400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл ұлттың жан дүниесі.5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ана тілін толық меңгеруіне, сауатты оқып, жазуына түсінігін қалыптастыру. Шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру. Ана тілінде еркін сөйлеуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сабақ жоспары.

Күні: I топ- III топ-

II топ- VI топ-

Сабақтың  тақырыбы: Тіл ұлттың жан дүниесі.



Сабақтың максаты:

Білімділік:Оқушылардың  ана  тілін  толық меңгеруіне,  

сауатты   оқып, жазуына түсінігін  қалыптастыру.

              Дамытушылық: Шешендік  сөздер, мақал-мәтелдерді 

пайдалану  арқылы  сабаққа   қызығушылығын  арттыру.

  Тәрбиелік: Ана  тілінде  еркін  сөйлеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Қанатты  сөздер, мақал- мәтелдер

Пәнаралық байланыс: тіл,тарих, сурет

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру  кезеңі:  а)  Оқушылармен  сәлемдесу

                                          ә)  Сабаққа  қатысуын  тексеру

                                          б) Оқушыларды  топқа  бөлу



ІІ.Оқушының білімін тексеру.

Тіл мәдениетіне қажетті сапа?

Тіл -туралы баптарды айтып беріндерші?

Тілді кірлетпей таза сөйлеудің әдіс –тәсілін айтып берші?









ІІІ.Жаңа сабақ мақсаты.

Мемлекеттік тілді насихаттай отырып, Балалардың тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, дамыту.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру.

  Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

   Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

   Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.

   Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

   Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

   Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.

   Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

   Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!

Ең тәтті де – тіл, 
Ең ашты да – тіл, 
Ең жұмсак та – тіл, 
Ең катты да – тіл.

Тіл – ұлттың жан дүниесі. 
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.

Тіл 
Ұлы, құдіретті; 
Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды; 
Біздің болашағымыз – ана тілінде! 
Рухани байлық.



V. Жаңа сабақ түсінгенің тексеру.

Мақалдарды  жалғастыру.... 

Кезек-кезек   мақал-мәтел  айту, тек  қана  тіл  туралы.

«Тіл- қылыштан  өткір»,

«Өнер  алды-қызыл  тіл»...



VІ. Жаңа сабақты бекіту.

Ішіне сыртына

тіл қандай?

тіл  қайтеді? 

  тәтті, жұмсақ , жылы  ,    шешен ,жүйрік, көркем,           

қатты, ащы, өткір ,          

қылыш, сойыл ,байлық, құндылық                                                 

күлдіреді, ойнатады,

сүйсіндіреді,қуантады,

жылатады, өкінтеді,

кеседі,  ұрады,

оқытады, үйретеді




 

Кім  әдемі  де  жақсы  сөздерді көп  жаза  алса  сол  оқушы  ана тілін  жақсы  меңгерген  және  тіл  байлығы  көп  оқушы  болып  есептеледі.



VІІ. Үйге тапсырма. «Ана  тілім»   шағын  мәтін  құрастыру. Бағалау



 



 

 





 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
712
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі