Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Тізбектелген сабақтар топтамасы (жаңа бағдарлама бойынша)

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа бағдарламаны тізбектеп оқыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары



Жаңартылған білім берудегі оқыту мен оқуда тәжрибеме жеті модульдың идеяларын тізбектелген төрт сабағымда 5-«А» сыныбының ІІ тобымен тізбектелген төрт сабақты жоспарладым. Жалпы сабақтар топтамасының ортақ тақырыбы: Мәдениет тіл және қарым-қатынас.

Осы сабақтар барысында оқушылармен бірге талқылауға түсетін тақырыпшалар: «Әдеп», « Сөйлеу мәдениеті» «Телефонмен сөйлесу әдебі» Оқушылардың осы сабақта қаншалықты білім деңгейлерін көрсеткендерін білу мақсатында «Ыстық орындық», «Бұрыш», «Жылқы сұлбасы», « Қар үйіндісі», «Галереяда ой шарлау», «Ойлан, жұптас, бөліс», «РАПТ», «ВЕНН диаграммасы» , «Жариялау», «Салыстыру» осы кері байланытар мен әдіс- тәсілдерді қолданып сабақтың барынша тармымды болуына күш салдым.Сабақ барысында оқушылардың арасында өзара ынтымықтастық орнату мақсатымен әр сабақ сайын олардытақырыптармен байланыстырып топқа бөліп отырдым Оқушылар топқа бөліне отырып, әрбір оқушы өзін жеке басқа да қырынан танытып, емін-еркін шығармашылықпен жұмыс жасайтынына көзім жетті. Сабақ өту кезеңінде тағы да тақырыптарына сәйкес, оқушыларға Александрдің «Диалогтік оқыту теориясын» басшылыққа ала отырып, балалардың қарым-қатынас сөйлеу дағдыларын қалыптастырдым. Сонымен қатар, «РАПТ» әдісі нде оқушылар «Әдептілік өміріңді өзгертеді» тақырыбында берілген мәтінмен танысып, өмірмен байланыстыра отырып,өз пікірлерін қорғап сыни тұрғыда ойлана алды. АКТ пайдалану кезінде оқушылардың оқуға деген ынтасы мен құлшынысын байқадым. «Телефонмен сөйлесу әдебі» тақырында өткен сабақта балалар сыныптастарымен ұялы телефон арқылы сөйлескен сөздерін диктафонға жазып алып, тыңдап өздерін- өздері бағалап өте қызықты болды. Талантты және дарынды балалар балаларды оқытуда «Сөйлеу мәдениеті тақырыбында» «Жылқы сұбасы» әдісін пайдаланып, 5 оқушыға (А, А, С,Б«Жылқы атасы - Қамбар» , (ойтолғау) «Кисем киім, ішсем ас, көлік болған.....» тақырыбында шығармашылық тапсырмалар беру арқылы дарындылық қабілеттерін байқадым.











Бір сабақтың жоспарына түсініктеме

Жаңартылған бағдарламасы бойынша сабақ жүргізу барысында оқушылар өз ұстанымдары туралы ойланып сұрақтар қойып сол тақырып туралы оқып біліп білімін толықтырып өз ойларын ашық та еркін айтуға мүмкіндік алады. Сондықтан да курста оқып жатқан «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасының болашақ ұрпақ үшін берері мол бағдарлама екеніне тағы да көз жеткізіп отырмын.

Білім беру мен оқытудың қазіргі таңдағы сабақтан пайдаланып жатқан жаңаша әдіс-тәсілдермен білімді де алғыр оқушыларды тәрбиелеп шығаруға болатынын түсіндім.

Сабақтың тақырыбы: Әдеп

Сабақ өту барысында оқушыларды тақырыппен байланыстыру мақсатында (түстерді таңдау арқылы) үш топқа бөлдім. I топ амандасау, II сәлемдесу, III топ есендесу. Осы топқа бөлу сәтінде балалар әдептіліктің бастамасы адамдал жүздескенде амандасып қол жағдай сұрау керек екенін ұғынды. Яғни әдептіліктің бастамасы- амандасу деген тұжырымға келгендерін байқадым.

Сыныптың ішінде психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Өзі туралы класстер» тренинг ұйымдастырдым. Яғни балалар өздерінің өмірде орны бар басқа адамдарға керек екенін сезіну мақсатында өте сәтті тренинг болды. Сабақтың басында «Жариялау» әдісін пайдалана отырып «Жазушылар», «Зерттеушілер», «Суретшілер» деп үш топқа бөліп , Дарынды оқушылармен жұмыс жүргіздім. Жазушылар тобы «Әдептілік айнасы» атты ой-толғау жазып шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Бұл әдіспен жұмыс жасау шығармашыл, дарынды балалар үшін өте ыңғайлы тәсіл болды. Сабақ ортасында мен «Салыстыру» кестесі арқылы «СТО стратегиясын» пайдаландым. Бұл кестеде оқушылар «Әдептілік» пен «Инабаттылық» деген ұғымдарға өз пікірлерін ашық сыни тұрғыдан ойланып жеткізе білді. Сабақ соңында оқушыларға әдеп деген мәтінді беріп ( әр абзацтағы ойды анықтау және берілген сөйлемдерді жазып алып, есте сақтау, төрт оқушыға) балалардың білім деңгейлерін саралау мақсатында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасап үлгердім.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
420
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12