Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Тіл-құндылық атты ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып. Тіл құндылық тақырыбында ашық сабақ жоспары. Сабақтың мақсаты, міндеті, көрсетілген. Әдіс тәсілдермен өткізілді
Материалдың қысқаша нұсқасы




Сабақ жоспары

Күні: 7.10.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Ермахан Аружан

Тобы: 1к-ПБ

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Тіл-құндылық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Сабақ мақсаттары



Барлығы орындай алады:

«Тіл- құндылық» мәтініндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға бере отырып, мәліметтер мен пікірлерді өңдейді.

«Тіл- рухани мәдениеттің ең басты бөлшегі» тақырыбына қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп «келісу, келіспеу» эссесін жазады

Көпшілігі орындай алады:

«Тіл-рухани мәдениеттің ең басты бөлшегі» тақырыбындағы жазған эсседен 3 сөйлем алып,синтаксистік талдау жасайды

Кейбірі орындай алады:

Тіл – жалпыадамзаттың әрі ұлттың құндылығы екені туралы өз ой-пікірлерін білдіреді.

Бағалау критерийі

-«Тіл- құндылық» мәтініндегі негізгі ойды анықтайды,

көтерілген мәселеге баға береді, мәліметтер мен

пікірлерді өңдейді.

-«Тіл- рухани мәдениеттің ең басты бөлшегі» тақырыбына

қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды

қолданады, көтерілген мәселе бойынша өз ойын

дәлелдейді, «келісу, келіспеу» эссесін жазады.

- «Тіл- рухани мәдениеттің ең басты бөлшегі»

тақырыбындағы жазған эсседен 3 сөйлем алады,

синтаксистік талдау жасайды.

-Тіл – жалпыадамзаттың әрі ұлттың құндылығы екені

туралы өз ой-пікірлерін білдіреді.


Құндылықтарға баулу

Мәтіннің идеясы негізінде тілді құрметтеу

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих






Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы














  • Ұйымдастыру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру

  • Психологиялық ахуал орнату

«бүгін сені сәттілік күтіп тұр», «Ата-анаңа алғыс айтуды ұмытпа», «Досың сенің кеңесіңе зәру» деген жорамал сұрақтарға жауап беру. Содан кейін бір-біріне сәтті күн тілейді.


Қызығушылығын ояту

«Қазақ тілі-мақтанышымыз!» видеоролигі бойынша сұраулар қоямын. Студенттер берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салады.

1. Бүкіл әлемде қазақ тілінде қанша адам сөйлейді?

2.Қазақ әліпбиі неше рет ауысты?

3. Алғашқы жазбалар қай ғасырдан басталады?

4. 1929 жылы қандай әліпби енгізілген?

5. Қазіргі әліпби қай жылы енгізілген?

6. М. Әуезовтің тек «Абай жолында» ғана қанша сөз бар екен?

-Ендеше, сабағымыздың тақырыбы «Тіл-құндылық»

Сабақтың мақсаттарымен бағалау критерийлері таныстырылады.



жорамал сұрақ











YouTube. BiLim TV


Сабақтың ортасы






























1-тапсырма. «Ой күмбезі» әдісі.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, көтерілген мәселеге баға беруге, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білуге жетелейді.

Оқулықтан мәтін беріледі. Әр топ мәтінді оқи отырып, кестені толтырады.

1.негізгі ойды анықтайды.

2.мәліметтер мен пікірлерді өңдейді.

3. көтерілген мәселеге баға береді

Негізгі ой

Мәліметтер

Пікірлер

Көтерілген мәселе





Студенттердің кейбірі мәтін бойынша сөз әдебі нормаларына сай ой-пікірлерін айтады:

Тіл – жалпы адамзаттың әрі ұлттың құндылығы екені туралы өз ой-пікірлерін білдіреді.


Дескриптор :

-мәтіндегі негізгі ойды табады

-мәліметтер мен пікірлерді өңдей біледі

-көтерілген мәселелерді жазады

-Тіл- жалпыадамзаттың әрі ұлттың құндылығы екені туралы өз ой-пікірін білдіреді.

«Аялдама» әдісі арқылы балалар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Бағалауда мәтіннен негізгі ойды анықтағанын, мәліметтер, пікірлер, көтерілген мәселелер себебін басшылыққа алады.

2-тапсырма. «Еркін жазба»әдісі арқылы қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, «Тіл- рухани мәдениеттің ең басты бөлшегі» тақырыбы бойынша өз ойын дәлелдеп «келісу, келіспеу» эссесін жазады.

Эссе жазу барысында төмендегі клишелерді қолданады:

-Автор өз көзқарасын былай… .

-Мен мынаған көңіл бөлуге тырысамын …

-Айтылған мәселе ....жағдайда өзекті, дегенмен әлі де шешімін тапқан жоқ.

Студенттердің көпшілігі тілдік бағдар бойынша білімін пысықтауға тапсырма орындайды:

Эсседен 3 сөйлем алып,синтаксистік талдау жаса.


Дескриптор:

-эссенің құрылымын сақтайды.

- қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады

- өз ойын дәлелдеп эссе жазады.

-Эсседен 3 сөйлем алып,синтаксистік талдау жасайды


























Стикерлер

Сабақтың соңы















3-тапсырма «Сұрақ – жауап әдісі»

Берілген сұрақбойынша әрбір студент жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып пікірлерімен бөліседі

1)Құндылық дегенді қалай түсінесің?

2)Құндылықтың қандай түрлері бар?

3)Финалдық, құралдық, туынды құндылықтардың ең маңыздысы қайсы?

4)Тіл құндылық па?

5)Тіл құндылықтың қай түріне жатады? Неліктен?

6)Тілдің құндылық екенін білдіретін қандай қанатты сөздерді білесің?

Дескриптор

1.Сұрақтарға жауап береді.

2.Дәйектемелер қолданып өз ойын дәлелдейді

ҚБ«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы берілген сұрақ бойынша негізгі ойды анықтап бір сөйлеммен түйіндеп баға береді.

ағала

























Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Сабақ мақсатына жету үшін тапсырмаларды саралап беремін. Студенттерге мейлінше қолдау көрсетемін.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, көтерілген мәселеге баға беруге, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білуге жетелейді.

Оқулықтан мәтін беріледі. Әр топ мәтінді оқи отырып, кестені толтырады.


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау дескриптор арқылы жүзеге асады.Оқу мақсаттарына сәйкес әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалаудың түрлерін пайдаландым.


Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы пәнімен пәнаралық байланыста құрылды. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылықтары идеясымен байланыс қамтылды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.07.2021
806
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12