Тіл
туралы
Қазіргі нарықтық жағдайымызда
болашақ ұрпағымызды білімді,мәдениетті,саналы етіп тәрбиелеуде
егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып
отыр.Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт
дәстүрімен, әдет ғұрыпымен,мәдениетімен таныстыру, оларды жан жақты
дамуына,тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін
тигізеді. Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып
саналғандықтан шет тілін,яғни, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды
интернационализм рухына,ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол
ашады.Олар өз ұлтын сүйюге,өзге ұлттарды сыйлауға
үйретеді.
Қазақ тілін оқыту процесінде
ана тілі басты рөл атқарады.Егер оқушы өз ана тілінде грамматикалық
құблыстарды,олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын,дыбысталу
жүйесін білмесе немесе түсінбесе ол қазақ тілін оқығанда да
түсінбейді.
Қазақ тілін оқыту процесінде
тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу,сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте
маңызды.
Қазақ тілін оқыту қиын да
қызықты жұмыс.Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға
қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы
және терең білім беру,олардың ойлау,есте сақтау,көру қабілеттерін
жетілдіру.Балалардың тілін дидактикалық ойын арқылы дамыту
тақырыбында өткізілген ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде балалардың
тілдерін дидактиқалық ойын арқылы дамыту,есте сақтау дағдыларын
қалыптастыру,балалардың ой,зейін,сөйлеу дәрежесін дамыту және
дербес орындайтын жұмысына бағыт беріп,айтқан сөзді түсініп
қабылдай білуге үйрету мақсатты көздейді.
Дыбыстарды айтудын
артикуляциялық аппаратын әзірлеу.Балаларды анық,асықпай,барынша
қатты айтуға үйрету,сөздің ырғағын бақылау
Сөздің дыбысталу жағын жүйелі
түрде дамыту, есту тілдік демалыс,айтылым апаттары:дауысты және
дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға қалыптастыру:суреттегі,көрген
кітабындағы суреттер туралы қысқа өлеңдерді айтуға тәрбиелеу:
сөздің мәнін түсіну үшін балаларды өзара әңгімелесуге
тарту.Ертегі,әңгіме желісіндегі сөйлеу интонациясын үлкендердің
көмегімен айтуға тәрбиелеу.
Ақпараттық технологиялық білім
беру құралдарына:аудио,видео құралдар,компьютер, интерактивті
тақта,интернет мультимедиялық құрал,электрондық
оқулықтар,инновациялық ақпараттық банк,инновациялық сайт және
басқалары жатады.Қазіргі танда көптеген интерактивтік бағдарламалық
бөлімдер,қозғалмалы объетілер құруға мүмкіндік беретін векторлық
және графикалық жабдықтар көптеп шығып
Қолданыс табуда.Осындай
құралдардың бірі мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың
қызығушылығын арттырады,екіншіден түсінбеген жерлерін қайта көруге
мүмкіндік береді. Осындай оқулықтар мектепте таптырмас құрал десек
те болады.Ондағы материалдар әртүрлі әдемі, ұнамды жағымды
суреттер,сызбалар,графикалық иллюстрация формасында
көрсетіледі.Мысалы бірінші сыныпта алғаш заттарды таныстыру
мақсатында Бұл не? Ойының ұйымдастыруға болады.Мұнан шығатын нәтиже
оқушылар теориялық білімді көзбен көріп түсінеді,есінде
сақтайды.
Орыс сыныбында қазақ тілі
сабағын қызықты және тартымды өткізу үшін мұғалімнен көп ізденуді,
білімділікті,қабілеттілікті,тапқырлықты қажет етеді. Мұғалім
әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдаланып,тіл дамыту жаттығуларды ойын
злементтерін,көптеген көрнекіліктер қолданамын.Балалардың тілін
дамытуда мақал мәтелдер,жаңылтпаштар,өлеңдер,сергіту
сәттер,шеңберлік жаттығулар сабақта қолданамын,тән дыбыстарды дұрыс
айтуға арналған жаттығуларды әр сабақ сайын қолданамын,кезекшінін
монологін әр сабақ сайын қайталаймыз осылай балалардың тілін
дамытамын.Егеменді еліміздің білім беру жүйсінде әлемдік деңгейге
жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс
тәсілдерін қолдана біліп,терең білімді,ізденімпаз,барлық іс
әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын,сол тұрғыда өз болмасын
таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән
берілуде.
Қазір біз бәріміз үшін
беймәлім, аласапыран кезеңді бастан өткерудеміз, ересектер де,
балалар да әдеттегі өмір салтымызды өзгерткен көптеген жағдайларға
тап болдық. Бірақ қиындықтарға қарамастан, біз мұғалімдер оқу
процесін үзбеуге тырысып, жалпы және жеке жұмыстарды орындау
бойынша қашықтықтан жұмыс істейміз.
Қостанай
қаласы
Мукабаева
Г.А.
Бастауыш сыныптардың қазақ
тілі сабағында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
арқылы тілге деген қызғушылықтарын арттыру
Гүлнара
Мукабаева
№
122
ОМ
Қазақ тілі
мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қостанай
қаласы