Т.Рысқұлов ауданы Жарлысу
ауылы
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Мейрманова Клара
Сергеевна
Тілім – өлшеусіз
қазынам Ана тілі - халықтың халық
болып жаратыл- ғаннан бергі жан дүниенің айнасы, өсіп-өніп,түрлене
беретін , мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүсіпбек
Аймауытов
Тіл мәселесі – қашан да өткір
әрі өзекті мәселе. «Ұлттың жаны – тіл» деген ұлылар сөзінде өмір
шындығы, адамзат тәжірибесінің түйіні, халқын сүйген, елін сүйген
әрбір азаматтың жүрек лүпілі жатқаны анық. Өзінің ана тілін өмірдің
барлық саласында емін-еркін, ұрпағы үшін, болашағы үшін қолданбаған
ұлттың қадамы қысқа болмақ.
Бұл мәселе осыдан 100 жыл
бұрын, ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының идеяларында ашық
көрініс тапқан. Қайтсем елімді алдыңғы қатарлы халықтардың қатарына
қосам деп өмірлерін сарп еткен Алаш қайраткерлері жер, шекара,
білім, кәсіп,экономика сияқты өміршең мәселелермен бірге тіл
тағдыры үшін күрескені бекер емес. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де
жоғалады» деп шырылдап, тілімізге төнген қауіпті алдын-ала болжап,
оның таза сақталуы үшін күресті. Олар араб әрпінен қазақтың тіліне
, дыбыс жүйесіне негіздеп әріп алу, соған сүйеніп оқу құралдарын
жазып, мектеп тілін қазақыландыру мәсе- лерін көтерді. Ахмет
Байтұрсынов сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты қазақтар да
пайдаланып отырған араб таңбалары қазақ тілі үшін қолайлы еместігін
, оны қазақ жұртының ұлттық жазуына икемдеп қайта түзеуді қолға
алды. Осылайша ол араб әріпті қазақ жазуының жаңа реформаланған
үлгісін жасады. Бұл қазақтың мәдени өмірінде үлкен рөл атқарып,
қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне , жазба дүниелердің
дамуына қызмет еткен прогрессивті құбылыс болды. Ахмет Байтұрсынов
оны одан әрі жетілдірді. 1959 жылға дейін бұл әліпби елімізде
қолданыста жүрді.
Қазақ емлесін оңайлату
турасында Жүсіпбек Аймауытов : «Қазақ емлесі орыс емлесіне жақын
болуы керек.Қазақ баласы орысша хат танымай тұрмайды. Өнер-білімді
мәдениетті ұрымтал орыстан үйренбекпіз... Қазақшаны таныған адам
орысшаны, орысшаны таныған адам қазақшаны тану қиын болмайды. Латын
әрпін қолданса , еліміз орыс тілімен тіпті жақын болуы керек.
Өйткені латын жазуы,әрпі орысшаға өте ұқсас » ,- деп өткен ғасырдың
20 жылдарында-ақ қазақ әліпбиін ауыстыру мәселесі көтерілгенде,
латын әліпбиіне ауыстыру жөнінде ой тастаған болатын. Міне, өмір
талабына сәйкес «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында
әліпбиімізді латын әріптеріне 2025 жылға қарай көшіру
міндеттелінді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бұл іске дайындықты
қазірден бастау керектігін тапсырған. Алаш көшбасшылары «Қазақ»
газеті арқылы тіл мәселесін бірінші орынға қойып, қазақ тілін
сақтап, әрі қарай дамыту керектігін , ол үшін қазақ балаларының
сауаттылығын ана тілінде ашып, ана тілінде оқулары қажет деп жазды.
Алаш зиялыларының тіл жөніндегі саясаты тәуелсіздік жылдарында
жүзеге асты. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды. Бүгінде қазақ
тілінің жауапкершілігі артты. Ол Қазақстан халқын біріктіруші күшке
айналды. 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп,
кез келген ортада күнделікті қолданыс тіліне айналады,
қазақстандықтардың барлық 95 пайызы қазақ тілін білетін
болады.
Елбасымыз білім беру жүйесінің
алдына қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, әлеуметтік
тұрғыда белсенді, ұтқыр,өзгерістерден қорықпайтын,халық үмітін
ақтауға даяр болашақ азаматтарды тәрбиелеу міндетін қойды. Мұның
бәрі – игілікті іс, қуанамыз,қуана,қолдай отырып, үлесімізді
қосамыз. Бірақ көңілде күдік те жоқ емес. Қаладағы қазақ баласы
орысша шүлдірлеп, ана тілінде сөйлеуге намыс-танып жатқанын көріп
қалғанда, телебағдарламалардан қара домалақ қазақ балаларының
орысша сөйлеп, артынша аударма жасап жатқанын көргенде күдігіміз
күшейе түседі. Қазақ деген оптимист халықтың ұрпағымыз ғой, алға
үлкен үмітпен қараймыз. Үміттенеміз,армандаймыз, сол жақсылықтарды
көргіміз де келеді. Ана тіліміздің ақ жолы ашық болса
екен.