөйлемек түгілі қазақша ойлай да алмайды. Мынау туыс, мынау бауыр екенін ажырата алмай отыр. Өз әлемі бар. Ал осы баладан болашақта қандай нәтиже күтеміз. Орысша сөйлеп, ағылшынша ойлап отыр. Сондықтан тіл мәселесін терең ойлауымыз керек. Керек адам қай жаста болса да үйренеді. Ұлттық болмысымызды, әдет-ғұрпымызды, тілімізді, дінімізді сақтауымыз қажет.

Ана тіліміз Мемлекеттік Ата заңмен қорғалады. «Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей- кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім» – деп Мұқағали атамыз айтқандай, ана тілімізді құрметтейік!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
377
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі