Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тірі табиғаттағы үдерістер

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

6.3А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицей

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:Кадиева А.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Тірі ағзаларға тән үдерістер


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.2 тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру.

§34 (Ағзалардың көбеюі және өсуі).

Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • тірі ағзалара тән үдерістерді анықтау;

  • ас қорыту мүшелері реті мен атқаратын қызметтерін сипаттау.

Бағалау критерийлері:

1. Тірі ағзаларға тән үдерістерді атайды;

2. Адамның ас қорыту мүшелерінің орналасу ретін анықтайды;

3. Ас қорыту мүшелерінің атқаратын қызметтерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Ас қорыту мүшелерінің орналасу реті мен, мүшелердің атқаратын қызметі туралы жазбалар жасап, есеп дайындай алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

қоректену, ас қорыту, тыныс алу, көбею, ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, (ұлтабар – он екі елі ішек), ащы ішек, тоқ ішек (соқыр ішек, тік ішек, аналь тесігі)

Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

  • Барлық тірі ағзаға..., ..., ..., ... және ... тән.

  • Ауыз қуысында қоректік зат..., өйткені…

  • Асқазанда ..., өйткені ...

Ащы ішекте ас..., өйткені... .

Құндылықтарды дарыту


Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық - өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық - оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады.

Пәнаралық байланыстар

Биологиялық ұғымдар туралы көбірек біледі.

НЕМЕСЕ

Топта жұмыс істегенде оқушылар биологиялық терминдерді қолданатын болады.

Бастапқы білім


Оқушылар 5 – ші сыныпта тірі ағзаларға тән қастеттермен танысты. Оқушылар тірі ағзаларға тән қастеттерді атай алады, ажырата алады. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында тірі ағзаларға тән қастеттерді сипаттау арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


0-5
















5-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар жұптарға бөлінеді. Топтар «5.4.2.1 тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін тірі ағзалардың суреттері бар карточкаларды ағзалардың қоректенуіне байланысты үш топқа топтастыру арқылы көрсетеді. Ағзалардың қоректену типтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.


Дескрипторлар

Оқушы

Ағзаларды топтастырады;

Қоректену типтерін анықтайды;

Қоректену типтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.


2. Ой шақыру.

3. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Қосымша 1
















Сабақтың ортасы

10-15







15-20





20-22


















22-32
































32-37

4. «Нысана» әдісі. Оқушылар адам денесі кескініне мүшелердің атауы жазылған карточкаларды (ауыз, өңеш, асқазан, (ұлтабар – он екі елі ішек), ащы ішек, тоқ ішек (соқыр ішек, тік ішек, аналь тесігі) орналастырады.

Адамның ас қорыту жүйесі астың қорытылуын (физикалық және химиялық өңдеу арқылы), ыдырау өнімдерінің қанға сіңірілуін және өңделмеген қалдықтардың шығарылуын жүзеге асырады. Ас қорыту жүйесі асқазан-ішек жолы және көмекші мүшелерден тұрады.

5. Бейнеролик «Қоректің қорытылуы».

https://bilimland.kz/kk Оқушылар бейнеролик қарап болғаннан кейін, ас қорыту жүйесінің әрбір мүшесінде өтетін үдерістерді анықтайды.


6. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Оқушылар бейнеролик қарап болғаннан кейін, мұғалім ас қорыту жүйесінде астың қорытылуын түсіндіреді.

Ас қорыту жүйесін шартты түрде үш бөлімге бөледі. 
Алдыңғы бөлім ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңештен тұрады. Бұл жерде, негізінен, астың механикалық өңделуі жүреді. Ортаңғы бөлім асқазан, аш және тоқ ішектен, бауыр мен ұйқы безінен тұрады, бұл бөлімде, негізінен, астың химиялық өңделуі, оның ыдырау өнімдерінің сіңірілуі және қалдық массаның жинақталуы жүреді. Артқы бөлім тік ішектің артқы тесік бөлігі болып табылады және ағзадан зәрдің шығарылуын қамтамасыз етеді.

7. Топтық жұмыс. «Кубизм» әдісі арқылы жүргізіледі.

1 топ: Суреттеу. Асқорыту мүшелерін орналастрады.
2 топ: Талдау. Астың қорытуын зерттеу әдістерін ұсынады.

3 топ: Зерттеңіз. Тістің ас қорытуға қатысуын дәлелдейді.

4 топ: Дәлелдеу. Ауызға келіп түскен тағамның қорытылуын дәлелдейді.

5 топ: Салыстыру. Астың механикалық және химиялық қорытылуын салыстырады.
6 топ: Қорытындылау. Ауызға келіп түскен қоректің ағза пайдалана алатын компоненттерге ыдырау және сіңірілу үрдістері екендігін сипаттайды.

Дескрипторлар

Оқушы

- Асқорыту мүшелерінің ретін анықтайды;

- Астың қорытуын зерттеу әдістерін анықтайды (ұнтақталу, ыдырау, сіңірілу, бөліп шығарылу);

- Тістің ас қорытуға қатысуын анықтайды (механикалық өңделу);

-Ауызға келіп түскен тағамның қорытылуы анықтайды;

-Астың механикалық және химиялық қорытылуын сипаттайды;

-Қоректің ағза пайдалана алатын компоненттерге ыдырау және сіңірілу үрдістерден тұратынын түсіндіреді.

Мұғалім кері байланыс береді.

8. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар «Сәйкестендір» тапсырмасын орындайды. Оқушылар мәтінді пайдалана отырып, қате тәртіпте берілген ас қорыту жүйесінің негізгі мүшелерінің атаулары және атқаратын қызметтерін дұрыс реті бойынша жазып, әр мүшеде өтетін үдеріспен сәйкестендіреді.

Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.

Қосымша 2










Бейнеролик «Қоректің қорытылуы»




Қосымша 3













Қосымша 4

Кубик





















Қосымша 3




Сабақтың соңы:

37-40

8. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Кері байланыс «Нысана» әдісі

Қосымша 5


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Қайталау кезеңінде оқушылар жұптарға өз қалауларымен бөлінеді. Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану (сурет), талдау (суреттерді салыстыру және талдау). Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қызығушылығы төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қызығушылығы жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады.

5.4.2.1 тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс арқылы тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру дағдыларын бағалау.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Қосымша 1

Тірі ағзалар

Қосымша 2

«Нысана» әдісі

ауыз, өңеш, асқазан, (ұлтабар – он екі елі ішек), ащы ішек, тоқ ішек (соқыр ішек, тік ішек, аналь тесігі)









Ас қорыту мүшелері

АУЫЗ

Астың ұнтақталып, сілекеймен шылануы

ЖҰТҚЫНШАҚ

Өңешке өткізу

ӨҢЕШ

Ырғақты жиырылу арқылы келесі бөлімге өткізу

АСҚАЗАН

Астың қарын сөлі әсерінен ыдырауы

АЩЫ ІШЕК

Қоректік заттардың қанға сіңірілуі

ТОҚ ІШЕК

су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс калыптасады



Қосымша 3


Мәтін «Ас қорыту жүйесі»


Ас қорыту жүйесін шартты түрде үш бөлімге бөледі.

Алдыңғы бөлім ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңештен тұрады. Бұл жерде, негізінен, астың механикалық өңделуі жүреді. Ортаңғы бөлім асқазан, аш және тоқ ішектен, бауыр мен ұйқы безінен тұрады, бұл бөлімде, негізінен, астың химиялық өңделуі, оның ыдырау өнімдерінің сіңірілуі және қалдық массаның жинақталуы жүреді. Артқы бөлім тік ішектің артқы тесік бөлігі болып табылады және ағзадан зәрдің шығарылуын қамтамасыз етеді.

https://bilimland.kz/kk

Қосымша 4

Қосымша 5


Кері байланыс «Нысана»






Оқушының аты-жөні:



Бөлім

4. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Оқу мақсаты

6.4.2.2 тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру


Тапсырма 1. А деңгей. Ас қорыту мүшелерінің дұрыс ретін анықта.

А. ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ащы ішек, тоқ ішек, тік ішек

В. ауыз, өңеш, жұтқыншақ, асқазан, ащы ішек, тоқ ішек, тік ішек

С. ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, тоқ ішек, ащы ішек, тік ішек

Д. ауыз, жұтқыншақ, асқазан, өңеш, ащы ішек, тоқ ішек, тік ішек


Ас қорыту мүшелері мен қызметтерін сәйкестендір.


Ас қорыту мүшелері

Қызметтері

  1. Ауыз

  2. Жұтқыншақ

  3. Асқазан

  4. Тоқ ішек

  5. Тік ішек

  6. Ащы ішек


  1. Астың ұнтақталып, сілекеймен шылануы

  1. Өңешке өткізу

  1. Ырғақты жиырылу арқылы қажетіз заттарды шығару

  1. Астың қарын сөлі әсерінен ыдырауы

  1. Қоректік заттардың қанға сіңірілуі

  1. Су қайтадан денеге сіңіріліп, нәжіс калыптасады



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Оқушы

Адамның ас қорыту мүшелерінің орналасу ретін анықтайды



Ас қорыту мүшелерінің атқаратын қызметтерін сипаттайды

Ас қорыту мүшелерінің орналасу ретін анықтайды;



Ас қорыту мүшелерінің атқаратын қызметтерін ажыратады.













Оқушының аты-жөні:



Бөлім

4. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Оқу мақсаты

6.4.2.2 тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру

В деңгей.

Тапсырма 1. Төменде берілген мүшелердің атаулары мен қызметтерін жаз.



Суретте 3 санымен берілген мүшені ата_______________

Оның қызметін сипатта_____________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Shape1








Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Оқушы

Адамның ас қорыту мүшелерінің орналасу ретін анықтайды



Ас қорыту мүшелерінің атқаратын қызметтерін сипаттайды

Ас қорыту мүшелерінің орналасу ретін анықтайды;



Ас қорыту мүшелерінің атқаратын қызметтерін ажыратады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
4916
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12