Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілдер мерекесіне орай өткізілген "Тіл-тірегіміз, соғып тұрар-жүрегіміз" атты ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жүйелі айта алуға, халық алдында сөйлеуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»


(Сахна жабық. Күй ойналып тұрады, сахна ашылады. Сахнада 4 оқушы Қ.Шабасовтың "Тіл - тірегім" атты өлеңін оқиды.)


  1. Сапар

Тілім менің – тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің?!

Өз халқыма жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің.

  1. Жұлдыз

Тілім менің – қуатым, күшім менің.

Күшім кетсе не болар ісім менің?!

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім.

Тілімменен тірлікті мүсіндедім.

  1. Мейірбек

Тілім менің – асылым, арым менің,

Арым кетсе на пайда барым менің.

Бас кескендер тілімді кесе алмаған,

Тілден бұрын кетеді жалын демім.

  1. Айдана

Тілім менің – қазынам, қасиетім,

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,

Бола көрме, Ана тіл, қасіретім.


Мақсаты:

Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жүйелі айта алуға, халық алдында сөйлеуге баулу.



1-жүргізуші:

Құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!

Ана тілі- адам болып жаратылғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.




2-жүргізуші:

Қазақ тілі аса бай икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын, тауып, қиысын, орайын келтіріп пайдалансаң бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуан-шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.


1-жүргізуші:

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы»

Біздерге бұл сөздерді айтып кеткен,

Осылай ұлы Абайдың көзқарасы- дей келе

Абайдың «Сегіз аяқ» әні орындайтын Тұралиев Ақсұңқар


2-жүргізуші:

Тілім меніңІ

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе менің де бүлінгенім

Ана тілім, туған тілім, бал тілім.


1-жүргізуші:

Жарық көрмей жатса да ұзақ, сен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім



2-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Үш тілде оқыту» бағдарламасын қолға алу мақсатында оқушыларды ұлы ақын-жазушылардың өлеңдерін үш тілде оқуға шақырамыз.


Оқушылар үш тілде өлеңдер оқиды.


Медетпек Салтанат

Ізбасар Камила

Алдабергенова Айдана









Көрініс: Қазақ тілі


Көрініс.

Тақырыбы: Қазақ тілі

Кейіпкерлер: Жүргізуші.

Мектеп формасын киген бес оқушы

Ұлттық киім киген «Қазақ тілі» мырза

1989, 1997, 1998, 2001, 2007,, 2017, 2020 жылдар


Сахнаға мектеп формасын киінген бес оқушы шығады.

1.Оқушы: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім, егер сені білмесем.

2.Оқушы: Ана тілім ─ дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

3.Оқушы: Ана тілім ─ әрекетім азығы,

Бар ғаламды тануымның қазығы,

Ой – санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге әз үні

4.Оқушы: Ана тілім ─ бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам не білем?!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің ─ анаң сыйлап өтіңдер.

5.Оқушы: Туған тілім ─ тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!

Музыканың төменгі ырғағымен сахнаға «Қазақ тілі» шығады (басында «Қазақ тілі» деген жазуы бар оқушы)

Қазақ тілі: ─ Сәлеметсіңдер ме, достар? Жаңағы Қазақ тілі туралы айтылған өлеңдерің маған тікелей қатысты болғандықтан алдарыңа келіп тұрмын. Танысып қоялық, менің атым...

Жүргізуші: Кешіріңіз, бәлкім сіздің кім екеніңізді балалар өздері де білетін болар. Балалар бүгінгі мерекеміздің басты кейіпкерін атаңдаршы.

Оқушылар: Қазақ тілі!

Қазақ тілі: Рахмет, балалар! Мені бәрің біледі екенсіңдер, ендеше араларыңда мемлекеттік тіліміз қазақ тілін сүймейтін, құрметтемейтін оқушы жоқ болғаны ғой. Бұл өте жақсы!

Баба тілін қадірле,

Болашақтан түңілме!

Айналайын боздақтар,

Аралас тілге үңілме!

Жүргізуші: Қазақ тілім дегенде, кешегі Колбин кезіндегі мына аз сәтті еске ала кетудің артықтығы жоқ. Қазақстанға алғаш келісімен – ақ алқын – жұлқын әрекеттерге басқан Г. Колбин бір жолы «келесі пленумда қазақша сөйлеймін» депті. Қашан да жағдайды саралап алып, салмақты ой айтуға дағдыланған елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «қазақтың жады мықты халық, уәде беруге асықпаңыз» деген ақыл береді. Бұл қазақ елі мен тіл тағдыры егіз екенін, бірінсіз бірінін күні жоқ екенін толғап, қылышты қынабынан сураты да тіл, қайта салдырытын да тіл екенін жақсы білетін, соны тығырықтан шығарудың әр алуан жолық қарастыру үстінде жүрген кезі болатын Нұрсұлтан Әбішұлының.

Оқушы: Құрметті Қазақ тілі бізге ана тіліміздің тарихы жайлы айтып беріңізші?

Қазақ тілі: Олай болса мен ортаға сындарлы кезеңдерде сүрінбеген жылдарымды шақырайын.

Сахнаға 1989, 1997, 1998, 2001, 2007, 2017, 2020 жылдар шығады


1989 жыл: Менің жылымда 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының “Тілдер туралы” заңы қабылданып, бұл «ҚазССР-індегі Тілдер туралы Заңда» «Қазақ тілі – ҚазССР-нің мемлекеттік тілі» болып бекітілді.

1997 жыл: 11 шiлдеде «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңы қабылданды. Осы Заңы 4-шi бабында: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi деп көрсетiлді.

1998 жыл: 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» бекітіліп, әрбiр қазақ азаматының бойында өзiнiң ана тiлiне деген құрмет, оның кұдыретiне бас июшiлiк сезiмi қалыптастырып, қазақ тiлiнiң көсегесiн көгерту мәселесі қаралды.

2001 жыл: «Тілдерді дамытудың 2001-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” қабылданып, тіл дамыту саласындағы шараларды жүзеге асыру “Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту” бюджеттік бағдарламасының негізінде қаржыландырылып, өз шешімін тауып отырды.

2007 жыл: ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы “Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасы бекітілді.

2017 жыл: Ал менің жылымда мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кем дегенде 80 пайызға жетеді”, - деп жобаланды.

2020 жыл: осы жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кем дегенде 95 пайыз болады.


Барлық қатысушылар сахнаға шығып хормен


Сүйінші халқым, сүйінші!

Ақ түйенің қарыны

Ақтарылар күн бүгін

Ақ киіздің үстінен

Тақ табылар күн бүгін,

Ана тілін ардақтап,

Шаттанатын күн бүгін

Біздің қазақ момынға

Бақ дарыған күн бүгін

Ежелгі арман, үміті

Ақтарылар күн бүгін!!!


Күй «Жұмыр қылыш» орындайтын Мәдібеков Данияр


1-жүргізуші:

Менің тілім- Мұқағали, Қасым тіл,

Жарқылдаған найзағайдай жасын тіл!

Момышұлы, Смаханұлы сияқты

Кер заманға имей өткен басын бірІ...


2-жүргізуші:

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім-деп Мұқағали ақын жырлағандай ұрпаққа сабақ болар деген оймен М.Мақатаевтың өз орындауындағы өлең жолдарын тыңдаңыздар.


М.Мақатаевтің өлеңін тыңдату





2-жүргізуші.

Тілі өлсе болмайды тірі халық,

Бірі өліп, тұра алмас бірі қалып.

Басқа емес өз Ана тілінде тек

Тіршілігін білдірер ұлы халық


1-жүргізуші:

Тілім менің - ғасырлардан аманат,

Аманатқа адал болсын Қағанат,

Ар - намысқа келтірмейік жаманат.

Қазақ болып туылдың ба,

Ендеше

Өз тіліңді өзгелерге бағалат.


2-жүргізуші:

Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығын артқыза берейік, ағайын!


Өз тілімізбен өмір сүрейікІ
























Б. Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған

«Өнер» мектеп-интернаты







Тақырыбы:



Shape1

«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»


















Шымкент қаласы



Бекітемін-----------------------

Б.Өтеп атындағы дарынды

балаларға арналған «Өнер»

мектеп-интернатының

директоры М.Есжанова

«-----» ----------- 2012 ж



Батырдың туған елі – Қызылорда өңірінде өтетін 2012 жылғы қыркүйек айында «Батыр бабаларымыздың рухына бас иеміз!» тақырыбында мектеп оқушыларының республикалық шығармалар конкурсына қатысатын оқушылар тізімі.



Р/с


Оқушылар тізімі



Cыныбы


Жетекшісі


1


2


3


4


Әмірұлы Темір


Убайдулла Жұлдыз


Байпанов Сапар


Тайыр Мағжан



9 «А»


9 «В»


9 «В»


9 «В»


Барлықбаева А.


Барлықбаева А.


Үмбетова А.


Үмбетова А.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
2429
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12