жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тіл туралы мақал мәтелдер. 5сынып
Сабақ жоспары.
Күні: I топ- ІІІ топ-
II топ- ІҮтоп-
Сабақтың тақырыбы: Тіл туралы мақал-мәтелдер.
Сабақтың максаты:
Білімділік: Тіл туралы мақал-мәтелдердің ғасырлар шежіресі екенін ұғындыра отырып, өзара ерекшеліктерін түсіндіру, мақал-мәтелдердің шығу тарихынан толық мәлімет беру.
Дамытушылық: Қызықты грамматикалық Ойындар арқылы тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Мақал-мәтел мазмұнын талдай отырып, тапқырлыққа, шешендікке, тіл шеберлігіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер, мақал- мәтелдер
Пәнаралық байланыс: тіл,тарих, сурет
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Сабаққа қатысуын тексеру
б) Оқушыларды топқа бөлу
ІІ.Оқушының білімін тексеру.
Мақалды толықтыр?
1.Ердің
сыншысы - ...... отан
2.Оқу
...... .. құдық қазғандай өлгені
3.Көп
сөз-көмір, аз сөз-(не?) тәрбие
4.
Өлімнен ...... күшті
5.
Атаңның баласы болма, бір рет
.................
баласы бол инемен
6.
Ер жігіттің екі сөйлегені-
алтын
..................
балалы
7.
Жеті рет өлшеп, ..... рет кес баласыз
8.
.......... үй базар, ұят
...............
үй-мазар ел
9.
...... отбасынан басталады. халқыңның
ІІІ.Жаңа сабақ мақсаты.
Мақал-мәтелдердің ғасырлар шежіресі екенін ұғындыра отырып, өзара ерекшеліктерін түсіндіру, мақал-мәтелдердің шығу тарихынан толық мәлімет беру.
IV.Жаңа
сабақты түсіндіру.
Қазақ
халқы рухани дүниеге, қазынаға бай
халық. Оның қай түрін алсақ та,
тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа
қалдырған өcиеті ерекше. Сонау ықылым
заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың
өзімен бірге жасасып, екшеленіп,
ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан
ауыз әдебиетінің бай саласының бірі –
қазақтың мақал-мәтелдері. Мақал
–мәтелдер –ерте заманнан ұрпақтан
–ұрпаққа ауысып келе жатқан мұра, сөз
өрнегі. Тіліміздегі «Сөздің көркі -
мақал» деген аталы сөз бар. Мақал –мәтел
ықшам, көркем түрде жасалып, терең ой,
кең мазмұнды құрайды. Мақал –мәтелдер
–ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал
–мәтелдерде нақыл, ақыл айтылады.
Мақалды көп біліп, көп қолданылатын
адамның білімі де, ақылы да арта түседі.
Мақал-мәтелдер – халық даналығының бір
көрінісі. Олар аз сөзбен көп мағына
береді. Халық өмірден көрген – білгенін
кел Мақал-мәтелдер – халық даналығының
қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы
қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи
бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние.
Сондықтан да оны жұртшылық жадына
сақтап, өзінің күнделікті өмірінде,
өзара қарым-қатынасында пайдаланады.
Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі –
қазақ халқы.
Мақал-мәтелдер
– тура ойды әртүрлі сөздермен айтуды
үйрену үшін берекелі мәлімет. Мақал-мәтелдер
– ауызша халық шығармашылығының кең
тараған жанры,есі ұрпаққа мақал-мәтелдер
арқылы жеткізіп отырған.
Осыған
мысал, қазақ халқы «Сөздің көркі - мақал»
деген, өйткені мақал-мәтелдер сөзді
ажарландырып, сөйлеушінің ойын басқаларға
айқын да айшықты түрде жеткізеді.
Мақал-мәтелдер
әр алуан тақырыптарға айтылған. Олар:
Отанын сүюге, адамгершілікке,
ынтымақ-бірлікке, мейірімділікке,
әдептілікке шақырады. Кез келген тілдің
сөздік қорының мазмұнды да мәнді бөлігін
құрайтын – мақал-мәтелдер екені бәрімізге
мәлім.
Мақал-мәтелдерді
зерттеп, талдап, оның танымдық сипатын
анықтап жазған ақын-жазушылар өте көп.
Олардың шығу тарихы, қалыптасу кезеңі,
көмескі тартқан іздері, қыры мен сыры
тек халық өмірімен байланыстыра қарағанда
ғана айқын аңғарылады.
