Материалдар / Тіл-ұлттық қазына. Сценарий

Тіл-ұлттық қазына. Сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
концерт сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2023
491
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тіл – ұлттық қазына»


Мақсаты: Жас  ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру,тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу.
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
Барысы:


1 – жүргізуші:


Алаулаған алабынан нұр тамып.

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып,

Көк байрағың желбірейді төрінде

Әнұраның тұр көгінде шырқалып.


ҚР-ның мемлекеттік гимні орындалсын!


(ГИМН)


2-Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.


1-жүргізуші: Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағлымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысызмыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.


2-жүргізуші: Бүгін Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!



1-Жүргізуші.

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,


Қажеті не басқаның өлшемінің?


Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,


Енді міне жетеді көпке үнім.


Алдарыңызда «Халық күйі» Орындайтын:Нажимова Михрибан Мұратбекқызы және шәкірттері. Қарсы алыңыздар!


(КҮЙ)


2-жүргізуші:

Ана тілім,


Жүрегісің анамның.


Жүрек-ана,


Мен өзіңнен жаралдым.


Сағат сайын саулығыңды тілеймін,


Сенсіз мынау керегі не ғаламның!


Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,


Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.


(«Отан» Б.Ысқақ. Ямбаева Валерия. «Үш бақытым» М.Мақатаев. Баракова Д, «Ана тілі» Горюнва Д.)


1- жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй. – деп Абай атамыз жырлап өткендей, құлақтың құрышын қандыратын әсем әнге кезек берейік.


(«Көзімнің қарасы» Дудкина Алевтина, Юденич Анна, Семенюк Арина)


2 – жүргізуші:


«Сөз мәйегі - мақал» дей келе, келесі кезегін аумақты ойды бір ауыз сөйлемге сыйдыратын мақал – мәтелдерге береміз.


(4 «А» сынып оқушылары мақал оқиды)


1-жүргізуші

Келесі болып алдарыңызда өнер көрсететін 8 «В» сынып оқушысы

Ахремушкин Родионның орындауында «Шопен Ноктюрн» әуенін қарсы алыңыздыр!

Фортапиано


2-жүргізуші: "Қазақ нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра демекші", күмбірлеген күйімен құлақ құрышын қандырып, бойға шабыт сыйлағалы отырған Шайнүсіп Едігеге кезек берейік!


(Күй орындайды)


2 – жүргізуші:

Ана тілім – ерлігім

Aна тілім – елдігім

Ана тілім — болмаса,

Бүтінделмес кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай тіл мерекесіне байланысты ақын – жазушыларымыздың ана тілі жайлы жүрек жарды өлеңдерін жатқа айтып беретін оқушыларымызға кезек берейік


(«Үйрен ана тіліңді, Оразақын Асқар.»Хариева Адалят, Тәжібеков Данияр. «Ана тілім.Несіпбек Айтұлы. Ушуров Дияр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»Мамедова Айлин. Зере, Арнур. Алмас)


1-жүргізуші:


Тілсіз бидің құдіреті шексіз. Би өнері де атадан-балаға жалғасқан ұлт қазынасы. Сахнаға биші қыздардан құралған "Шашу" би тобын шақырамыз!


(9 сынып қыздары қазақша би)



2 – жүргізуші: Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі және итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.


Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.


1-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз.


2-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.


1-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер


2- жүргізуші: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.


1 – жүргізуші: Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.


2- жүргізуші А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.


1- жүргізуші: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.



2-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.


1-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.






Өлең


Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.


Қанда йдүние жетеді балауына!

Бәрі сенің, жан Отан қалауыңа!

Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып

Қазақстан гербі де, жалауы да.


Мен – қазақпын, биікпіні байтақ елмін

Қайта тудым, өміпрге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім!


Хор «Атамекен»


2-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!

Міне осылайша «Тіл – ұлттық қазына» атты мерекелік іс – шарамыз өз мәресіне де келіп жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп — көп рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