Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ білім сапасын арттырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:8.3 А.

Мектеп: жамбыл атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Мамырқұлов Б.

Сынып: 8

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

8.4.2.6 - Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

  1. Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолданады;

  2. Формулаларды түрлендіреді, есептер шығаруда дұрыс қолданады;

  3. Ом заңының өмірде қолданылуына мысалдар келтіреді.

Оқу дағдыларының

деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

- тізбек бөлігі үшін Ом заңының физикалық мағынасын түсіндіре отырып, есептер шығарады;

- формулаларды дұрыс түрлендіре отырып, есептер шығарады;

- Ом заңының өмірде қолданылуына мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар


Ом заңының физикалық мағынасы мен тұжырымдамаларын ауызша айта алады. Ом заңының формуласын жаза алады (оқылым, айтылым, жазылым)

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Ток күші, кернеу, кедергі, амперметр, вольтметр

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңының тұжырымдамасы.........; ток күші кернеуге_________ пропорционал, кедергіге __________пропорционал.


Құндылықтарға

баулу


Еңбек және шығармашылдық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға жұптық,топтық жұмыстар арқылы дарытылады.

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Пәнаралық

байланыс

Математика

Алдыңғы білім

Электр тізбегіне амперметрдің тізбектей, вольтметрдің параллель жалғанатынын біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин












Ұйымдастыру.Оқушылармен сәлемдесу және түгелдеу.

Амандасып алған соң, оқушылардың назарын жаңа тақырыпты меңгеруге шоғырландырамын.

Артығын алып таста: Оқушыларға суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетемін. Олар қай сурет қатысты емес екенін анықтауы керек.

















Берілген суреттер бойынша топқа бөлу (4 топ)

Пазлдар жинау. Қиынды қағаздарда сөздер беріледі. Әр топ жазылған сөзді құрастырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Осы тақырып бойынша оқушыларға «жақын арадағы даму аймағын» дамыта отырып сабақ мақсаттарын анықтату үшін қойылатын сұрақтар;

  1. Осы тақырыпты меңгеру үшін қандай мақсат қоямыз?

  2. Осы мақсатымыз нені көздейді?

  3. Осы сабақтан қандай нәтиже күтесіңдер?

.

Тақырыпқа қарап оқушылармен бірге сабақ мақсатын және бағалау критерийлерін құрастырамыз.




Суреттер жинағы,формула-лар,сөздер.






Сабақтың ортасы


28 мин


































































«Әткеншек» әдісі топтық жұмыс.

Әр топқа түрлі суреттер беріледі, тапсырма бір болады.

Құрылымдасқан тапсырмалар:

1.Амперметр шкаласының әр бөлігінің құнын және оның қандай ток күшін көрсетіп тұрғанын анықта.

Дескриптор

Білім алушы

1. амперметр шкаласының бөлік құнын табады;

2. тізбектегі ток күшін анықтайды;

Қалыптастырушы бағалау.Әр топ келесі топқа «Бас бармақ» әдісі арқылы ауызша кері байланыс береді.


2.Вольтметр шкаласының әр бөлігінің құнын анықта. Батареяның полюстеріндегі кернеу қандай?

Дескриптор

Білім алушы

1. вольтметр шкаласының бөлік құнын анықтайды;

2. батарея полюстеріндегі кернеуді анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау. Әр топ бір-біріне «бағдаршам» әдісі арқылы ауызша кері байланыс береді.


3. Кернеуді анықтаңыздар:

а) лампадағы;

б) реостаттағыны

Дескриптор

Білім алушы

1. лампадағы кернеуді анықтайды;

2. реостаттағы кернеуді анықтайды.

Тапсырмаларды орындап болған соң, әр топ келесі топтың жауаптарына «2 жұлдыз 1 тілек» әдісі арқылы ауызша кері байланыс береді.


4.Ом заңын өмірде қолдануына мысалдар келтіре отырып, есептер құрастыру

Тапсырма

I ,U шамалардың көрсетуін жаз. Ом заңын қолданып, R кедергіні тап

Дескриптор

Білім алушы

1.Ток күшінің көрсетуін жаз;

2. Анықталған кедергінің мәнін қойып кернеуді табады;

3. R=R1 +R2 U кернеу мәнін қойып ток күшін табады;

4. R= R1 +R2 / R1 R2 =6/9=2/3

I ток күшінің мәнін пайдаланып U кернеуді табады



1.Барлық топтың есептерінің жауаптары интерактивті тақтадан көрсетіліп, оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Тапсырмаларды орындап болған соң, әр топ келесі топтың жауаптарына бағдаршам арқылы ауызша кері байланыс береді. Бірін-бірі бағалайды. Мұғалім оқушыларға бағыт-бағдар береді, оқушылардың топпен жұмыс істеуіне ықпал етуші, оқушы ынтасын, ойлау қабілетін, іс-әрекетін бақылау.




Сабақты қорытындылау.

(G)«Кластер» әдісі бойынша оқушылар сабақта өтілген материалдарды тиянақтайды. Бұл әдістің көмегімен оқушылардың ақпаратты жинау және сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамытамын.



Ток күші

Кернеу

Кедергі

Белгіленуі




Өлшем бірлігі




Тізбекке жалгануы




Өлшейтін құрал




Шартты белгісі





Дескриптор:

  • Ток күшінің параметрлерін жазады;

  • Кернеудің параметрлерін жазады;

  • Кедергінің параметрлерін жазады;


Қалыптастырушы бағалау: «Сэндвич» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.





















1 қосымша
































«стикерлер»



Сабақтың соңы






3 мин





Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

«Жетістік баспалдағы»



Shape1

Мен барлығын түсінгеніме сенімдімін









Shape2

Мен барлығын түсінгеніме жартылай сенімдімін








Shape3

Мен қайталауды қажет етемін







Shape4

Мен ештеңе түсінбедім











Мүмкіндігінше оқушылар өз жауаптарын белгілі критерийлер бойынша бағалайды.


Үйге тапсырма: есептер құрастырып келу.












Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақтың мақсатын құру барысында барлық оқушы, көбісі және кейбірі деп соған негізделген сабақ жоспарын құрдым. Сабақ барысында саралап оқыту тәсілдері қолданылды. Сабақ ба-рысында мен ресурс-тарды оқушылардың қажеттілік қабілеттерін ескере отырып әзір-ледім;

Күрделігіне қарай ілгерлеп отыратын тапсырмаларды пайдаландым;

Құрылымдасқан тапсырмалардан күтетінім:

1. Дарынды және талантты оқушылар есептерді толық және қатесіз,сапалық есептерді құрастырады, есептер шығарудың алгоритмін құрады.

2.Көпшілігі ток күші, кедергіні және кернеуді есептей алады;

3.Ерекше қолдауға мұқтаж оқушыларға диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сабақ мақсатына жетемін. Оқушыларға ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін сұрақтар қоямын.

1. «Артығын алып таста» әдісі

2. «Әткеншек» әдісі

3. «Бағдаршам» әдісі.

4. «Кластер » әдісі

5. «Жетістік баспалдағы »

6. «2 жұлдыз ,1тілек»тәсілі

Қауіпсіздік ережелерін сақтайды

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

1.

2.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
692
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12