Материалдар / Тіл мерекесіне- арналған сынып сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл мерекесіне- арналған сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге бағыт беретін тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
583
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Алматы қаласы Алатау ауданы

182 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі

Шүлембаева Д. М.


Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.
Міндеттері:
Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
ой – өрісін кеңейту;
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Әңгіме, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.
Барысы: Саламатсыздар ма, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі Мемлекеттік тіл – менің тілім атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.
1 - оқушы:
Тілім - арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
2 - оқушы:
Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам?!
«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-
Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.
Ана тілім – ардағым, жырымбысың,
Аспандағы ай менен күнімбісің?!
Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,
Анам және аяулы тілім үшін.
1- оқушы: Туған тіл
Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде мен дір аспаның сұр бұлтымын?
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын!
Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туған тілде намысым мен арым дар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да,
Өз тілінде кісінейді құлыншақ...
Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. (Д. Әбілев)
Оқушылар тіл мерекесі аясында сыныбымыздағы Ұлпан есімді оқушымыз өзінің жүрекжарды өлең шумақтарымен бізді қуантпақшы, ендеше кезекті Ұлпанға берейік. Ал оқушылар ендігі кезекті сұрақ - жауап айдарына берейік. Мен сіздерге білімдеріңізді тексеру үшін сұрақтар қоямын. Сіздер сол сұрақтарға жауап беруге дайын отырыңыздар.
Оқушыларға сұрақтар қою.
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)
7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
11. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)
12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)
15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т. б)
16. ҚР - ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)
17. ҚР - ның астанасы қай қала?
18. Әл - Фараби өмірге келген қала. (Отырар)
19. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия т. б)
20. Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт т. б)

Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу.

Тіл туралы мақалдар
1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)
2. Бал тамған тілден...(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)
10. Тіл қылыштан... (өткір)
11. Піл көтермегенді,...(тіл көтереді)
12. Тілден артық...(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі...(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең...(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -...( атылған оқ)
18. Жылы - жылы сөйлесең, жылан...(інінен шығады)
19. Басқа пәле -...(тілден)
20. Білім кілті -... (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)
Мұғалім: «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!