400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Тістердің құрылысы мен қызметі, олардың гигиенасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіс қаптамасы, мойны мен түбірінің қызметін сипаттау Тіс типтері (құрылысы бойынша) мен олардың рөлі арасындағы байланысты меңгерту. Кіреуке, дентин мен жұмсақ ұлпасының (пульпа) рөлін анықтау. Тісті күту ережелерімен танысу. Оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауын, функуционалдық сауаттылығын, қарым – қатынас жасау қабілетін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

8.1D Қоректену

Педагогтің аты-жөні:

Адибаева М.

Күні:

11.10.2023

Сыныбы: 8Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тістердің құрылысы мен қызметі, олардың гигиенасы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.2.2 әртүрлі типті тістердің құрылысы мен қызметтері арасындағы байланысын және тісті күту ережелерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Тіс қаптамасы, мойны мен түбірінің қызметін сипаттау

Тіс типтері (құрылысы бойынша) мен олардың рөлі арасындағы байланысты меңгерту.

Кіреуке, дентин мен жұмсақ ұлпасының (пульпа) рөлін анықтау.

Тісті күту ережелерімен танысу.

Оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауын, функуционалдық сауаттылығын, қарым – қатынас жасау қабілетін арттыру.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушы-лықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

Жағымды ахуал қалыптастыру: оқушылар бір-біріне қарап күлімдейді, қандай мүше назар аудартқанын анықтайды.

Топтастыру.


Өзін-өзі бағалау парағын таратып беру.

«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қою.

  1. Асқорыту дегеніміз не?

  2. Көмірсулардың мономері

  3. Нәруыздардың мономері

  4. Асқорыту бездері не бөліп шығарады?

  5. Сілекей бездері алғаш рет қай жануарларда пайда болды?

  6. Сілекей бездерінің қызметі

  7. Жауынқұрттың асқорыту жүйесі

  8. Жауынқұрт не бөледі?

  9. Сиырдың асқорыту жүйесі

  10. Асқорыту бездерінің типін атаңдар

Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді.

Оқушылар бір-біріне қарап күлімдейді, қай мүше ерекше назар аудартқынын және себебін айтады.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:


Тістердің көмегімен оқушыларды 4 топқа біріктіру.

I – Күрек тістер тобы

II – Ит тістер тобы

III – Кіші азу тістер тобы

IV – Үлкен азу тістер тобы


Сұрақтарға жауап береді.


Дескриптор: Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Тістер салынған конверт


Өзін-өзі бағалау парағы


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

23 мин

Жаңа тақырыппен таныстыру, сабақтың мақсатын айқындау.

Тақырыпты үйде оқып келу берілгендіктен, жаңа тақырыпты ұжымдық талқылау.

Әр топқа топтық тапсырмалар беріледі. «Фишбоун» әдісі

арқылы тапсырманы орындау.

1. Тапсырма:

1. Ағзаға тіс не үшін қажет? Кіреуке дегеніміз не? Ол қандай рөл атқарады.

2. Тістің сыртқы және ішкі бөліктері мен қабаттарын атаңдар.

3. Тіс типтері (құрылысы бойынша) мен олардың рөлі арасындағы байланысты анықтаңдар.

4. Тістің гигиенасы мен тіс ауруларын сипаттаңдар.

Оқушылар постер құрып қорғайды.

Жаңа тақырыппен, сабақтың мақсатымен танысады.






Дескриптор: 3 балл

1.Тістің ағзаға қажеттілігін анықтайды.

Кіреуке не екенін біледі, оның рөлімен танысады.

2. Тістің бөліктерін анықтайды, тістің қабаттарын меңгереді.

3. Құрылысы бойынша тіс типтерімен танысып, олардың байланысын анықтайды.

4. Тісті күту ережесімен танысады. Тіс ауруларының себептерін анықтайды

АКТ

А3 парағы

Қима қағаздар

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тапсырмаларды орындау.

3.Тапсырма

А) Тапсырма

1.Тістің құрылысын анықтау


2. Суретке қарап, бейнеленген тіс бөліктерінің қызметін анықтаңдар.

Б)Тапсырма

1.Тісжегі және оның асқынуы:
микробтар әсерінен дентиннің бұзылуын түсіндіріңдер.

2.Гигиена ережелерін сақтау тістерді сақтауға мүмкіндік беретініне мысалдар келтіріп дәлелдеңдер.


В)Тапсырма

1. Тістің зақымдану себептері туралы пікірлеріңді айтыңдар.
2. Типтерге бөлінген тістер неліктен тек сүтқоректілерде
пайда болғанын түсіндіріңдер.


Тапсырмаларды орындайды.

Дескриптор:

Жалпы-2 балл

1.Тістің құрылысымен танысалы, анықтайды.

2.Тіс бөліктерінің қызметін анықтай алады.

3. Тісжегінің асқыну себебін меңгереді.
Дентиннің микробтардың әсерінен бұзылатындығын анықтайды.

4. Тісті күту ережелерін біледі. Гигиенаны сақтау тістерді сау қалпында сақтауға мүмкіндік беретініне мысал келтіре алады.

5.Тістің зақымдану себептерін анықтайды.

6. Тіс типтерін біледі. Тістер неліктен тек сүтқоректілерде пайда болғанын түсіндіре алады.

АКТ.

Қима қағаздар.

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


4.Тапсырма

М.Әлімбаевтың: «Асығыс жеген тамақ асқазанға түскен тас сияқты» деген пікірі мен қазақ халқының «Ауру ауыз арқылы кіреді» деген мәтелін талқылау. Кез келген тісте жүретін жұқпалы ауру үдерісі асқорыту мүшелеріне ғана емес, бүкіл ағзаға әсер ететінін дәлелдеңдер.

Өз пікірлерін ортаға салады.

Дескриптор:

Жалпы -3 балл

Тағамның ағзаға әсерін анықтайды. Тістің адам ағзасына әсерін біледі.



ДК экраны


Сабақтың соңы

10 мин.

«Ыстық картоп» әдісі арқылы тақырыпты қорытындылау.

  1. Тістер не үшін керек және олар қайда орналасқан?

  2. Тістің бөліктері

  3. Кіреуке, дентин мен жұмсақ ұлпасының рөлі

  4. Тістің типтері

  5. Тіс типтерінің қызметі

  6. Тісте қай ұлпа орналасқан?

  7. Тіс кезеңдерін атаңдар

  8. Тісті күту ережелері

  9. Тіс ауруының себептері


«Термометр» әдісі

Кері байланыс

Бағалау

Үй тапсырмасы


Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып картопты ұсынады, оқушы тез арада жауап беріп кері лақтырады.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Шар

Стикер

Өзін-өзі бағалау парағы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11.11.2023
602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі