Тақырыбы: «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» Брейн -ринг
Мақсаты:
Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата-баба дәстүріне адал болуға тәрбиелеу.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Мерей тіл туралы өлеңін оқиды.
____________________________________________________________
Ұлжан: - Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Бұл мереке1998 жылдан бері аталып келеді. Сол жылы ҚР президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қыркүйектің 22 – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды.
Ұлту: -2017 жылы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Тілдер күнін 5-қыркүйек деп бекітті. Сол күні тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан. Мерекелік датаның сол күнге ауыстырылуы ұлт зиялысының еңбегіне жасалған құрметтің бір белгісі.
Еліміздің көпұлтты болуына байланысты, бұл мерекені Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері мен ұлыстар атап өтеді. Қазір елімізде жүргізіліп отырған салиқалы тіл саясаты толеранттық тілдік орта қалыптастырудағы маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі болып саналады. Қазақстанда 100-ден асатын ұлтқа Ассамблея жанында тілдерін дамытуға мүмкіндік жасалған. Елімізде оннан астам этникалық топтың өз тілдерінде оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау орталықтары жұмыс істейді.
Ұлжан: - Осы мерекеге орай мектебіміздің 11 А және Ә сыныптары арасында «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» атты Брейн -ринг сайыс ретінде өткізгелі отырған шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын сайысты саралап бағалаушы ұстаздарымызбен таныстырып өтейін ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұлту : Сайыстың өту барысымен таныс болыңыздар
-
Кезең «Таныс болайқ» әр топ өз атауларымен таныстырады және сол атаудың мағынасын айта кету керек
-
Кезең «Ана тілің - арың бұл» сұрақ жауап. Әр топқа бес сұрақтан қойлады. Жауап бере алмаған жағдайда,сыныптастарынан көмек сұрай алады. Әр сыныптың жауабы өз тобына есептеледі.
-
Кезең «Ахмет Байтұрсынұлы алаш көсемі» бұл кезең Алаш зиялыларына арналады,Бес Арысымыз туралы сұрақтарға жауап береді.
-
Кезең «Мақал сөздің мәйегі» мақалды жалғастыру. Әр топқа алдарына бес мақалдың бір бөлігі беріледі соны жалғасыту керек .
Ұлжан: Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын. – дей келе топтар өздерін таныстырып өтсе
Топтар өздерін таныстырады
Ұлту: Ана тілінің тарихын білмеген адам өз ұлтына өз тіліне жаны ашымайды. Сәкен Сейфуллин Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті:
…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Осыны өскелең ұрпақ ,яғни біздер ешқашан ұмытпауымыз керек.
Ұлжан : келесі кезең «Ана тілің - арың бұл» сұрақ жауап.
Әр топқа 4 сұрақтан қойылады,әр дұрыс жауап бір ұпай,егер сол топ сұрақтың жауабын таба алмаса,сыныптастарынан көмек сұрауға болады. Сыныптастарының жауабы,қай сыныпта оқыса сол топқа ұпай болып қосылады.
Ұлту :__________________-топтың сұрақтары
1.Қазақсатан Республикасының тіл туралы заңы қашан қай күні қабылданды?
2.Қазақ сөзінің мағынасы қандай?
3.Қазақ тілінде қанша дыбыс қанша әріп бар?
4.Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан қай күні құрылды?
Ұлжан : ____________ топтың сұрақтары
-
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады ?
-
Ана тілі сөзінің орыс және ағылшын тілінде аудармасы?
-
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңында қанша бап қанша тарау бар?
-
Қазақстан халқы Ассамблеясында қазіргі таңда қанша мүше бар?
3 Кезең «Ахмет Байтұрсынұлы алаш көсемі» бұл кезең Алаш зиялыларына арналады,Бес Арысымыз туралы сұрақтарға жауап береді
-
Ахмет Байтұрсынов қашан ,қай жерде дүниеге келген?
-
А.Байтұрсыновтың алғаш қазақша жазылған тұңғыш әліппесі?
-
А.Байтұрсынов қандай атпен ату жазасына кесілген
-
Мағжан Жұмабаев қай жылы қайда дүниеге келген№
-
«Оян қазақ», «Бақытсыз Жамал» шығармаларының авторы?
-
Ахмет Байтұрсынов 1913-1917 жылдары қандай газетте редактор қызметін атқарған?
-
Шәкәрім Құдайбердіұлы қашан дүниеге келген?
-
1925-1929 жылдары Ахмет Байтұрсынов қай жерде оқытушы қызметін атқарған?
-
Бес арыстың ішінде қайсысы Павлодар облысында дүниеге келген?
-
Үш бәйтеректі атаңыз?

1. Өнер алды – ....................
3. Тіл тас жарады, ............................
4. Бас кеспек болса да, ............................
5. Шебердің қолы ортақ, .........................
6. Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл,
..............................................
7. Ақылдың көркі – тіл.
......................................................
8. Тілден артық қазына жоқ,
................................................
9. Тіліңді ноқталасаң,

10. Білекті адам бірді жығады,
.............................................
Өз тілің - бірлік үшін,......
Тіл сүйексіз болса да, ....
Сөз қадірін білмеген - ....
Ұлту: «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, – дей отырып бүгінгі «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» атты 11 -сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Мұса Баймұханов атындағы орта мектеп
«Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем»
Брейн -ринг
Өткізген: Ажигалиева Б.
Балпейсова Г.
Сыныбы: 11 «А»,11 «Ә»
Мақат 2023 жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тілім - өлшеусіз қазына,өрісі кең әлем

шағым қалдыра аласыз