жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
тіл туралы
Күні:20.09.2017жыл
Тақырыбы: «Ана тілі-жүрек
үні»
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының
тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық
безендіру, нақыл сөздер.
Барысы:
Сүйемін туған тілді анам
тілін
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген тыныс үнін. –
деп С. Торайғыров жырлағандай бізге бесікте жатқан күннен
бастап
құлағымызға сіңген қандай үн?
Бұл әрине, бесік жыры, бізді әлдилеген анамыздың үні, анамыздың
тілі. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Бүгін міне, 22 – қыркүйек
Тілдер мерекесі. Мерекелеріңіз құтты болсын!
«Орамал тастамақ» ойыны
Оқушылар дөңгелене отырып, «Орамал тастамақ» ойыны арқылы тіл
туралы
мақалдар мен нақыл сөздер айтады.
1. Өнер алды – қызыл тіл.
2. Тәтті де – тіл, ащы да – тіл.
3. Тіл
қылыштан да өткір.
4. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
5. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді.
Нақыл сөздер.
1. Жақсы сөз бейне шамшырақ,
Орнаған мықтап көңілге. /Ж. Жабаев/
2. Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады
Сөз – ойдың айнасы. /Ғ. Мұстафин/
3. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар. Жақсы сөз жан
сүйсіндіреді. Құлаққа жағымды, ойға қонымды келеді.
/Б.Момышұлы/
Өлең жолдарын оқушыларға
оқыту:«Ананың тілі – аяулы үні»
1. Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2. Ақыл – ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
3. Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
4. Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
5. Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
6. Жүзімнің нәрлі нәзік сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап отыр,
Таза сақта көзіңнің жанарыңдай,
Ән: Үш бақытым
Зерделі балсаң биік шыңға жетерсің.
Ойын «Әрқашан күн сөнбесін!»
Күн сәулесіндегі сұрақтарға жауап беру.
1. Тіл не үшін керек?
2. Тілдер мерекесі қашан?
3. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
4. Орыс тілін білу қажет пе?
5. Қазақ тіліндегі балаларға арналған қандай басылымдарды
білесің?
Қортынды. Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл жеткізе
алмасақ, мұны тіліміздің орамсыздығынан көрмей, өзіміздің
дәрменсіздігімізден көруіміз қажет. Қазіргі өсіп келе жатқан
бүлдіршін жастардың бір үлкен қателігі бар. Ол мынау: сөйлесе
кетсең көпшілігі – ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің
өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей
алмайтыны, сөйлемдердің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбарала
келетіні бірден байқалады. Мұның өзі әрине, тілін ұстартуға зер
салмағандықтаң белгісі. Тілімізді ұстарту үшін әдеби кітаптарды көп
оқып, теледидардан, радиодан сөйлеген дикторлардың сөзіне, ақын,
жазушылардың сөз қолданысына назар аударыңыздар.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп, тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – деп ақын Қ. Мырза Әлі жырлағандай ана
тілімізді құрметтей білейік!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген