жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тілім менің – тірлігімнің тірегі.
Тақырыбы:
Тілім
менің – тірлігімнің тірегі.
Мақсаты:
Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін
түсіне білуге шақыру.
Ана
тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
қабырға
газеті, ақын-жазушылардың суреттері.
Қанатты сөздер, тірек сызба,
сөзжұмбақ..
Әдісі:
Мерекелік іс-шара.
Сабақтың
барысы: Мемлекеттік
Гимн орындалады.
Кіріспе
Мұғалім сөзі.
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен
оқушылар! Бүгінгі «Тілім менің-тірлігімнің
тірегі» атты мерекелік іс-шараны ашық
деп жариялаймын! Балалар, қазіргі таңда
ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі
жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
1989 жылы, 22 қыркүйекте тұңғыш рет
Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы
қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік
тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы»
Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ
тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап
көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз:
«Тілін білмеген-түбін білмейді» деген.
Шынында, тілін білмеген адам өз халқының
тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде
сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет
емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін
көзінің қарашығындай сақтауға, білуге
тиіс. Болашағымызды баянды етер
қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей
білейік.
Тілім менің-тірлігім,
Тіл
жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл
жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім
менің, тілім менің-тірлігім!
Әрине,
тілімзідің тағдыры үшін күресте
халқымыз қам-қаперсіз болған емес.
Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын
азаматтар баршылық. Ұлылардан қалған
ұлы сөздерге құлақ асайық.
1-оқушы:
«Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ
шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.
2-оқушы:
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының
өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.»
Ғ. Мүсірепов.
3-оқушы:
«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана
тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің
қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М.
Әуезов.
4-оқушы:
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған
тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,
тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.
5-оқушы:
Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен
тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең
тілім.
Тарап кеткен балаларыңды
бауырына
Ақ көңілмен тарта аларсың,
сен тілім.
Ән:
«Анамның тілі»
Жүргізуші
: Тілім менің
тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай
болады күнім менің.
Өз халқыма
жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса
жырым менің
6-оқушы:
Мұхтар Шаханов. «Төрт ана».
Тағдырыңды
тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр
адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер,
демеп жүрер арқада
Болу керек
құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп
қазығы, айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын
байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі
Және
туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр
әрі қасиетті болса да.
Төрт анаға
әнін жолдай алмаған
Пенделердің басы
қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған
халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы
жанбаған.
Жүргізуші:
Қазағым тіліңменен жана берші.
Әуендетіп,
әніме сала берші.
Мәңгі даңқың
түспесін-қазақ тілі.
Көкейімде жатталып
қала берші.
Ән:
«Қазағым».
Жүргізуші:
Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз
ана тілін немесе туған тілің болса.
әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады.
Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі
қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің
міндетіміз.
7-оқушы:
Ана тілім-тірлігімнің тірегі,
Тілмен
ғана кірер адам реңі.
Тілсіз қоғам-өлі
мынау дүние,
Түсініксіз тылсымменен
бір еді.
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар
ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананың
өсуінің күәсі,
Ғасырлардың кейінгіге
өз үні.
Жүргізуші:
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген
дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым,
дара тілім.
Ән:
Абайдың әні: «Сегізаяқ».
Жүргізуші:
«Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға,
ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға
жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен
әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба
мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін
көтеру-мына баршамыздың міндетіміз,
парызымыз.
О, адамдар, қадіріне
жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап
өтіңдер!
Туған тілін танымаған
көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі
өкінер.
1-жүргізуші: Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.
Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.
2-жүргізуші: Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз.
1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.
2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер
8-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
9-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
10-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.
Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.
11-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.
12-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1% неміс тілінен аударылады.
Мұғалім: «Білекті
бірді, білімді мыңды жығады» Сұрақтарға
жауап беру.
1.Қазақ
тілі алғаш мемлекеттік тіл мәртебесін
қай жылы алды?(1989ж).
2.Бес
арыс кімдер?(М.
Жұмабаев,А.Байтұрсынов,М.Дулатов,
Ж.Аймауытов,Ш.Құдайбердіұлы.)
3. «Қазақтың
бас ақыны» атты мақаланы кім жазды?(А.
Байтұрсынов.)
4.Сөз
табының неше түрі бар?(9)
5.Қазақ
тілі қай тілдер тобына жатады.(түркі.)
6.Қазақстан
Республикасының рәміздерін ата(Ту,
Елтаңба, Әнұран)
7.Қазақстанда
кімдер «Халық қаһарманы» атағын
алды?(Нұрғиса
Тілендиев, Роза Бағланова, Қасым
Қайсенов.)
8.Қазақ
хрестоматиясын кім жазды?(Ы.
Алтынсарин.)
9.Қазақ
даласының жарық жұлдызы кім?(
Ш. Уәлиханов.)
10.Тілдер
мерекесі қашан?(22
қыркүйек.)
11.Дүние
жүзіндегі ең терең көл?(Байкал.)
12.Ата
заң қашан қабылданды?(1995ж
30 тамыз.)
13.Көне
заттарды сақтайтын орын?(Мұражай.)
14.Абайдың
аса дарынды шәкірті?(Шәкәрім)
15.Жүсіп
Баласағұн қандай кітап жазды?(«Құтты
білік».)
Мұғалім:
Тіл өнері («Өзге тілдің бәрін біл, өз
тіліңді құрметте»)
Мақал-
мәтелдің жалғасын табайық.
1.Тіл
тас жарады,
Тас
жармаса.....(бас
жарады.)
2.Бал
тамған тілден...(у
да тамады.)
3.Сөз
тапқанға....(қолқа
жоқ.)
4.Тіл
қылыштан...(өткір.)
5.Тіл
ақылдың.....(малайы.)
6.Ине
көзінен сынады,,,,(шешен
сөзінен сынады.)
7.Жақсы
байқап сөйлер, ......(Жаман
шайқап сөйлер.)
8.Піл
көтермегенді......(тіл
көтерер.)
9.Тауды
тасты жел бұзар......(адамзатты
сөз бұзар.)
10.Бас
кеспек болса да....(тіл
кеспек жоқ.)
12Тіліңмен
жүгірме.....(Біліммен
жүгір.)
15.Білім
қымбат...(Білу
қиын.)
16.Қына
тасқа бітеді......(Білім
басқа бітеді.)
17.Көз
көруге тоймайды....(Құлақ
естуге тоймайды.)
18.Білегі
күшті бірді
жығады...(білімі
күшті мыңды жығады.)
19.Ақыл
көркі-тіл...(тілдің
көркі-сөз.)
20.Ашу
–дұшпан, ақыл дос....(ақылыңа
ақыл қос.)
Мұғалім:
«Іздеген жетер мұратқа» салт дәстүрге
байланысты сұрақтар.
1Сәукелені
желегімен кім қай уақытта киген?(
Жаңа түскен келін киген.)
2.Айтыстың
ең көне түрі?(Бәдік
айтысы.)
3.Қазақтың
ұлттық ойындарын атап бер.(Тоғызқұмалақ,
Ханталапай, қыз қуу,ақсүйек,орамал
тастамақ т. б.)
4.Қазақтың
қандай тұрмыс –
салт
жырлары бар?(жар-жар,
сыңсу, қоштасу, беташар,
тойбастар
т.б.)
5.Үш
арсыз:(
ұйқы, күлкі, тамақ.)
6.Үш
қуат:( ақыл,
жүрек, тіл.)
Мұғалім:
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Оқушыларға
А. Ш. С. әріптері беріледі.Әр сұрақтың
жауаптары сол
әріптерден
басталуы қажет.
1.Қай
қалада тұрасың?
2.Сенің
сүйікті әншің?
3.Қандай
тағамды ұнатасың?
4.Сыныптағы
досыңның аты?
5.Мінез
құлқың қандай?
6.Қандай
мамандықты қалайсың?
7.Соңғы
шығарманы ата?
8.Жақғы
демалысыңды қайда өткіздің?
9.Қандай
гүлді қандай гүлді ұнатасың?
10.Мектепке
немен келесің?
1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.
2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.
Қорытынды:
Мұғалім: Тілім менің тірегім, дінім
менің,
Тілсіз
қандай болады күнім менің.
Өз
халқыма жетеді өз мәнінде
Өз
тілімде оқылса жырым менің.
Құрметті
оқушылар мен ұстаздар! «Тілім менің-
тірлігімнің тірегі» атты тәрбие сағатына
көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп
рахмет! Келесі
тіл мерекесінде жақсылықпен қауышқанша
сау –
сәлеметте
болыңыздар
шағым қалдыра аласыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген