жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тізбектелген сабақтар топтамасы
Демеева Анар Бериковна Мұғалім портфолиосы В есебі
«Өрлеу» БАҰО АҚ
«АОБ ПҚБАИ» 6-топ
Алматы қаласы
«Бекітемін» «Келісемін»
Мектеп директоры:_________А.М.Қырықбай МДОІЖО:_________Г.А.Абженбаева
«____»__________2016ж «____»__________2016ж
Бағдарламаның жеті модулін енгізу әдістемесін көрсететін тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары
|
Сабақтар топтамасының ортақ тақырыбы: Табиғатты қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану. |
|||||||
|
Бұл сабақтар аясында не туралы сөз болады: Оқу жоспарының бұл бөлігі оқушыларды география пәнін зерделеуге дайындайды, кескін картамен дұрыс жұмыс жүргізуге үйренеді, жаңа экологиялық сөздіктермен танысады. |
|||||||
|
Пән бойынша оқу мақсаты: Қазақстанның табиғи қорлары туралы білу, экологиялық аймақтардың проблемаларының себептерін түсіну және қорлардың орны мен экологиялық аймақтарды анықтау үшін қосымша мәліметтер мен карталарды қолдану. |
Пән бойынша лексика мен терминалогия: -антропоэкология, шикізат көзі, суармалы егіншілік, -
Химиялық заттар: дефоланттар,
пестицидтермен ластану, анемия,
лейкемия - дизентерия, парaтиф, гепатит, сүзек ауруы; |
Қысқаша шолу: Табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қорғау жолдарын қолдана отырып білім алады, экологиялық аймақтарды қалпына келтіру жолдарын қарастырып, оқып біледі |
|||||
|
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сабақтың мақсат(тар)ы |
Мұғалімнің әрекеті (Мен нақты не істеуім керек, қандай көмек көрсетемін) |
Оқушылардың әрекеттері (Тапсырма барысында олардың не істегенін қалаймын) |
Оқушылардың жұмысқа қатысуын қамтамасыз ету (нақты: жекелеген (А,Ә,Б) оқушыларын жұмысқа қалай тартамын?) |
Бағалау (Оқушыларға қалай қолдау көрсетіп (ҚБ) |
Ресурстар (Бұл үшін маған қандай материал қажет?) |
|
1 |
Табиғи қорлар және өндіріс. |
Табиғи қорлар және өндіріс жайлы ақпарат беру, мәтінді талқылау. |
Шаттық шеңберін құру. Топқа бөлу. «Кубизм» әдісі Миға шабуыл. ЖИГСО әдісі Сергіту сәті Атласпен жұмыс «РАФТ» әдісі
«Білемін, білдім, білгім келеді» кестесі |
Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-бірінің бойындағы жақсы қасиетті табиғат құбылысына теңеп, жылы лебіздерін білдіреді. Табиғи қорларды топтау арқылы топтарға бөлу. Өткен сабақты «кубизм» әдісі арқылы\Қазақстан аумағын физика-географиялық аудандастыру.\ 1-топ: Баяндайды. 2-топ: Топтастырады. 3-топ: Зерттейді. 4-топ: Ұсыныс айтады. Түрткі сұрақтарға жауап береді. Мәтін бөліктерін әңгімелейді. Атластан әр топ өздерінің қорларының орналасқан аймақтарын тауып, Қазақстанның физикалық картасынан көрсетеді. «РАФТ» бөлімінде оқушылар алған білімін шығармашылық жұмыс арқылы бекітеді Кестені толтырады, рефлексия жазады. |
Топтарда ынтымақтас-тық атмосферасын қалыптастыру арқылы (А,Ә,Б) оқушыларды сабаққа тарту. Сұрақтармен тапсырмалар-ды деңгейлеп беру |
Өзін-өзі, бірін-бірі бағалау. Критерий арқылы топ жұмысын бағалау. Әр оқушы өзінің парағына «Білетінін, Білгісі келетінін, Білгенін жазады»/БББ әдісі/ |
Оқулық 8-сынып география, әдістемелік нұсқаулық, интербелсенді тақта, электрондық оқулық Атлас, кескін карта |
|
2 |
Адам экологиясы. Экологиялық қолайлы,қолайсыз аудандар. |
Адам экологиясы жайлы білімдерін тереңдетіп, экологиялық қолайлы, қолайсыз аудандарды ажырата білуге үйрету. |
Шаттық шеңберінде амандасу. Топқа бөлу 1,2 топтар «Cәйкестендір» тестімен, 3,4-топтар "Жауабын тап" сұрақтарымен жұмыс жасайды. "Синквейн" әдісі немесе "5 жолды өлең" Қызығушылық-ты ояту: «Қазақстан экологиясы» тақырыбындағы бейнеролик. "Менің ойымды жалғастыр" әдісі Сергіту сәті "5 минуттық эссе" жазу Рефлексия: "Көңіл-күйді смайликтермен жеткізу" |
Алақанмен, шынтақпен, иықпен, бөксемен, құшақтасып амандасады. 1-топ: Экологтар 2-топ: Табиғаттанушылар 3-топ: Дәрігерлер 4-топ: Жыраулар Тестпен және сұрақтармен жұмыс жасай отырып, қарсы топтар бір-бірінің жауаптарын тексереді. "Экология" тақырыбында жұмыс жасайды. Алдын ала тақырыпты талқылайды. Оқулық мәтінін оқып, түйінді ой тұжырымдайды. Мәтінді оқу барысында түйген ойы мен термин, хронология, анықтамаларды әр топ мүшелері ақ қағазға жазады, келесі оқушы толықтырады. "Апатты табиғат құбылыстары және олармен күресуге менің ұсынысым." Смайлик арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерін білдіреді. |
Талантты, дарынды балалар берілген тақырыпта эссе жазады. |
Смайликтер-мен бағалау Топ басшыларының бағалауы, формативті бағалау, кері байланыс |
АКТ Қазақстанның физикалық, топырақ, климаттық карталар, кешенді карталар, география лық атлас.
Смайликтер |
|
3 |
Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар |
Қазақстанның экологиялық мәселесін талдау арқылы шешу жолдарын қарастыру. |
Ынтымақтастық әрекеті: "Жүректен жүрекке" Топқа бөлу «Аэропорттан ұшақ таңдау» "Ұшақ" әдісі" Миға шабуыл: «Адасқан әріптер» «Бірін-бірі оқыту». Топтық жұмыс. Сергіту сәті 1-топ: "Ойлаудың алты қалпағы" әдісі бойынша 2-топ: Бір сөйлемде қорытындылау жасау 3-топ: Формативті сауал 4-топ: "Инсерт" немесе түртіп алу әдісі бойынша саралаушы топ Рефлексия |
Ыммен тілектерін білдіріп, сәттілік тілейді. «Шелек ұшақ қону алаңынан» төтенше жағдайлардан құтқару ұшақтарын таңдайды. 1-топ: Арал 2-топ: Балқаш 3-топ: Каспий 4-топ: Семей Сұрақ жазып ұшырады. Ұшақ қонған оқушы жауап береді. Адасқан әріптерді құрастыру арқылы сабақ тақырыбын табады. Мәтінді топпен талқылап, ойларын ортаға салу арқылы түсінік беріп,картадан көрсетеді. Қазақстанның экологиялық проблемалардың туындауының себептерін, атқарылып жатқан шаралар мен жою жолдары туралы ойларын жинақтайды. « не? қайда? қашан? Не үшін? Қалай болды?» «Неге? Қандай сипатта?Қалай?... »
Түсінікті, білгенімнен өзгеше, мен үшін жаңалық, түсінбедім деген сияқты \ V, +, -, ? \ таңбаларды кестеге белгілеу арқылы ойларын білдіреді. «Шелек ұшақ қону алаңына» екі жұлдыз, бір тілек жазылған ұшақтарын қондырады. |
Топтық тапсырмалар беру арқылы А, Ә, Б деңгейіндегі оқушыларды сабаққа тарту. «От шашу» арқылы бағалау Топаралық бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау |
Слайдтар Оқулық 8-сынып география, әдістемелік нұсқаулық, интербелсенді тақта, электрондық оқулық |
|
|
4 |
Апатты табиғат құбылыстары және олармен күресу шаралары. |
Табиғат құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру, құбылыстардың түрлерін ажыратып, қорғану әдістерін қолдануға үйрету. |
Шаттық шеңберін құру. "Сұрағымды қағып ал» әдісі Ой қозғау «Жеті жұт» дегеніміз не? "Биопоэма" әдісі "Ой елегі" ауызша жауап алу Сергіту сәті Картамен жұмыс "Кім жылдам" ойыны "Кері байланыс: "Иық тірескен шеңбер" әдісі |
Түсті қағаздардан заттар жасап қалаған адамға береді. Сол заттың түсі бойынша топқа бөлінеді. Допты лақтыру арқылы өткен сабақ бойынша сұрақтар береді. Оқушылар дәптерлеріне жазып, дұрыс жауап парағы арқылы тексереді. Мәтінді оқып шығып, бір табиғат құбылысына биопоэма құрастырады. "Туған өлкенің табиғатын аялау, қорғау-озық қоғамның алғышарттары" Картадан әр топ өз апатты құбылыстар болған аймақтарды анықтап, кескін картаға түсіреді. Әр топ сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен түсініктерін ортаға салады. |
Оқушы тапсырмасын жеңілден қиынға қарай күрделендіру. |
«Бағдаршам» арқылы бағалау |
Доп Оқулық 8-сынып география, әдістемелік нұсқаулық, интербелсенді тақта, электрондық оқулық |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген