Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

«Тілге құрмет - елге құрмет» мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың абзал борышы. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсен, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған елінңің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тілге құрмет - елге құрмет»

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбділда Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.
Тіл ‑ халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан ‑ ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тілде ақиқатты танып білудің сан ғасырлық бай тәжірибесі жинақталған.Тіл-қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі,құдіретті! Ол әрбір адам болып туылған жанға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы.

Ұлттың мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.

Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың абзал борышы. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсен, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған елінңің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Тіл — халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Өз тілімізге алдымен өзіміз ие болуымыз қажет. Тілге деген құрмет алдымен әрқайсымыздың жүрегіміздің төрінен орын алуы керек. Ұлттық намыс, ұлттық рух әрқайсымыздың жүрегімізде ұйяламай іс бітпейді.
Егер Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамып нығайуына жауаптылықпен қарап, атап айтқанда мемлекеттік тілді басқа ұлт өкілдеріне үйретіп, мемлекеттік тілді насихаттайтын мақалаларды жиі жазып отырса, мемлекеттік тілдің келешегі нұрланып көркейе түсер еді.




Гүлнәр Досумова,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Қостанай қаласы.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2020
874
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12