Оқушылардың
сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа
қызығушылықтарының артуымен тығыз
байланысты. Әсіресе, мақал-мәтелдер
оқушылардың лидерлік қабілеттерін
жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге,
сыныптастарымен еркін пікірлесуге
ықпал етеді. Мақал-мәтелдер оқушыларды
тілдік материалдарға қызықтырумен
қатар ана тілінен алған білімдерін
бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Мұның
өзі мақал-мәтелдер бастауыш сынып
оқушыларының танымын кеңейтіп, оның
ойлау қабілетін, ізденімпаздығын,
еңбекқорлығын жетілдіруде, олардың
жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде
маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.
Мақал-мәтелдерді меңгеру барысында
оқушылар өздерін еркін сезінеді, басқа
жолдастарымен тілдік қарым-қатынасқа
оңай түседі. Бұл шәкірттердің жеке
тұлғалық қабілеттерін жетілдіруіне,
сабақтың тартымды өтуіне, жаңа материалды
терең игеруіне ықпал етеді.
Оқыту
барысында мақал-мәтелдерді қолдану –
әдебиеттік оқу пәнін сапалы оқытудың,
меңгертудің ұтымды жолдарының бірі
деген қорытындыға келдім.
Өкінішке
орай, қазіргі таңда өзінің сөздік қорында
мақал-мәтелдерді қолданып, көркем
сөйлейтін адамдар саны санаулы ғана.
Әрине, бұл мәселені шешу баспалдағы
бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге
мәлім. Сонымен қатар, тәжірибе жинақтау
барысында менің көз жеткізгенім –
оқулықта, яғни, әр тақырыптың соңында
кездесетін мақал-мәтелдерге көп мән
берілмейді. Сондықтан да оқушылар
көптеген мақал-мәтелдерді тек жаттанды
түрде ғана айтып, оның мағынасын терең
ұғына алмайды.
Әлемдегі
аса ауқымды құбылыстардың бірі –
жаһандану дәуірінің білім жүйесіне зор
ықпалын тигізіп жатқан кезеңінде – осы
рухани-мәдени қазыналарымызды қастерлеп,
өскелең ұрпақ тәрбиесіне тағылымы мол
құрал екенін ескере отырып пайдалансақ,
ертеңгі ел болашағына, ұрпақ тағдырына
деген сеніміміз нығая түсері хақ.
V. Жаңа сабақ түсінгенің тексеру.
МАҚАЛ |
МӘТЕЛ |
1.Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер. 2.Біреу тойып секіреді,біреу тоңып секіреді. 3.Еменнің иілгені – сынғаны. |
Әлін білмеген әлек. Көппен көрген ұлы той. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен |
МАҚАЛ |
ҰҚСАСТЫҒЫ |
МӘТЕЛ |
Ой тиянақты, дәлелді, салыстыру. Аяқталған сөйлем, екі бөлімді. |
Халық ауыз әдебиеті
|
Сөйлем немесе сөз тіркесі, мағына тұспалды, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ. |
Кестемен жұмыс
р/с |
Мақал-мәтелдер |
Тақырыптары |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. |
Ердің атын еңбек шығарар. Өнер алды – қызыл тіл. Тамшыдан
тама-тама дария болар. Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен. Ерлік білекте емес, жүректе. |
Еңбек Оқу, білім, өнер Үнемшілдік Төрт-түлік мал Достық, жолдастық туралы Адамгершілікке,
жақсы-жаман туралы Ерлік, батырлық туралы |
Кім көп біледі? ойыны
Мақал- мәтелдердің керекті сөздерін табыңыз?
Отан…да ыстық. (оттан)
Туған жердің……да шипа. (суы)
Елді………біріктіреді. сөз бұзады. (іс)
Ат жақсысын мақта,
Адам…… жақта.(жақсысын)
Адам….. ішінде, (аласы)
Мал …… сыртында (аласы)
Берекені көктен тілеме,
Бірлігі ….. көптен тіле.
Әкенің баласын болма,
Адамның …… баласы бол. (баласы)
Аттан …… озады, (жүйрік)
Атадан…… озады. (бала)
VІ. Жаңа сабақты бекіту
Үлестірме қағаздар.
Сұрақтың орнына дұрыс жауабын қойып,мақал-мәтелді аяқта.
1.Күлме кімге?
Келер басыңа.
2.Талаптыға не жауар?
3.Тіл не жарады?
4.Қандай үй базар
5.Жас келсе қайда?
6.Көрдім деген неше сөз,
Көрмедім деген неше сөз.
7. Ашу не?
Ақыл не?
VІІ. Үйге тапсырма. Тіл туралы мақал-мәтел жаттау. Бағалау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген