Алматы облысы, Қарасай ауданы
«Кемертоған орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қасымбекова Асель Рыскелдықызы
Мақала
Тілдік бірліктердің тағылымы
Тіл - халықтың жаны, ұлт мəдениетінің айнасы. Əрбір сөз, тұрақты тіркес, мақал-мəтел мен фразеологизм - ғасырлар бойғы тəжірибеден сұрыпталған рухани байлықтың көрінісі. Қазақ тіліндегі тілдік бірліктер тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сондай - ақ ұлттың дүниетанымы мен тəрбиелік дəстүрін жеткізетін тағылым мектебі болып табылады. Сондықтан тілдік бірліктердің тағылымдық мəнін ашу – жас ұрпақты ұлттық рухта тəрбиелеудің маңызды шарты. Тілдік бірліктер халықтың ойлау жүйесі мен өмір сүру салтынан туындайды. Мысалы, «Отан», «Ар», «Намыс», «Жомарттық», «Қайырымдылық» секілді сөздердің бойында ұлттың ең қастерлі құндылықтары жатыр.
«Отан» деген бір ғана сөз арқылы ата-баба жеріне құрмет, туған топыраққа деген сүйіспеншілік сезімі оянады. Ал «ар» мен «намыс» ұғымдары адамгершілікке, өзін-өзі қадірлеуге жетелейді. Демек, жеке сөздің өзі – тəлім-тəрбиенің негізіне айналатын семантикалық қуатты құрылым. Тілдік бірліктердің ішіндегі мақал-мəтелдер – тəрбиенің сарқылмас қазынасы. «Еңбек түбі – береке», «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Туған жердің түтіні де тəтті» секілді мақалдарда өмір шындығы, еңбекке баулу, отансүйгіштік сезімдері айқын көрініс табады. Əрбір мақал ізгілікке, ұқыптылыққа, адамдыққа үндейді. Мысалы, «Ырыс алды – ынтымақ» деген сөз тіршіліктің мəнін түсінуге, бірлік пен татулықты бағалауға үйретеді. Уақыт өтсе де мақалдардың мəні жойылмай, жаңа буынның санасына өнеге ретінде сіңеді. Сонымен қатар, фразеологизмдер де халықтың психологиясын, əдет-ғұрпы мен мінез-құлқын бейнелі түрде сипаттайды. «Қол ұшын беру» тіркесі – жəрдемдесу, көмектесу ұғымын білдірсе, «жүрегі тас» деген тіркес арқылы мейірімсіз, қатігез адам бейнеленеді. Бұл тұрақты тіркестер тек ақпарат жеткізумен 12 шектелмей, адам мінезін бейнелеп, жақсы-жаман қасиеттерді салыстыра отырып, оқушыға ой салады. Əсіресе «жерден жеті қоян тапқандай» деген фразеологизм адамның шамадан тыс қуанышын, ал «көңілі тасып» тіркесі ақжарқын сезімді білдіріп, эмоцияны жеткізудің тиімді тəсілі болып табылады. Тілдік бірліктердің тағылымдық мəні мұнымен шектелмейді. Олар арқылы ұлттық дүниетаным, салт-дəстүр мен əдеп нормалары жеткізіледі. Мысалы, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген тіркес қазақ халқының дəстүрлі отбасылық тəрбиесін көрсетеді. Бұл тілдік бірлік арқылы ұрпақ бойына кішіпейілділік, сыйластық сынды адамгершілік қасиеттер дарытылады. Демек, тілдік бірліктер – ұлттық мінездің айнасы, рухани тəрбиенің қайнар көзі. Тілдік бірліктерді оқу-тəрбие үдерісінде пайдалану оқушының тілдік қорын байытып қана қоймайды, оның ойлау жүйесін, дүниені қабылдау қабілетін жетілдіреді. Сабақ барысында белгілі бір сөздің этимологиясын талдау, мақал-мəтел мағынасын ашу, фразеологизмдерге байланысты шағын эссе жаздыру – оқушыны тəрбиелік тұрғыдан дамудың жаңа сатысына көтереді. Бұл тəсілдер арқылы оқушы тек тіл үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар адамгершілікке баулынады, ұлттық болмысын сезіне түседі.
Қорытындылай келе, тілдік бірліктер – халықтың рухани құндылықтарын бойына сақтаған тəрбиелік маңызы зор мəдени мұра. Əрбір сөз, мақал, фразеологизм – ұрпақ санасына жарық шырақ болып жағылатын тəрбие құралы. Сондықтан тілдік бірліктердің тағылымын терең меңгерту – жас ұрпақты ұлттық рухта тəрбиелеу жолындағы маңызды міндет. Рухани азыққа толы тілдік бірліктерді дұрыс түсініп, күнделікті өмірде қолдана білу – мəдениетті адамның басты белгісі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз