Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТиПО математика оқытушыларына арналған ОЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні бойынша колледж оқытушыларына арналған ОЖБ
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Есенов КОЛЛЕДЖі» ЖШС


«Келісілді» «Бекітемін»
Аға әдіскер Басшының оқу-жұмысы

________ Спангалиева М.Ж. жөніндегі орынбасары

«____» __________ 2024 ж. ________ Надирова Ф.Е.

«____» ________ 2024 ж.

Пән бойынша оқу жұмыс бағдарламасы

ЖБП 3. Математика

Мамандығы: 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

10410500 Cу көлігін пайдалану (бейін бойынша)

07140100 Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

07240900 Мұнай және газ кен орындарын пайдалану

Біліктілігі: 4S06130105 Ақпараттық жүйелер технигі

4S07161304 Техник-механик

4S10410508 Техник-кеме жүргізуші

4S07140102 Техник-электромеханик

4S07240902 Техник-технолог


Оқыту нысаны: күндізгі, негізгі орта білім базасында

Курс: 1

Жалпы сағат саны: 120, кредит 5

Оқытушы ________________ Сактаганова А.Ж.

Жаратылыстану және математика

пәндік циклдік комиссиясы

отырысында қаралды

Хаттама №__ «____»____2024 ж. Төрайым ________ Э.Т.Атымтаева

Түсіндірме жазба



Пәннің/модульдің сипаттамасы

Үлгілік оқу бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2023 жылғы 06 қаңтардағы №1 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленген.

Мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы білім алушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикаикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.

Жаратылыстану-математика бағытына арналған математика пәнінің үлгілік бағдарламасында 15 бөлім қарастырылған. Олар: «Функция, оның қасиеттері және графигі», «Тригонометриялық функциялар», «Дәреже мен түбір. Дәрежелік функция», «Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер, жүйелер», «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар», «Көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер, жүйелер», «Функцияның шегі және үзіліссіздігі», «Туынды және оның қолданылуы», «Алғашқы функция және интеграл», «Математикалық статистика және ықтималдықтар теориясы», «Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік және перпендикулярлық», «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және кеңістіктегі векторлар», «Көпжақтар және айналу денелері», «Айналу денелері және олардың элементтері», «Денелер көлемдері».

Қалыптастырылатын құзыреттер

1) математика негіздерін сапалы меңгеру, тұлғаның зияткерлік қасиеттерін дамытуға бағытталған математикалық білімді, іскерліктер мен дағдыларды одан әрі қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар жасау;

2) математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, әртүрлі есептерді шешу үшін сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды зерттеуге ықпал жасау;

3) практикалық есептерді шешу кезінде қолайлы математикалық әдістерді таңдау, алынған нәтижелерді бағалау және олардың дұрыстығын анықтау үшін білім алушылардың логикалық және сыни ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Пререквизиттер: Орта мектептің 9 сыныбының Алгебра және Геометрия пәндері.

Постреквизиттер: «Дискреттік және жоғары математика», «Математикалық статистика»

Қажетті оқу құралдары, жабдықтар(оқу-зертханалық жабдықтар, оқу-өндірістік жабдықтар, техникалық оқыту құралдары, оқу-көрнекі құралдар, бейнесабақтар және т.б.)

- https://bilimland.kz/kk

- анықтамалық-нұсқаулық кестелер;

- мультимедиялық проектор;

- дидактикалық материалдар.

Әдебиеттер және оқу құралдардың тізбесі

Негізгі:

  1. А.Е.Әбылқасымова, З.Ә. Жұмағұлова, Алгебра және анализ бастамалары: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, Алматы: «Мектеп», 2019ж.


  1. А.Е.Әбылқасымова, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова, Алгебра және анализ бастамалары: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық, Алматы: «Мектеп», 2020ж.

  2. А.И.Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков, Р.Н.Жұмабаев, Алгебра және анализ бастамалары: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, Алматы: «Атамұра», 2019ж.

  3. А.И.Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков, Р.Н.Жұмабаев, Алгебра және анализ бастамалары: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық, 1-2 бөлім, Алматы: «Атамұра», 2020ж.

  4. В.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов, Геометрия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, Алматы: «Мектеп», 2019ж.

  5. В.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов, Геометрия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық, Алматы: «Мектеп», 2020ж.

  6. А.И.Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков, Р.Н.Жұмабаев, С. Маделханов, Геометрия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, Алматы: «Мектеп», 2019ж.

  7. А.И.Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков, Р.Н.Жұмабаев, С. Маделханов, Геометрия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық, Алматы: «Мектеп», 2020ж.

Қосымша:

  1. А.Е.Әбылқасымова, Т.П.Кучер, В.Е.Корчевский, Алгебра және анализ бастамалары: Әдістемелік нұсқау, 10 сынып, Алматы: «Мектеп», 2019ж.

  2. В.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов, Геометрия: Әдістемелік нұсқау 10 сынып, Алматы: «Атамұра», 2019ж.

  3. Е.А.Тұяқов, М.Дюсов, Геометрия: Есептер жинағы, 10 сынып, Алматы: «Атамұра», 2019ж.

  4. В.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов, Геометрия: Әдістемелік нұсқау 11 сынып, Алматы: «Атамұра», 2020ж.

  5. Е.А.Тұяқов, М.Дюсов, Геометрия: Есептер жинағы, 11 сынып, Алматы: «Атамұра», 2020ж.

Оқытудың қосымша ұсыныс құралдары:

  • анықтамалық-нұсқаулық кестелер;

  • мультимедиялық проектор;

  • дидактикалық материалдар.

Оқытушының байланыс ақпараты:

Т.А.Ә.

Сактаганова Асыл Жолдасовна


тел.: +77787100194

е-mail: ms.assak@mail.ru




















Семестрлер бойынша сағаттарды бөлу




Пәннің/модульдің коды және атауы

Кредиттер/сағаттардыңбарлығы

Оның ішінде

1курс

2курс

3курс

4курс

1семестр

2семестр

3семестр

4семестр

5семестр

6семестр

7семестр

8семестр

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Математика

120

60

60







Пән/модуль бойынша оқыту жиыны

5/120

2,5/30

2,5/30







Оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны


Тараулар/ Оқыту нәтижелері

Тақырыптар/бағалау өлшемдері

Барлық сағат саны

Оның ішінде

Сабақ

түрі

Студенттің педагогпен өзіндік жұмысы

Студенттің өзіндік жұмыс

Теориялық

Зертханалық тәжірибелік

Жеке




120

48

72





1

1 бөлім. Функция, оның қасиеттері және графиктері. 6/4/2

1) Функциянны зерттеу және графигін салу үшін функция ұғымы, функция түрлері туралы түсінік-терін қалыптастыру.

2) Графикалық кескін мен аналитикалық анықтамасы негізінде функцияның қасиеттерін ашу.

3) Өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін пайдаланып

графиктерді салыстыру.

4) f(g(x)) күрделі функциясын ажырату.


1. Тақырып 1. Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру. Техника-технологиялық процесте графиктерді сызып, қолдану./1) Функцияның анықтамасын түсіндіреді; 2) Функцияның берілу тәсілдері мен түрлерін ажырата алады; 3) Берілген функция графигіне түрлендірулер орындайды;

2

2



теориялық сабақ



2. Тақырып 2. Функцияның қасиеттері./
1) Функция қасиеттерін сипаттайды;
2) Функцияның анықталу облысы және функцияның мәндер жиынын табады.

2


2


практикалық сабақ



3. Тақырып 3. Кері функция ұғымы. Күрделі функция. / 1) Кері функцияны  табу жолдарын түсіндіреді; 2) Функцияның бірсарындылық аралықтарын анықтайды; 3) Күрделі функция формуласының мазмұнын түсіндіреді; 4) Функциялар композициясын құрастырады.

2

2



теориялық сабақ

2


2

2 бөлім. Тригонометриялық функциялар.

10/4/6

1) Тригоном. функцияларды, кері тригонометриялық функцияларды білу.

2) Құрамында кері тригонометриялық функциялары бар өрнектердің мәнін табу.

3) Тригонометриялық теңдеулерді шешу.

4) Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

4. Тақырып 1. Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу./1) Тригонометриялық функциянларды анықтайды; 2) Тригонометриялық функция-лардың қасиеттерін түсіндіреді; 3) Тригоно-метриялық функцияның графигін салады және график бойынша берілген тригонометриялық функцияның қасиеттерін сипаттайды.

2

2



теориялық сабақ



5. Тақырып 2. Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері. Арксинус, арккосинус. Арктангенс, арккотангенс./1) Кері тригонометриялық функциялары бар өрнектердің мәндерін анықтайды;

2


2


практикалық сабақ



6. Тақырып 3. Қарапайым тригонометриялық теңдеулер. /1) Тригонометриялық теңдеулерді шешу үшін формулаларды атайды; 2) Тригонометриялық теңдеулердің түрлерін атайды;

2

2



теориялық сабақ

2


7. Тақырып 4. Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу. әдістері/1) Тригонометриялық теңдеулердің түбірін табу формулаларын қолданады; 2) Тригонометрия-лық теңдеулер мен жүйелерді шешу әдістерін ажыратады;

2


2


практикалық сабақ


СӨЖ №1
жеке жұмыс (есептер шығару,бақылау жұмысы, тест, жеке үлестірме қағаздар,

функциялардың тарихы, түрлері, қасиеттері, қолданылуы туралы реферат жазу)

8. Тақырып 5. Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу./1) Тригонометриялық теңсіздіктердің шешімін түсіндіреді; 2) Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктер және теңсіздіктер жүйесі шешімдер жиынын координаталық жазықтықта бейнелейді.

2


2


практикалық сабақ

2

3

3 бөлім. Дәреже мен түбір. Дәрежелік функция.

6/2/4

1) Алгебралық өрнектерді түрлендіру.

2) Дәрежелік функциялардың графиктерін салуды меңгеру.


9. Тақырып 1. n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері. . Иррационал өрнектерді түрлендіру./1 ) n-ші дәрежелі түбір және n-ші дәрежелі арифметикалық түбірдің анықтамасының сәйкестігін табады; 2) Иррационал және алгебралық өрнектерді түрлендіруде n-ші дәрежелі түбір және рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданады.

2

2



теориялық сабақ



10. Тақырып 2. Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру./ 1) иррационал және алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін n дәрежелі және рационал көрсеткішті түбірдің қасиеттерін қолданады.

2


2


практикалық сабақ

2


11.Тақырып 3. Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі./ 1) Функциялардың графиктерін салу біліктілігін жетілдіру үшін дәрежелік функция қасиеттерін қолданады; 2) Берілген график бойынша дәрежелік функцияның қасиеттерін зерттейді.

2


2


практикалық сабақ



4

4 бөлім. Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер, жүйелер. 6/2/4

1) Иррационал теңдеулер, теңдеулер жүйелері, теңсіздіктер, теңсіздіктер жүйелерін шешу алгоритмін

меңгеру.


12. Тақырып 1. Иррационал теңдеулер мен олардың жүйелері/1) Иррационал теңдеудің анықтамасын түсіндіреді және иррационал теңдеудің мүмкін мәндер жиынын табады;

2

2



теориялық сабақ



13. Тақырып 2. Иррационал теңдеулер мен жүйелерді шешу әдістері./ 1) Теңдеудің екі жағын бірдей n-ші дәрежеге шығару тәсілі арқылы иррационал теңдеулерді шешеді;

2


2


практикалық сабақ


СӨЖ №2
жеке жұмыс (бақылау жұмысы, тест, жеке үлестірме қағаздар, тақырып бойынша жаттығуларды шешу; тақырып бойынша тест құрастыру)

14. Тақырып 3. Иррационал теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйелерін шешу алгоритмін игеру./ 1) Иррационал теңсіздіктердің анықталу облысын табады; 2) иррационал теңсіздіктерді теңсіздіктің екі жағын n-ші дәрежеге шығару әдісімен шешеді;

2


2


практикалық сабақ

2

5

5 бөлім. Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар.

6/4/2

1) График бойынша көрсеткіштік функцияның қасиеттерін сипаттау.

2) Логарифмі бар өрнектердің

мәнін табу.

3) График бойынша логарифмдік функцияның негізіне қатысты қасиеттерін сипаттау.

15. Тақырып 1. Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі/ 1) Көрсеткіштік функция анықтамасын түсіндіреді және оның графигін салады; 2) Негізге байланысты көрсеткіштік функцияның қасиеттерін қолданады. 3) Көрсеткіштік функцияның графигін салады.

2

2



теориялық сабақ



16. Тақырып 2. Сан логарифмі және оның қасиеттері/ 1) Сан логарифмін, ондық және натурал логарифмдерді анықтайды; /2) Логарифм қасиеттерін логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолданады.

2


2


практикалық сабақ



17. Тақырып 3. Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі/ 1) Логарифмдік функцияның анықтамасын береді және қасиеттерін сипаттайды; 2) Логарифмдік функцияның графигін салады.

2

2



теориялық сабақ



6

6 бөлім. Көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер, жүйелер. 8/4/4

1) Көрсеткіштік теңдеу, теңдеулер жүйесі, теңсіздіктерді шешу.

2) Логарифмдік теңдеу, теңдеулер жүйесі, теңсіздіктерді шешу.


18. Тақырып 1. Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері/1) Көрсеткіштік теңдеулерді шешу алгоритмін қолданады; 3) Көрсеткіштік теңдеулерді шешу тәсілдерін атайды;

2

2



теориялық сабақ



19. Тақырып 2. Көрсеткіштік теңсіздіктер және олардың жүйелері/ 2) Көрсеткіштік теңсіздіктерді шешуде көрсеткіштік функцияның негіздеріне қатысты қасиеттерін қолданады; 4) Көрсеткіштік теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешеді;

2


2


практикалық сабақ


СӨЖ №3

топтық жұмыс ("Ондық және табиғи логарифм-дер" тақырыбында-ғы реферат; есептеу жұмысы" калькуля тор көмегімен логарифмдік өрнектердің мәндерін есептеу"; "Логарифмдерді практикалық қолдану" тақырыбы бойынша баяндама-презентацияны қорғау)


20. Тақырып 3. Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері/ 1) Есеп шарты бойынша теңдеу мен теңсіздікті құрастырады; /2) Логарифмдік теңдеулерді шешу тәсілдерін түсіндіреді;

2

2



теориялық сабақ


21. Тақырып 4. Логарифмдік теңсіздіктер мен жүйелерді шешу әдістері./ 3) Логарифмдермен практикалық есептерді шешуде логарифмнің қасиеттерін, ережелерді қолданады.

2


2


практикалық сабақ

2

7

7 бөлім.

Функцияның шегі және үзіліссіздік.

4/2/2

1) Функцияның нүктедегі және аралықтағы үзіліссіздігін анықтау.

2) Функция графигіне жүргізілген асимптотаны сипаттау

22. Тақырып 1. Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі. Сандар тізбегінің шегі/1) Функцияның нүктедегі шегін және шексіздіктегі шегін есептейді; 2) Функцияның үзіліссіздік қасиеттерін қолданады. 3) Кесте түрінде ұсынылған шек мәнін сипаттайды.

2

2



теориялық сабақ



23. Тақырып 3. Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі. Функция графигінің асимптоталары/1) Функцияның үзіліссіздігін дәлелдеуде функцияның үзіліссіздік қасиеттерін қолданады; 2) Функция графигіне асимптота жүргізеді; 3) Асимптоталардың теңдеулерін құрады.

2


2


практикалық сабақ



8

8 бөлім.

Туынды және оның қолданылуы. 14/4/10

1) Функцияның туындысын есептейді.

2) Туындының физикалық және геометриялық мағынасын түсіну.

3) Күрделі функцияның туындысын табады.

4) Функцияны бірсарындылыққа зерттеу.

5) Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін анықтауда есептің математикалық моделін құрастыру.


24. Тақырып 1.Туындының анықтамасы. Туындыны табу ережелері. Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы/1) Анықтама бойынша функцияның туындысын табады;

2

2



теориялық сабақ



25. Тақырып 5. Күрделі функцияның туындысы /1) Күрделі функцияны анықтайды және құрастырады; 2) Есептер шығаруда күрделі функцияның туындысын табу ережесін қолданады.

2


2


практикалық сабақ

2


26. Тақырып 4. Тригонометриялық функциялардың туындылары. 1) Тригонометриялық функциялардың туындысын табады.

2


2


практикалық сабақ



27. Тақырып 5. Көрсеткіштік және логарифмдік функцияның туындысы. 1) Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туындысын табады.

2


2


практикалық сабақ



28. Тақырып 2. Туындының физикалық және геометриялық мағынасы. Техникалық-технологиялық процестерге байланысты есептерді шешу үшін туындыларды қолдану. Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі. Туындының физикалық және геометриялық мағынасы және оларды техника-технологиялық процестермен байланысты есептерде қолдану./1) Туындының физикалық және геометриялық мағынасын ашады; 2) Функцияны дифференциалдау ережелерін қолданады.

2

2



теориялық сабақ



29. Тақырып 7. Функцияның өсу және кему белгілері. Функцияның кризистік нүктелері мен экстремумдары. Техникалық-технологиялық процестерге байланысты есептердегі максимум және минимум нүктелерін табуға есептер шығару./ 1) Функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын қолданады; 2) Туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттейді және оның графигін салады.

2


2


практикалық сабақ



30.Тақырып 8. Туындының көмегімен функцияны зерттеу және оның графигін салу. Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері /1) Туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттейді және оның графигін салады; 2) Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмін қолданады;

2


2


практикалық сабақ

2

СӨЖ №4
топтық жұмыс (реферат «Физика мен техникадағы туындының қолданылуы»)



Барлығы

60

26

34



















ІІ-семестр

9

9 бөлім. Алғашқы функция және интеграл. Анықталған интеграл.12/4/8

1)Алғашқы функция және анықталмаған интегралды табу.

2) Анықталған интегралды, жазық фигураның ауданын және айналу денесінің көлемін есептеу.


1. Тақырып 1.Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері. Таблицалық интегралдар. /1)Алғашқы функция және анықталмаған интеграл ұғымын түсіндіреді; 2) Анықталмаған интегралды есептейді;

2

2



теориялық сабақ



2. Тақырып 2. Айнымалыны ауыстыру және бөліктеп интегралдау әдісі. / 1) есептерді шешуде айнымалыны ауыстыру және бөліктеп интегралдау әдістерін қолданады .

2


2


практикалық сабақ



3. Тақырып 3.Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл. / 1) Қисықсызықты трапецияның ауданын табу үшін Ньютон-Лейбниц формуласын қолданады;

2

2



теориялық сабақ

2


4. Тақырып 4. Анықталған интегралдың көмегімен жазық фигуралардың аудандарын есептеу. / 1) берілген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептейді.

2


2


практикалық сабақ



5. Тақырып 5. Анықталған интегралдың көмегімен айналу денесінің көлемін есептеу. / 1) Алгоритм бойынша айналу денесінің көлемін есептейді.

2


2


практикалық сабақ



6. Тақырып 5. Техника-технологиялық бағыт бойынша геометриялық және физикалық есептерді шығаруда анықталған интегралды қолдану. / 1) ) есептерді шешуде интегралдар кестесін пайдаланады.

2


2


практикалық сабақ



10

10 бөлім. Математикалық статистика және ықтималдықтар теориясы.8/4/4

1) Комбинаторлық есептерді ықтимал нұсқаларды жүйелі түрде таңдау және көбейту ережесін қолдану арқылы шешу; 2) ықтималдықтар теориясының негіздерін, ықтимал-дықтарды қосу және көбейту теоремаларын түсіндіру; 3) ықтимал-дық әдістерін қолдана отырып, практикалық есептерді түсіндіру. 4) дискретті кездейсоқ шаманың дисперсия-ның және математика-лық күтілім арасындағы байланысты, орташа квадраттық ауытқуды түсіндіру; 5) кездейсоқ шамаларды таңдама түрде сипаттау.

7. Тақырып 1.Комбинаторика элементтері және олардың ықтималдықтарды табуға қолданылуы. Ньютон биномы (натурал көрсеткішпен) жуықтап есептеулер үшін қолдану. Орналастырулар, комбинациялар және қайталанулармен және қайталанулар-сыз ауыстырулар. Комбинаторлық есептерді шешу. / 1) ықтималдық қасиеттерін қолдану арқылы кездейсоқ оқиғалардың ықтимал-дығын есептейді;

2

2



теориялық сабақ

2


8. Тақырып 2. Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері. Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері./ 1) Ньютон биномын (натурал көрсеткішпен) есептеу үшін қолданады;

2) ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелерін түсіндіреді; 3) ықтималдық әдістерін қолдана отырып, практикалық есептерді шығарады.

2


2


практикалық сабақ



9. Тақырып 3. Бас жиынтық және таңдама. Дискретті және аралық вариациялық қатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау. / 1) Дискретті кездейсоқ шама, дисперсия, математикалық күтілім және орташа квадраттық (стандартты) ауытқу арасындағы байланысты түсіндіреді; 2) дискретті кездейсоқ шаманы математикалық күтілімін есептейді; 3) дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясын және орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептейді.

2

2



теориялық сабақ



10. Тақырып 4 Кездейсоқ шамалар. Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлері. Математикалық статистика элементтерін қолдана отырып, практи-калық есептерді шешу. / 1) Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамаларды салыстырады; 2) кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың таралу заңының кестесін жасайды; 3) математикалық статистика элементтерін қолдана отырып, практикалық есептерді шешеді.

2


2


практикалық сабақ

2

СӨЖ №5
топтық жұмыс (бақылау жұмысы, тест, жеке үлестірме қағаздар, тақырыптық конспект, реферат, презентация, кіші зерттеу жұмысы)

11

11 бөлім.

Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік және перпендикулярлық.

6/4/2

1) Стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу.

2) Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуын сипаттау

3) Түзу мен жазықтықтың, жазықтықтардың

параллельдік және перпендикулярлық белгілерін ұғыну.

4) Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш, түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш

ұғымын меңгеру.

5) Үш перпенди-куляр туралы теориялық теореманы білу

11. Тақырып 1. Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары. Кеңістіктегі екі түзулердің өзара орналасуы. Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Екі жазық-тықтың өзара орналасуы. /1) Стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын түсіндіреді; 2) Стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын математикалық символдар арқылы жазады; 3) Кеңістіктегі параллель және айқас түзулер қасиеттері туралы білімін есептер шығаруда қолданады; 4) Түзу мен жазықтықтың, параллельдік және перпендикулярлық белгілерін, қасиеттерін түсіндіреді.

2

2



теориялық сабақ

2


12. Тақырып 2. Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш. Перпендикуляр және көлбеу. Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Үш перпендикуляр туралы теорема./ 1) Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрышты анықтайды; 2) Кеңістіктегі түзу мен жазықтық, жазықтықтар арасындағы бұрышты кескіндейді; 3) Түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты, жазықтықтар арасындағы бұрышты анықтайды; 4) Үш перпендикуляр туралы теореманы есептер шығаруда қолданады;

2


2


практикалық сабақ



13. Тақырып 3. Екі жазықтықтың арасындағы бұрыш. Екі жақты бұрыш. Кеңістіктегі қашықтық. Жазықтықтардың перпендикулярлығы. Жазық фигураның жазықтықтағы ортогональ проекциясы және оның ауданы. Техника-технологиялық бағыт бойынша есептерде кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығын қолдану.1) Кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясының мағынасын ашады; 2) Кеңістіктегі параллель және айқас түзулер қасиеттерін түсіндіреді; 3) Жазықтықтардың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін есептер шығаруда қолданады.

2

2



теориялық сабақ

2


12

12 бөлім. Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар.

8/4/4

1) Вектордың анықтамасын және кеңістіктегі векторларға амалдар қолдануды меңгеру.

2)Кеңістіктегі екі нүкте арасындағы арақашықтыққа есептеулер жүргізу.

3) Сфера теңдеуін табу.


14. Кеңістіктегі векторлар және оларға амалдар қолдану. Коллинеар және компланар векторлар. /1) Кеңістікте және жазықтықта векторды салады және оны сипаттайды; 2) Вектордың координаталарын және ұзындығын табады; 3) Кеңістіктегі векторлардың коллинеарлық және компланарлық шартын анықтайды; 4) Есептер шығаруда кеңістіктегі векторлардың коллинеарлық және компланарлық шартын қолданады.

2

2



теориялық сабақ



15. Кеңістіктегі вектордың координаталары. Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген векторды санға көбейту. Вектордың ұзындығы./ 1) Векторларды қосу және азайтуды, векторды санға көбейтуді орындайды; 2) Вектордың ұзындығын табады.

2


2


практикалық сабақ



16. Тақырып 3. Векторлардың скалярлық көбейтіндісі. Вектордың компланар емес үш векторға жіктелуі. Екі нүктенің арақашық-тығы. Техника-технологиялық бағыттағы қолданбалы есептерді шешуде координаталар мен векторларды пайдалану. / 1) Векторлардың скаляр көбейтіндісін табады. 2) Векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктейді.

2


2


практикалық сабақ

2

СӨЖ №6
жеке жұмыс (бақылау жұмысы, тест, жеке үлестірме қағаздар тақырыптық конспект, реферат, презентация жасау)

17.Тақырып 4. Сфера теңдеуі. Кеңістіктегі түзудің теңдеуі./ 1) Сфера теңдеуіне есептерді шешеді; 2) Кеңістіктегі түзудің теңдеуіне есептерді шешеді.

2

2



теориялық сабақ


13

13 бөлім. Көпжақтар.

Және айналу денелері

10/2/8

1) Көпжақтар ұғымын меңгеру.

2) Көпжақтардың элементтерін, бетінің аудандарын табуға арналған есептерді шығару.


18.Тақырып 1. Көпжақты бұрыш, геометриялық дене туралы түсінік. Көпжақтар туралы ұғымы. Дұрыс көпжақтар. Техникалық-технологиялық процестегі көпжақтар. Дұрыс көпжақтар. Техникалық-технологиялық процесте дұрыс көпжақтарды қолдану./ 1) Көпжақтар және олардың элементтері туралы түсінік береді;

2) көпжақтар қасиеттерін түрлері бойынша түсіндіреді; 3) көпжақтарды бейнелейді; 4) дұрыс көпжақтардың түрлерін анықтайды.

2

2



теориялық сабақ



19.Тақырып 2. Призма, тікбұрышты параллелепипед және олардың қасиеттері. Куб. Призманың бүйір және толық беттерінің ауданы. / 1) Призма мен оның элементтерін анықтайды; 2) Есептерді шығару кезінде призманың бүйір және толық бетінің ауданының формулаларын қолданады.

2


2


практикалық сабақ

2


20.Тақырып 3. Пирамида және оның элементтері. Қиық пирамида. Египет пирамидалары. / 1) Пирамида, қиық пирамида және олардың элементтерінің анықтамасын біледі;

2


2


практикалық сабақ



21.Тақырып 4. Пирамиданың бүйір және толық беттерінің ауданы. Қиық пирамида бүйір және толық беттерінің ауданы. / 1) Есептерді шешу кезінде пирамиданың және қиық пирамиданың бүйір және толық бетінің ауданы формулаларын қолданады.

2


2


практикалық сабақ



22.Тақырып 5. Техника-технологиялық бейінде көпжақтардың қолданылуы. Техника-технологиялық бейіндегі көпжақтарды пайдаланып қолданбалы есептерді шығару. Көпжақтарды жазықтықпен қию. /

2


2


практикалық сабақ



14

14 бөлім. Айналу денелері және олардың элементтері. 8/2/6

1) Айналу денелерін білу.

2) Айналу денелерінің бүйір және толық бетінің аудандарын есептеу.

3) Айналу денелерінің элементтерін табуға арналған стереометриялық есептерді шешу.


23.Тақырып 1.Цилиндр және оның элементтері. Цилиндр бетінің ауданы. Цилиндр мен оның элементтерін техникалық-технологиялық процесте қолдану. / 1) Цилиндр және оның элементтерін анықтайды; 2) цилиндрді жазықтықта бейнелейді; 3) цилиндрдің жазықтықпен қималарын бейнелейді; 5) цилиндр элементтерін элементтері және бетінің ауданын табуға есептер шығарады.

2


2


практикалық сабақ



24.Тақырып 2.Конус және оның элементтері. Конус бетінің ауданы. Киық конус және оның элементтері. Қиық конустың бетінің ауданы. Конус және оның элементтерін техникалық-технологиялық процесте қолдану. / 1) Конус, қиық конус және олардың элементтерін анықтайды; 2) жазықтықта конусты, қиық конусты бейнелейді; 3) конустың көлденең қимасы, конустың жазықтықпен қимасын бейнелейді; 4) конустың, қиық конустың элементтері және бетінің ауданын табуға есептер шығарады.

2


2


практикалық сабақ

2


25.Тақырып 3.Сфера, шар және олардың элементтері. Техникалық- технологиялық процестегі шар мен сфераның элементтері. Сфера бетінің ауданы. / 1) Сфера, шар және олардың элементтерін анықтайды; 2) сфераны, шарды жазықтықта бейнелейді; 3) сфераның, шардың жазықтықтағы қималарын бейнелейді; 4) сфера, шар элементтері және бетінің ауданын табуға есептер шығарады.

2


2


практикалық сабақ



26.Тақырып 4.Сфераға жанама жазықтық. Екі сфераның қиылысуы. Айналу денелерін жазықтықпен қию. / 1) есептерді шығару кезінде сфера, шар және олардың элементтерінің қасиеттерін пайдаланады.

2

2



теориялық сабақ



15

15 бөлім. Денелер көлемдері.

8/2/6

1) Призма, пирамида және қиық пирамиданың көлемдері анықтамасын меңгеру.

2) Цилиндр, конус және қиық конус, шар көлемдері

анықтамасын меңгеру.

27.Тақырып 4. Дене көлемі. Дене көлемінің жалпы қасиеттері. Призманың көлемі. / 1) Кеңістік денелері көлемдерінің қасиеттерін түсіндіреді; 1) Призманың көлемдерін табу формулаларын қолданады

2

2



теориялық сабақ



28.Тақырып 4. Пирамиданың көлемі. Қиық пирамиданың көлемі. / 1) Пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын қолданады

2


2


практикалық сабақ

2


29.Тақырып 4. Цилиндр көлемі. Конустың көлемі. Қиық конустың көлемі. / 1) Цилиндр, конус және қиық конус, шар көлемдерін табу формулаларын қолданады;

2


2


практикалық сабақ



30.Тақырып 4. Шар және оның бөліктерінің көлемі. Кеңістіктіктегі фигуралардың ұқсастығы. Геометриялық денелердің комбинациясы. Техника-технологиялық бейіндегі қолданбалы есептерді шығару. / 1) Шар және оның бөліктерінің көлемдерін табу формулаларын қолданады; 2) айналу денелерінің көлемін есептеу үшін есептер шығарады.

2


2


практикалық сабақ

2

СӨЖ №7
case-study
(кіші зерттеу жұмысы, денелердің модельдерін жасау, презентация)



Барлығы

60

22

38



36




Жалпы сағат саны

120

48

72







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2025
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11