жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тіл мерейі - ел мерейі"
Сабақтың тақырыбы: «Тіл мерейі-ел мерейі»
Сабақтың мақсаты: : Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой – өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Өткізілу : Zoom
Көрнекілігі: Слайд
I.Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе бөлім.
Сәлеметсіздер ме! Оқушылар,
тіл мерекесі қарсаңында онлайн түрдегі
:
«Тіл мерейі-ел мерейі»
тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер. Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік
мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын
пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді
жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі
заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп
отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл
мұраларын, тұрмыс – салтын, үлгі – өнегесін жүзеге асыруымыз
қажет.
Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел
тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі.
Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі.
Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне
құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал
болайық.

II. Негізгі бөлім
1. ҚР қашан тәуелсіздік алды?
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
3. Қазақ тілі алғаш мемелекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды?
4. Қазақ әліпбиін жасаған ғалым кім?
5. Абайдың әжесі?
6. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?
7. Күй атасы кім?
8. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
9. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп кім айтты?
10.Қандай тілдерді білесіңдер?
III. «Мақал – сөздің мәйегі» (тіл туралы мақал-мәтел айтылады)
IV. Жалғасын тап
Тапқан сөзді үш тілге аударып, аудармасын айтуымыз керек.
-
………. – инемен құдық қазғандай
-
Оқу, учеба, study
-
Оқусыз ……. жоқ , білімсіз күнің жоқ
-
Білім, знание, knowledge
-
Ашу дұшпан, ақыл - ………
-
Дос, друг, friend
-
Не имей сто рублей, а имей сто ………
-
Друзей, досың, friends
-
Білектібірдіжығады ,білімді ….. Жығады
-
Мыңды, тысяч, thousand
Жарайсыздар оқушылар , бәрекелді. Осы тұста «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» деген мақал –мәтел еске түседі.
V. Поэзия минуты
VI. Қортынды бөлім
Мемлекеттiк тiл – әрбір елдің бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы, әсіресе болшақ жастардың.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Тілді өркендету – баршаның ісі. Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы және ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым болу керек.
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «Көшбасшылық» жобасы аясында
9 «Ә » сыныбында «Тіл мерейі –ел мерейі» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаттың хаттамасы
Қатысуға тиісті- 21
Қатысқаны- 21
Күн тәртібінде:
-
Оқушыларды тіл күніне орай өткізілетін «тіл мерейі-ел мерейі» тақырыбындағы тәрбие сағаттың мақсатымен және жоспарымен таныстыру
-
Тақырып аясында оқушылармен жоспарлы жұмыс жүргізу
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші
мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Абдикасова Базаркүл сөз алып
оқушыларды «Тіл мрейі –ел мерейі» тақырыбындағы сайыс сабағының
жоспарымен және жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып өтті.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын
келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да -
осы тіл. Ең ащы да - тіл, ең тәтті де - тіл. Қазақ тілі - дүние
жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі. Соның ішінде мақал - мәтел
үлкен орын алғандықтан бүгінгі ойын көбіне сол төңірекке арналған.
Тәрбие сағаты зум платформасы арқылы өткізіліп сынып оқушылары
белсене араласты. Сұрақ –жауап кезеңінде Нақыпбек Нұрасыл мен
Сапарбек Нұркен жоғарғы көрсеткіш көрсетіп, барлық сұрақтарға жауап
берді. Мақал –мәтел кезеңінде Ғани Жанерке, Қуаныш Аслан мен
Мұсахан Мұхтархан белсенділік танытты. Сонымен қатар үш тілде
мақал-мәтелдер айтылды. Оқушыларға слайдты таныстырылым
көрсетілді.
Хатшы: Б. Абдикасова
ФОТОЕСЕБІ

«БЕКІТЕМІН»
Е.Н.Әуелбеков атындағы
дарынды балаларға арналған
№4 облыстық мектеп-интернат
директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары:_______С.Жүсіпова
«_______»_________ 2020ж
ТІЛ МЕРЕЙІ-ЕЛ МЕРЕЙІ
(ҚАШЫҚТЫҚТАН САЙЫС САБАҚ)
СЫНЫБЫ: 9 «Ә»
ЖАУАПТЫ: АБДИКАСОВА БАЗАРКҮЛ
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген