400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тіл –ұлттық құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл –ұлттық құндылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл –ұлттық құндылық

Тіл – ұлттың жаны,рухы,оның бет-бейнесі,ертеңі мен болашағы.Қай ұлтта, қай мемлекетте болмасын тіл маңызды рөл атқарады. Адам баласының бойына ана тілі анасының ақ сүтімен дариды. Мемлекеттік тілді сол елдің төлқұжаты десек те болады. Әрбір елдің өзіне тән ерекшелейтін өз ана тілі, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыптары бар. Оның бәрі ата-бабамыздан келе жатқан сарқылмас қазына. Тіл жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының «Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек» деген жақсы сөзі бар.

Расында да тілсіз біз ешкім емеспіз. Ұлттық болмысымыздан, дәстүрімізден айырыламыз.
Тілге деген құрметті алдымен әркім өзінен бастауы керек. Күнделікті қолданыста ауыз екі тілде ғана емес, техника тілін де өз ана тілінде қолданса, тілге деген сұраныс артады. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру – өз қолымызда.Т іл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі, тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет
қатынас құралы. Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Абайға дейін жыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған.

Тіл -жеке адам ойлап тапқан туынды емес,ол барша ұлтқа ортақ ,соның төл перзенті.Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.Тіл ата-бабамыздан қалған асыл қазына.Тіл-тәуелсіздік тұғыры.Тіл-ұлттың жан дүниесі.

Қай қоғамдада тіл мәселесі болатыны белгілі.Біздің ұлтта да тіл мәселесі өзекті.Қазақстанда қазақ тілі-мемлекеттік тіл.Солай бола тұрса да,бізде қазір көптеген қазақтар өзара орысша сөйлесіп,қазақ тілінің таралу өрісін тарылтып,қолдану аясын әлсіретуде.Қазір көптеген жастар ана тілін дұыс білмейді.Сол себепті тіліміз құлдырап барады.Тіл тағдыры- ел тағдыры екенің еш уақытта ұмытпай, әрбір адам өз ана тілін білуі және меңгеруі міндетті. Сондықтан әрбір азамат мәңгілік еліміздің сарқылмас байлығы –қазақ тілің көзінің қарашығындай сақтап ,құрметін арттырса,ұлтымыздың болашағы жарқын болары анық. Ана тілімізбен мақтанып,тілімізді құрметтейік!


Табылды Аяулым Кенжебекқызы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.06.2024
337
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі