Тілім менің тірегім

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тілім менің тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тілім менің тірегім, соғып тұрған жүрегім

Міндеті: Жас ұрпақтың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнерінің маңызы туралы білімдерін кеңейту. Өлеңдер, мақал-мәтелдер, ойындар арқылы өтілген шараның мәнін жеткілікті түсіндіру. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: суреттер,нақыл сөздер,шарлар, слайд т.б

Әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап. 

Тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті Тіл мерекесіне жиналған қауым.Ана тілі-адамның жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім.

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім  -дей отырып, Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған  «Тілім менің тірегім,соғып тұрған жүрегім»   атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіз.

Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып.

Ана тілін білу заңдылық

Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.



Тәрбиеші: Балалар , біз қай Республикада тұрамыз?

  • Біздің ұлтымыз кім?

  • Біз қай тілде сөйлейміз?

  • Біздің елімізді кім басқарады?

  • Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?

  • Балалар біздің ұлтымыз қазақ,өзіміз қай тілде сөйлейміз?

  • Біздер бүгін қай мерекені тойлап жатырмыз?

  • Мерекеге байланысты тақпақ білесіңдер ме?

 

Әмір: Ана тілім- елдігім,

Ана тілім –ерлігім

Тілді биік құрметтеп,

Тойлап жатыр ел бүгін.

 

Юлиана: Тілім барда мақтанам

Тілім менің апппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

 

Алихан: Ақыл- ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

 

Айсұлтан: Ана тілім-тірегім,

Ана тілім-жүрегім

Қасиетті елімнің,

Тек өзің деп білемін.

 

Тәрбиеші:  Келтіретін әр кезде сахна сәнін,

Көреді жақсы барлық туыстарын

Мектепалды даярлықтың балғындары

Шырқайды әсем шаттық әнін.

 

Ән: «Ана тілім тірегім»

 

Тәрбиеші: Ана тілің арың бұл,

                  Ұятың боп тұр бетте.

                  Өзге тілдің бәрін біл,

                  Өз тіліңді құрметте

 

Жарқыра: Сүйесің өз тіліңді,

                Боласың білімді.

                Өз тілің үйретер,

                Өнерді ғылымды,

                Ардақта тіліңді.

Нұрәли:  Жанымнан қымбат,

                 Ана тілім маған.

                 Ана сөзің тыңдап,

                 Үлгі өнеге алам.

Аңсар: Ана тілің білмесең,

                   Қадірлісің кімге сен?

                  Ана тілі арқылы

                  Тарихыммен тілдесем.

Тәрбиеші:  Өнерлерің үстем  болсын балалар ! Сендер тілге байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Қане, кім айтады?

 

Тәрбиеші:  Тіл тас жарады,  .....................

 

НұрайымЖақсы сөз- .............

 

ӘділТіл қылыштан.........

 

Аяулым: Шебердің қолы ортақ, .........................

 

МақсатБілімнің кілті .......

 

Тәрбиеші:Өнер алды ........

 

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Тіл туралы қандай ән білесіңдер?

 

Ән: «Ана тілім»

 

Тәрбиеші:Қане , кім жұмбақ шеше біледі?

 

Тәрбиеші: Тілмен ғана қызық менің тірлігім,        

                    Тату еткен елмен елдің бірлігін.

                    Туған тілмен асқақ шығып,ізгі үнім,

                    Туған тілде алып  жүрміз біз білім.

Би: «Қазақстан» 

Бауыржан Момышұлы «Қазақ тілі әр түрлі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің шебері»деген дей қашанда тіліміздің мәртебесін көтеріп, қадір-қасиетін қастерлей білейік.

Осымен құрметті ұстаздар,сүйікті бүлдіршіндер, ««Тілім менің тірегім,соғып тұрған жүрегім» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

 











54 «Айгүл» бөбекжай-бақшасы













Тақырыбы: «Тілім менің тірегім ,соғып тұрған жүрегім»

Мектепалды «Күншуақ» тобы





Өткізген: педагог- модератор Альдешева Қ.Б.















2024-2025 оқу жылы



54 «Айгүл» бөбекжай-бақшасы













Тақырыбы: «Қарты бар үй - қазына»

Мектепалды «Күншуақ» тобы





Өткізген: педагог- модератор Альдешева Қ.Б.















2024-2025 оқу жылы







Тақырыбы: «Қарты бар үй - қазына»


Міндеті: Балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Жаңа технологияларды қолдану арқылы жауапкершіліктің маңызын түсінуге өз өміріне қажетті дағдыларды игеруге ықпал ету.

Тәрбиеші: Балалар, 1 - Қазан қарттар күні деп белгіленген. Осы мерекелеріңізбен сіздерді асыл жанды әжелер мен аталарымызды құттықтаймыз. Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе жатқан жастардың міндеті. Ол кісілерді ұмытпай, ақылдарын тыңдап, көмектесу бәріміздің міндетіміз. Осы күнге арнап бүгінгі оқу іс әрекетімізді Қариялар күніне «Қарты бар – үйдің қазынасы бар» деген тақырыпта өтпек.
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз. Тәрбиеші: Қане кім айтады ата деген кім өзі? Балалар: Әкеміздің әкесі, анамыздың әкесі. Тәрбиеші: Әже деген кім болады ендеше? Балалар: Әкеміздің анасы, анамыздың анасы.

Тәрбиеші: Жұмбақ айтамын, шешімін табамыз.

1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған,

Ол кім?

Балалар: Ата.

2. Аймалайды «Күнім»деп,

Мейірімді жүзі күлім деп.

«Тәтті-ақ» дейді немере,

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім?

Балалар: Әже.

Тәрбиеші: Тамаша! Дұрыс айтасыздар, біздің әжелерімізге, аталарымызға арнап жаттаған тақпақтарымыз бар қане тыңдайық:

Фатима: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Әмір: Менің әжем,ақ әжем.

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып береді тағы әжем.

Адия: Менің әжем,гүл әжем,

Алтын әжем,нұр әжем.

Анам үшін,мен үшін,

Нағыз әжем,тіл әжем.

Айым: Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Мақсат: Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Кәусәр: Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

Тәрбиеші: Қанатты сөздер: «Қарты бардың қазынасы бар».
«Ата - анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің».
«Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр азайып қариялар»
Мақал мәтелдер:

1 - бала: Үлкенге үнемі сәлем бер.

2 - бала: Үлкенге қарсы шықпа

3 - бала: Үлкеннің батасын қабыл ал.

4 - бала: Үлкен кісіні ренжітпе.

5 - бала: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.

6 - бала: Ақылды қария – ағып жатқан дария.

Ән: «Әжетайым»
Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің қандай жақсы екен!
Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай керемет!
Жүргізуші:
Кім өзінің әжесі туралы айтып береді? Нұрәлі:....
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, жақсы да, нақыл да, асыл сөздерді тыңдап көп ой түйген болармыз деп ойлаймын. «Үлкендерді құрметте, сыйла, мейірімді бол!» - деп айтып жатырмыз, осы сөздерді өздеріңіз қалай түсінесіздер айтыңыздаршы?

(Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Ия, дұрыс айтасыздар құрмет, ізет, мейірімділік деген сөздің мағынасы осы. Кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

Интерактивті тақтадан бейнекөрсетілім тамашалау, балалардан өз ойларын айтқызу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2025
91
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі