Материалдар / «ТІРІ БОЛСАМ, ҚАЗАҚҚА ҚЫЗМЕТ ҚЫЛМАЙ ҚОЙМАЙМЫН»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ТІРІ БОЛСАМ, ҚАЗАҚҚА ҚЫЗМЕТ ҚЫЛМАЙ ҚОЙМАЙМЫН»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан қазаққа қызмет етудің, халыққа қызмет етудің хас үлгісін көрсетіп кеткен қайраткер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2022
2780
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«...ТІРІ БОЛСАМ, ҚАЗАҚҚА ҚЫЗМЕТ ҚЫЛМАЙ ҚОЙМАЙМЫН»

 «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан қазаққа қызмет етудің, халыққа қызмет етудің хас үлгісін көрсетіп кеткен қайраткер. Сертке адалдықтың, антқа беріктіктің, ұлт алдындағы жауапкершілік жүгін қара нардай көтере білудің үлгісін үйретіп кеткен тұлға. Қазақ «қылыш үстінде серт жүрмейді» десе де, жаны оққа байлаулы шақта да сертінен танбады. Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Бөкейханның саяси маңызды тұжырымы – тәуелсіздік жолында қарудың күшіне емес, білімнің күшіне сену болатын. Өзі адал қызмет етуге серт берген қазақты ұлттық тәуелсіздікке бастайтын жол – заман талабына сай ұлттық мәдениет қалыптастыру, қазақ қоғамын еуропалық деңгейге жеткізу деп сенді. Ол осы мұрат жолында аянбай еңбек етті, ғылымда, оқу-ағарту саласында, мәдениет мәселелерінде, саясатта осы ұстанымынан айнымады. 

Әлихан Бөкейханның «қазаққа қылған қыз­ме­тіне» көз жүгіртсек, ұшан-теңіз мұхиттай, кең шалқар даладай түгесілмес еңбекті көреміз. Бірқатарын ғана санамалап өтсек, ол ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қойған тұлға, тарихшы, ­этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, ­публицист ретінде қазақтың саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпес із қалдырған жан.

Алаш идеясын, Алаш мүд­десін жеткізген Әлихан ­Бөкей­хан: «Қазақтың байырғы ­же­рін қазақтар ғылым мен техникаға сүйеніп толық игер­мейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да беріл­мейді... Оның әрбір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме ­болып қадалу керек... Қазақтың ­же­рінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек» деген сөзі осы күні де жанымызға жақын екенін несіне жасырайық? Біз осы нөмірде сұхбатын жариялап отырған алаштанушы ғалым, академик Мәмбет Қойгелді Әлихан Бөкейхан есімі ХХ ғасырдағы өзге ұлт көсемдерімен қатар аталатын тұлға дейді. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Әлихан есімін ұлықтау үшін әр ауыл, аудандардағы көшеге оның атын беруіміз керек екенін айтады.

Қазаққа қызмет еткен Әлихан Бөкейханға біздің қызметіміз сол – оның ұлттық идеясын жалғасты­руымыз ғой.

Күні кеше ғана қазақ жұрты «Әли­ханның есімімен аудан аты аталатын болды» деп сүйіншілей хабар таратты. Аудан емес, одан да зорына есімін беру тұлғаның тақиясына тар келмес еді, ол күн де алыс емес шығар...

ӘЛИХАН –  ҰЛТ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ  АДАЛ ТҰЛҒА

–  Әлихан Бөкейханның қызметіне, ұлт тарихында алатын орнына байланысты осы күнге дейін нақты бір тұжырымға келе алмай отырмыз. Ондай кемшілігіміз барын мойындауымыз керек. ХХ ғасыр басындағы қазақ мемлекеттілігін құруға бет алған топтың арасында Әлихан жалғыз болған жоқ. Оның жанында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов сияқты тұлғалар жүрді. Смағұл Сәдуақасов, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, ­Жалау Мыңбаев сияқты жас буын ұлт-азаттық күрескерлерінің соңынан ерді.

«ХХ ғасыр басында қазақ қоғамына қозғау салған Әлекеңнің ұлылығы, кемелдігі неден байқалды?» деген сауалға жауап іздегенде, мына бір жайтқа көңіл аударғанымыз жөн. Әлекең – ХХ ғасыр басындағы уақытта ұлт алдындағы тарихи міндеттерді дәл анықтай алған тұлға. Ұлт зиялыларының ең негізгі міндеті – тарихи сын сағатта ұлт ұстанымын көрегендікпен анықтай білуінде ғой. Тұлғаның кемелдігі де, білімі де, дайындығы да сондай сәттердегі шешім шығарудан, жол таңдаудан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, Әлекең қазақ ұлтының ХХ ғасыр басындағы міндеттерін анық болжап, тани білді. Мысалы, біз ол кезде Ресейдің құрамындағы ел едік. Ресейде де түрлі ағымдар, партиялар болды. Олар қол астындағы жұртқа өз бағдарламасын ұсынды. Қазақ қоғамын өз орбитасына тартқысы келді. Міне, осындай жағдайда Әлекең бастаған қазақ зиялылары қоғам тамырын дәл баса біліп, қазақ ұлтына өзіне тиесілі жолды көрсете алды. Қазақтың өз жолы, тағдыры барын айтып, сол бағыттан ауытқымауға шақырды. ХХ ғасыр басындағы қа­заққа керегі ұлттық еркіндік, ұлттық құндылықтардың жоғалмауы еді. Қазақ халқына, оның болашақ ұрпағына, ең алдымен, қазақ жерінің тұтастығын сақтау қаншалықты маңызды болса, ол үшін ұлттық мемлекеттіліктің іргетасын қалау соншалықты өзекті болды. Ұлттық ұстаным мен құндылықты жаңғыртпай, ұлттық мемлекет те құра алмайтынымызды олар түсінді. Осы міндетті тура анықтап, ұлт алдында мәселені дер шағында қоя білді. Біз бір нәрсені ұмытпасақ екен. Советтік тарихнамада «Қазақ халқына тура жолды ұсынған – большевизм» деп бір кездері айттық қой. Қазақ халқы таптық жіктелу жолына түскені, большевиктердің соңына ергені дұрыс деп келдік. Әлекеңдер, Ахаңдар: «Бұл рөл – біздің рөл емес, ол біздің ұлттық мүддемізге сәйкес келмейді. Бізге керегі таптық жіктелу емес, ұлттық тұтастық» деген сөзді сол кезде дәп басып айтқан болатын. «Ұлттық тұтастық болмаған жерде мемлекеттілігімізді қалпына келтіре алмаймыз, ұлттық мемлекеттілігімізді жаңғырта алмаймыз» деген қарсы уәжі сол заман талабына сай келетінін бүгін мойындап отырған жоқпыз ба?

Әрине! Әлкең бастаған топ сол мұрат жолында ұлтқа не керек екенін, большевиктермен салыстырғанда, дәл тани алды. Қазақ мұратына бірігу жолында большевизмнен Алаш идеясы жоғары тұрғанын дәлелдеді. Қазіргі уақытта да бұл мұрат жолы біз үшін өте маңызды. Әлекең бастаған зиялылар тобы ХХ ғасыр басында ұлттық міндеттерді анықтауда теориялық дайындығы жоғары дәрежеде болғанын мойындамасқа амал жоқ. Бұл ұлт үшін өте маңызды еді.

ХХ ғасырда патшалы Ресейде большевизм жалпыимпериялық саяси күшке айналды. Соның нәтижесінде большевиктер ұсынған революциялық жол басымдық алды. Осы жерде бір сауал туады. Біріншіден, пролетарлық деп аталған 1917 жылғы қазан төңкерісі қазақ қоғамының ішкі сұраныстарынан туған революция ма еді? Осы сұраққа жауап табу біз үшін өте маңызды. Екіншіден, Ресей империясында большевиктер үкімет басына келген соң қазақ жерінде орныққан советтік автономиялық республика мемлекеттік, мазмұндық тұрғыдан ұлттық үкіметтік құрылым ба еді? Басқаша айтқанда, Совет үкіметі ұлттың ішкі сұраныстарына жауап берген мемлекеттік құрылым бола алды ма? Үшіншіден, Совет үкіметі атынан 1920-30 жылдары жүргізілген саяси-экономикалық және мәдени реформалар қазақ қоғамының ішкі сұраныстарына сәйкес келіп, оларды қанаттандыра алды ма? Менің түсінігімде Отан тарихында осы үш сұраққа жауап табылып, ол жауап ғылыми тұрғыдан жазылғаны жөн. Кезінде бұл революциялық өзгерістерді біздің зиялыларымыз қабыл алған жоқ. Ахмет Байтұрсынұлы «Октябрь революциясы біз күтпеген жат қонақ еді» дейді. Мағжан Жұмабаев «Бұл төңкеріс қазақ үшін өз тарихы тудырған, өз өмірінен қайнап шыққан төл құбылыс емес. ­Еуропа тарихынан туындап, орыс шындығы арқылы сырттан келген жат құбылыс болды» дейді. Басқаша айтқанда, қазақ қоғамының жетекші де белсенді бөлігі қазан төңкерісінің идеяларын қабылдаған жоқ. Ол неге байланысты? Әрине, қазақ қоғамының сол кезеңдегі алдында тұрған міндеттеріне байланысты еді. Ол кездегі қазақ қоғамының алдында тұрған негізі міндет – ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту болатын. Сол арқылы атамекен жерін, ұлттық құндылықтарды сақтап қалуға ұмтылды. Осы мәселені бөліп айтқанымыз дұрыс.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен репрессия құрбандарын толық ақтауға байланысты кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Осы бағытта бірталай жұмыс басталды. Мен осы комиссияның мүшесімін. Комиссия мүшесі ретінде осы бағытта бірталай іс-шаралар қолға алынғанын айта кетуім керек.

Жалпы Әлихан Бөкейхан бастаған топтың өз идеясына, ұстанымына беріктігі, тазалығының бастауы қайда жатыр деген сұрақ тууы заңды. Осы ретте мынаны айтар едім. Әлекең өз идеясына құлай берілген тұлға. Әлекең өз идеясын тұжырымдап, сол ойдың төңірегінде халықты топтастыра білді. Соңына ерген халықтың жауапкершілігі де өз мойнында екенін анық түсінді. Әлекеңдер ұлтының, мұраттас серіктерінің алдындағы жауапкершіліктен ешуақытта жалтарған емес. Бір мысал келтірейін. Отыз жетінші жылы Әлихан Бөкейхан Мәскеудегі Бутырка түрмесіне жабылды. Оған тергеуші: «Алаш қозғалысын кім бастады, оның басында кім тұрды?» деп, сұрақ қояды. Әлекең: «Алаш қозғалысын бастаған менмін, Алаш идеясын да айтқан менмін, Алаш съезін, партиясын өмірге әкелу үшін бастамашы болған да мен едім. Екінші жалпықазақ съезінде Төраға болып сайланғаным да рас» деп, бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алады. Қандай қуғын-сүргін көрсе де ол өз идеясын сатқан жоқ, өз ұстанымынан жалтарған емес. Ұлт алдында, тарих алдында жауапкершіліктің жүгін мойнымен көтере білді, керек десеңіз, қанымен өтеді.


Бір нәрсені анық түсінсек деймін. ХХ ғасыр басында халқын ұлт-азаттық күреске бастаған өзге ұлттардың тұлғалар шеруінде Әлихан жұлдызы да жарқырай көрінді. Біз оны, ең алдымен, өзіміз мойындауымыз, содан кейін өзгелерге де мойындата білуіміз керек.

Әлекең, Ахаң, Міржақып бас­таған Алаш қозғалысы – ­ұлт-аза­т­­тық қозғалыс болатын. Алаш қозға­лы­сының қайраткерлері – ұлт-азаттық қозғалысының қайраткерлері. Әлекең бастаған зиялылар құрған Алашорда үкіметі, қазақ мемлекеттілігін жаңғырту әрекетін мақсат тұтқан үкімет болатын. Менің түсінігімде, қазір жұмыс істеп отырған, репрессия құрбандарын ақтауға құрылған комиссияның бірден-бір ұстанымы ұлт мәселесімен тікелей байланысты болуы керек. Ол үшін, біріншіден, «Алаш қозғалысы – қазақтың ұлт-азаттық қозғалысы» деген құжатты ресми даярлауға тиіспіз. Екінші, Алаш қайраткерлері ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлері екенін ресми мойындағанымыз абзал. Үшіншіден, Алашорда үкіметі қазақ мемлекеттілігін жаңғыртуға ұмтылды деген мазмұндағы саяси құжат қабылдау керек. Осы кезге дейін Алашорда үкіметіне қатысты жалған тұжырымдар айтылып келді ғой. Жоғарыда мысалға келтірген үш құжатты қабылдасақ, Алаш қозғалысына, Әлекеңдердің саяси қызметіне қатысты ресми баға берер едік. Ол құжатты ең жоғарғы деңгейде, тіпті Парламент бекітсе,  тіптен тамаша. Міне, осындай іс-шаралар жасалған уақытта біз Әлихан Бөкейхандар айтқан Алаш идеясына бір табан жақындай түсетініміз анық.

Әлекеңнің ­саяси қызметі ресми мойындалмады. ­Жалпы ақтау парағымен есімі елге жетті. Алашқа қатысты бірнеше ресми құжат қабылдауымыз керек дедім ғой. Міне, мемлекеттік жоғарғы органдардың мақұлдауымен ресми құжат қабылданса, Әлекеңнің ресми деңгейде мойындалуы сол болар еді. Алашорда үкіметі қазан төңкерісін қолдаған жоқ. Екінші, революция нәтижесінде өмірге келген үкіметті, үшінші, ол үкімет жасаған ­реформаларды құптамады. Олардың өз бағыты, ұстанымы, үкіметі болды. Біз сол үкіметтің ресми іс-шараларын қазақ мемлекеттілігі жолындағы бастамалар екенін анық түсініп, құжат жүзінде ресми мойындағанымыз абзал.

Ұлттық тәуелсіздік жолында күресу, тәуелсіздік құндылықтарын сақтау – Алашорда үкіметінің мақсат-мұраты болды. Сол үшін мемлекеттілікті жаңғыртуды көздеді. Ұлттық мемле­кет­тілікті жаңғыртпай, ұлттық құн­дылықты сақтай алмаймыз. Олар осы тұжырымды жасау арқылы өз заманындағы ең биік дәрежеден көрінді. Теориялық тұрғыдан қазақ болашағы жолында ол тұжырым большевизм тұжырымынан жоғары тұрды. Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлері большевим мұратының қазақ мұраты емес екенін айқын сезінді. Міне, осы жайттарды мойындағанда ғана Әлихан жолын мойындаймыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!