Қыс
туралы.
Ыс
– ыс – ыс,
Келіп жетті қыс.
Ар
– ар – ар,
Жауады қар.
Яз
– яз – яз
Сақылдаған сары аяз.
Ран
– ран – ран,
Соғады боран.
На
– на – на,
Зулайды шана.
Күз
туралы.
Үз
– үз – үз,
Жаңбырлы Күз.
Рақ
– рақ – рақ,
Саулайды жапырақ.
Ел
– ел – ел,
Соғады жел.
Іс
– іс – іс,
Піседі жеміс.
Дай
– дай – дай,
Жинаймыз бидай.
Көктем
туралы.
Тем
– тем – тем,
Көңілді көктем.
Ыр
– ыр – ыр,
Жауады жаңбыр.
Ғай
– ғай – ғай,
Жарқылдайды найзағай.
Шек
– шек – шек,
Шығады бәйшешек.
Ал
–ал –ал,
Төлдейді мал.
Жаз
туралы.
Аз
– аз – аз,
Жайдары жаз.
Үн
– үн – үн
Ыстық күн.
Ға
– ға – ға,
Шомыламыз суға.
Яқ
– яқ – яқ,
Жүреміз жалаң аяқ.
Иын
– иын – иын,
Болады көп ойын.
ҮЙ
ЖАНУАРЛАРЫ ТУРАЛЫ
Ие
– ие – ие,
Маң – маң басқан түйе.
Та-
та – та,
Жібек жүнді бота.
Иыр
– иыр – иыр,
Сүт береді сиыр.
Зау
– зау – зау,
Мөңірейді бұзау.
Қы
– қы – қы,
Кісінейді жылқы.
Шақ
– шақ – шақ,
Құлдырайды құлыншақ.
Ой
– ой – ой,
Қорада тұр қой.
Зы
– зы – зы,
Моп – момақан қозы.
Кі
– кі – кі,
Сақалды ешкі.
Ақ
– ақ – ақ,
Секеңдеген лақ.
Ік
– ік – ік,
Шәукілдейді күшік.
Ық
– ық – ық,
Тышқан жейді мысық.
ЖАБАЙЫ
АҢДАР ТУРАЛЫ
Ю
– ю – ю,
Қорбаңдайды аю.
Тан
– тан – тан,
Аң патшасы – Арыстан.
Ыс
– ыс – ыс,
Тарғыл түсті жолбарыс.
Қыр
– қыр – қыр,
Бұл көкжал қасқыр.
Іл
– іл – іл,
Тұмсығы ұзын піл.
Лан
– лан – лан,
Шығады жылан.
Кі
– кі – кі,
Айлакер қу түлкі.
Ян
– ян – ян,
Қорқақ қоян.
Пі
– пі – пі,
Тікенекті кірпі.
Ін
– ін – ін,
Жаңғақ жейді тиін.
ҚҰСТАР
ТУРАЛЫ
Пан
– пан – пан,
Сап – сары балапан.
Ұс
– ұс – ұс,
Ұшты үлкен құс.
Ғай
– ғай – ғай,
Жем шоқиды торғай.
Ға
– ға – ға,
Тал басында қарға.
Ғаш
– ғаш – ғаш,
Ұя салды қарлығаш.
Бұл
– бұл – бұл,
Сайрайды бұлбұл.
Қан
– қан – қан,
Ала қанат сауысқан.
Дақ
– дақ – дақ,
Емші құс тоқылдақ.
Қу
–қу – қу,
Жүзеді қос аққу.
Уық
– уық – уық,
Қыт – қыттайды тауық.
Шін
– шін – шін,
Бақыт құсы көгершін.
Кек
– кек – кек,
Өз атын шақырады көкек.
Рек
– рек – рек,
Ұшты көлден үйрек.
Еш
– еш – еш,
Шақырады әтеш.
Кіт
– кіт – кіт,
Самғайды Бүркіт.
КИІМДЕР
ТУРАЛЫ
Он
– он – он,
Тері
тон.
Пақ
– пақ – пақ,
Киіз
байпақ.
Пан
– пан – пан,
Атам
киеді шапан.
Лош
– лош – лош,
Әжем
киеді галош.
Зол
– зол – зол,
Зерлі
камзол.
Я
– я – я,
Моншақта
тақия.
Ле
– ле – ле,
Үуілі сәукеле.
Қап
– қап – қап,
Әдемі қолқап.
Лек
– лек – лек,
Қос
етек көйлек.
Ли
– ли – ли,
Биік
өкше туфли.
Ік
– ік – ік,
Сәнді етік.
Ди
– ди – ди,
Су
кешетін поди.
Мақ
– мақ – мақ,
Жылы тымақ.
Пек
– пек – пек,
Тоқыған
телпек.
Ки
– ки – ки,
Жүн
носки.
ЫДЫС-АЯҚ
ТҮРЛДЕРІ ТУРАЛЫ
Бақ
–бақ – бақ,
Ас салатын табақ.
Шақ
– шақ – шақ,
Өткір пышақ.
Зан
– зан – зан,
Ет
асатын қазан.
Зы
– зы – зы,
Алма
салатын вазы.
Ман
– ман – ман,
Су
құятын құман.
Нек
– нек –нек,
Шай
қайнайтын шәйнек.
Се
– се – се,
Шай
ішетін кесе.
Гі-
гі – гі,
Сүт сүзетін сүзгі.
Ке
– ке – ке,
Шұңғыл
тәрелке.
Ық
– ық – ық,
Ас ішетін қасық.
ЖАНҰЯ
МҮШЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Та
– та – та,
Ақ сақалды ата.
Е
– е – е,
Ақ жаулықты әже.
Ке
– ке – ке,
Асқар
таудай әке.
На
– на – на,
Мейірімді
ана.
Ға
– ға – ға,
Қамқоршы аға.
Ыз
– ыз – ыз,
Айназ жақсы қыз.
Ла
– ла – ла,
Саят
пысық бала.