15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тіл тазалығы - тіл дәлдігі. 5 сынып
Сабақ жоспары.
Күні: I топ- III топ-
II топ- VI топ-
Сабақтың тақырыбы: Тіл тазалығы-тіл дәлдігі.
Сабақтың
максаты:
Білімділік:
тәрбиеленушілерге мемлекеттік тілдің
мәні мен маңызын және мемлекеттік тілде
таза сөйлеуді меңгерту;
Тәрбиелік:
тәрбиеленушілерді ана тілінің
қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру,
халқына, тіліне деген сүйіспеншілікке
баулу және шығармашылыққа бейімдеу;
Дамытушылық:
шығармашылық тапсырмалар орындату
арқылы ақыл-ой, таным белсенділіктерін
таныту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бүктемелер, рефераттар, бейнелі суреттер.
Пәнаралық байланыс: тіл,тарих, сурет
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі. а)Оқушылармен
сәлемдесу.
ә) Кезекші
мәлімдемесі.
б)Журнал бойынша түгелдеу.
ІІ.Оқушының білімін тексеру.
1. Сөйлеушінің сөзіне араласып, өзара ой алмаса тыңдау, оның өзіндік мәні туралы айтыңыз?
2. Тыңдаудың түрлеріне ой жібере отырып, «тыңдау» деген ұғымға қандай түйіндеу жасайсыз. (Тыңдау деген не?)
3. Сөйлеу әдебіне не жатады
4. Жүйелі, мәнді сөйлеудің негізгі сапалары қандай?
5. Сөйлеу сапасына қандай нәрселер кері әсерін тигізеді?
ІІІ.Жаңа сабақ мақсаты.
Тілдің мәні мен маңызын және мемлекеттік тілде таза сөйлеуді үйрету.
IV.Жаңа сабақты түсіндіру.
Тіл
мәдениетіне қажетті аса маңызды
сапалардың бірі – сөз тазалығы.
Өзге
тілден еніп, заңды түрде орныққан осы
тәрізді сөздерден кейбіреудің дағдысына
енген мүкістіктер (остановкаға барамын,
субботада келді, звонит ет, т.б.) мүлде
басқа.Кейбір ұғымдар көшірме (калька)
тәсілімен аударылып та алынады. Орыс
тіліндегі земледелие сөзі, зерттеушілердің
көрсетуінше, латын тілінен алынған
көшірме (қазақша егіншілік), ал принять
меры француз сөзінің көшірмесі (қазақша
шара қолдану), т.б. Тілімізде көшірме
сөздің небір түрлері бар: қанатты сөз
(крылатые слова), қарулы күштер (вооруженные
силы), жартылай қорғаушы (полузащитник),
т.б.Тіл мәдениетін сөз еткен мақалаларда
аналық қой (дұрысы – саулық, саулық
қой), елу бас қой (елу қой), мал өсірушілер
(дұрысы — малшылар) тәрізді көзсіз
көшірмелер тіл шұбарлау екендігі орынды
көрсетіліп, дұрыс сыналып та жүр.Кейінгі
жылдарда тіл шұбарлайтын тіркестің
мынадай түрлері ұшырай бастады: «Ол
түнгі тосқауыл рейдіне қатысушылардың
қоғам мүлкіне қолсұғушыларды қалай су
бетіне шығаратынын соңғы екі-үш жыл
ішінде көп естіп те, оқып та жүрді»;
«Бүкіл адамзатқа келген қару ешқашан
бір елдің ішкі ісі болмақ емес. Ондайды
«ішкі іс» деп сылап-сипаушылар американ
саясатының диірменіне жел береді»,
«Қаламқас поселкесінің аумағы ат
шаптырым. Көшпелі вагондар, егіз тамшыдай
ұқсас үйлер», «мәселені қабырғасынан
қою», т.б. осы мысалдардағы су бетіне
шығару, диірменіне жел беру, егіз тамшыдай
тәрізді тіркестер, сырты қазақша
болғанмен, мазмұны қазақша емес. Оқырман
автордың айтпақ ойын зорға түсінеді.
Енді
бір шығармаларда бейәдеби сөздерді
мақсатсыз, уәжсіз қолданудан оқушы
жасандылықты, кейіпкер табиғатына
үйлесімсіздікті аңғара бастайды. Әдеби
журналдардың бірінде жарияланған бір
повесте нәйеті, кермалдасып, шеккі емес,
бәткерде қылды, кеспір, үзір, т.б. деп
сөйлейтін кейіпкерді ұшыратасыз. Қазіргі
заман жастарының аузына автор осындай
сөз салып, ерекше сөйлеткен сайын,
шығарманың шынайылығына оқырман күлдік
келтіре бастайды. Ой тұтастығы бұзылып,
сөз шұбарланады.
Кейбір адамдардың
сөйлеу дағдысында сөз тазалығына нұқсан
келтіретін, сөзді әсерлілігінен айыратын
қызметсіз қыстырынды сөздер жиі
кездеседі. Сөз арасында қыстырылып
жүретін жаңағы, нетіп, әлгі, мәселен, ал
енді, сонымен тәрізділерге аузы үйір
адам тыңдаушысын мезі етеді.
Тіл
туралы Заңның баптарын оқу.
4-бап.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік
тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында
қоғамдық қатынастардың барлық саласында
қолданылатын мемлекеттік басқару, заң
шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын
жүргізу тілі.
Қазақстан халқын
топтастырудың аса маңызды факторы болып
табылатын мемлекеттік тілді меңгеру –
Қазақстан Республикасының әрбір
азаматының парызы.
Үкімет, өзге де
мемлекеттік, жергілікті өкілді және
атқарушы органдар:
Қазақстан
Республикасында мемлекеттік тілді
барынша дамытуға, оның халықаралық
беделін нығайтуға;
Қазақстан
Республикасының барша азаматтарының
мемлекеттік тілді еркін және тегін
меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық,
материалдық-техникалық жағдайларды
жасауға;
Қазақ диаспорасына ана тілін
сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге
міндетті.
7-бап.
Тілдердің қолданылуына кедергі келтіруге
жол бермеу
Қазақстан Республикасында
тілек белгісі бойынша азаматтардың
құқықтарын кемсітуге жол
берілмейді.
Қазақстанда мемлекеттік
тілдің және басқа тілдердің қолданылуына
және оларды үйренуге кедергі келтіретін
лауазымды адамдардың іс-әрекеттері
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
8-бап.
Тілдердің қолданылуы
Мемлекеттік
тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік
органдарының, ұйымдарының және жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының жұмыс
және іс қағаздарын жүргізу тілі болып
табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ
тілімен тең қолданылады.
Мемлекеттік
емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік
тіл және қажет болған жағдайда басқа
тілдер қолданылады.
12-бап.
Қарулы Күштер мен құқық қорғау
органдарындағы тіл
Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінде,
сондай-ақ әскери және әскерилендірілген
құрамалардың барлық түрінде, мемлекеттік
бақылау мен қадағалау, азаматтарды
құқықтық қорғау ұйымдарында және құқық
қорғау органдарында мемлекеттік тілдің
және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз
етіледі.
13-бап.
Сот ісін жүргізу тілі
Қазақстан
Республикасында сот ісі мемлекеттік
тілде жүргізіледі, ал, қажет болған
жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі
немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен
тең қолданылады.
17-бап.
Тіл – ғылым және мәдениет саласында
Мәдени
шаралар мемлекеттік тілде және қажет
болған жағдайда басқа да тілдерде
жүргізіледі.
V. Жаңа сабақ түсінгенің тексеру.
Тіл мәдениетіне қажетті сапа?
Тіл -туралы баптарды айтып беріндерші?
Тілді кірлетпей таза сөйлеудің әдіс –тәсілін айтып берші?
VІ. Жаңа сабақты бекіту.
Тіл
тас жарады,
Тас жармаса, бас
жарады.
Шебердің қолы —
ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Тіл
— буынсыз,
Ой - түпсіз.
Сүйреңдеген
қызыл тіл
Сүйгеніңненайырар;
Иә
жаубетін қайырар.
Ат жүйрігі
айырады,
Тіл жүйрігі
қайырады.
Сүңгініңжарасы
бітер,
Тіл жарасы бітпес.
Басқа
пәле тілден.
Тіл — тиексіз.
VІІ.
Үйге тапсырма. Мақал-мәтел
жаттау.
Бағалау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген