Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тілім – менің тірегім 4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Тексерілді:

ОІЖО:

Ж.Айтбенбетова

Мектеп: «Достық» жом Мерзiм_19.10.2018ж _ №_7 _

Тақырып__Тілім – менің тірегім___

Құндылық: сүйіспеншілік _

Қасиеттер: тілді құрметтеу, сыйлай білу, адамгершілік _

Сыныбы: __4А _ Оқушылар саны_______


Сабақ мақсаты:

Оқушылардың «тіл», «Отан»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.


Сабақтың міндеттері:

Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру;

Ана тілін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Маркер, А4 ақ парақтары, оқулық, аудиокассета, видеокассета

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

а) Оқу құралдарын тексеріп шығу

б) Оқушыларды түгендеу

2.Тыныштық сәтi. (2 мин)

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

Суреттерге қарап отырып өнердің түрлері туралы шағын әңгіме жазып келу

  • Қазақтың ұлттық өнерінің қандай ерекшеліктері бар?

  • Өнердің қай түрін үйренгілерің келеді?

Д.Әбіловтың «Туған тілім» атты өлеңін жаттап келу.

  • Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?

  • Қандай адам өз тілін өте құрметтейді деп ойлайсыңдар?

  • Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

«Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім»

С.Торайғыров

  • Осы нақыл сөзді қалай түсінуге болады?

  • Неліктен бесікте жатқанымда-ақ берген білім деп тұр?


5.Әңгiмелеу (сұхбат). Мұғалім сыйлығы

Балалар мен ғалым (әңгіме)
Екі бала келе жатып, бір кітап тауып алыпты. Бірінші бала:
-Бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім,-дейді. Екінші бала:
-Жоқ, бұлкітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым,-дейді.
Екі баланың таласының үстінен шыққан ғалым оларға:
-Сендер хат танисыңдар ма?-депті. Балалардың екеуі де шынын айтып:
-Жоқ, хат танымаймыз,-дейді. Сонда ғалым:
-Кітап сендерге неге керек? Бұл кітапты мен алайын. Қай бұрын оқу білгенге беремін,-депті.

Сұрақтар.

  1. Екі бала олдан не тапты ?

  2. Ол кімге бұйырды?

  3. Кітап туралы қандай мақал айтылды?

  4. Сіз кітап туралы қандай мақал-мәтел білесіздер?

Сөздің атасы мен анасы

36 бет

Тозған қазды топтанған қарға жейді


  • Қаздауысты Қазыбек кім?

  • Ал сендер «Сөз атасы кім, анасы кім?» деп нені ойлайсыңдар?

  • Саудагер неге Қазыбекті сынағысы келді? Неліктен?

  • Саудагер Қазыбектің қай сөзіне ырза болды?



6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

«Тілім менің тірегім» сөзіне топтастыру жасаңдар. Суретпенде келтіруге болады. Тіпті өлең жолдарымен келтірсеңдер тіпті жақсы болар еді.

Оқушылар өз ойларын қорытып болғасын, оқып береді.



7.Топпен ән айту. (4 мин)

Елім менің

Сөзі: Н.Назарбаев

Әні: Б.Тілеуханов

8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

С.Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» тақырыбындағы әңгімесін оқып келу.

Дәптердегі нақыл сөздерді оқып мағынасын түсініп,

түсінгендеріңді дәптерлеріңе жазып келіңдер.


9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2019
828
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12