жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тізбектелген сабақтар топтамасына сын тұрғысынан ойлау модулі аясында жазылған рефлексивтік есебі
Махаматханова Чинар Мулдахановна Мұғалім портфолиосы 1-топ «Тәжірибедегі рефлексия» 03.11.2016 ж- 25.05.2017 жыл
Т.Айбергенов атындағы №39 жалпы орта мектеп
Тізбектелген сабақтар топтамасына сын тұрғысынан ойлау модулі аясында жазылған рефлексивтік есебі
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге
деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.
К.Д.Ушинский
XXI ғасыр – жаңалықтар мен өзгерістердің көз ілеспес жылдамдықпен жүріп жатқан ғасыры. Бүгінгі жаңа нәрсе ертең ескі дүниеге айналуда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында Білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы өзгеріп жатыр. Болашақ ұрпақтарымыз әлемдік білім деңгейінде де өзге елдермен терезесі тең, бәсекелестік дәрежеге сай болуы керек. Бұл тұрғыдан зерделер болсақ, көреген А.Байтұрсынов «Білімсіз халық қанша бай болса да, байлығы басқа халықтың қолына көшеді» деп біліктілікпен айтқан.Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгеймен айқындалады» деп тұжырымдалған. Сын тұрғысынан ойлау – қадағалау, тәжірбие , ойлану нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға бағалауға ,талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сындарлы оқу дағдылардың ықпалдасып, мәселені терең түсінуге көмектеседі. Сындарлы оқыту – мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту және оқушылардың алған білімдерін сыныптан тыс жерде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылатын оқыту.(МАН,4-б) Біз оқушыға білімді өмірде қолдана алатындай етіп беруіміз қажет.Мен орыс тілі пәні мұғалімі ретінде оқушының орыс тілін қажет еткен ортада өз ойын еркін жеткізе алатындай дәрежеге жеткізуді өз міндетім деп санаймын.Сондай-ақ , біздің мектептің басымдығы сын тұрғысынан ойлау болуына байланысты осы модульмен жұмыс жасауды жөн санадым.Мақсатым: оқушыларды «ойлау туралы ойлану»дағдысын дамыту. Ол маңызды мәселелерді талқылау мен тәжірибені ой елегінен өткізуді қарастырады. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. (МАН,43-б)Мен өз тәжірибемде оқушыларға суретпен жұмыс жасау барысында , «Найди 10 различий»әдісін қолдану арқылы оқушыны сыни тұрғыдан ойландырдым.Келтірілген әдіс- тәсілдерді,оқытудың тиімді бағалауын әр түрлі жастағы балаларға білім беруде сараланған әдіс – тәсілдерді сипаттайды. Яғни, ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады,негізінен сын тұрғысынан ойлау қарсы пікір айтуға баламалы шешімдер қабылдауға ,ойлау және іс әрекетімізге түрлі тәсілдер енгізу болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау әдетте мынадай дағдыларды сипатайды: Бақылау,
Талдау ,Қорытынды,Интерпретация.Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдемелерді жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады.Сын тұрғысынан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады.Әнгіменің сапасы мен мазмұны оқушылардың оқу үшін маңызы болып табылады.(МАН ,48-б).Сондай-ақ, оқушыларға «Ролевая игра» әдісін қолданғанда,өздері рефлексия жасады.Мұнда оқушылар өз ойын жинақтап айтып бере алды.
Сабақ барысында топтық жұмыс,жұптық жұмыс кезінде ынтымақтастық ахуалын реттеу үлкен роль ойнайтынын түсіндім.Оқушыларға топтық , жұптық жұмыс,бірлескен іс-әрекеттерді сабағыма енгізу арқылы да көптеген жетістіктерге де жеттім. Дәстүрлі сабағымда топтық жұмыстың ережесін, мәнін толық түсінбегендіктен өз дәрежесінде жұмыс жасатпағанымды аңғардым.Топтық ережені дұрыс қолданған жағдайда оқушылар бірін – бірі оқытады, үйретеді, үйренеді екен.«Великий предсказатель» әдісін топқа бөлу кезінде қолдандым. Онда сыныптағы белсенді оқушы шығып,жалпы оқушылардың ым-ишара арқылы көрсеткен құстарды,аңдарды сыни тұрғыда ойлана отырып дұрыс жауаптарын айтты.Мен тәжірибе барысында сабағыма сын тұрғысынан ойлаудың жолдарын көрсету, түсіну, дамыту, өмірмен байланыстыра отырып нәтижеге жету мақсатын алдыма қойдым. Сондай-ақ мен Блум таксономиясы бойынша курста оқып –түйгенімді сабақ барысында дұрыс қолдануды үйрендім.Яғни сабақ жоспарында білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау, бағалау бойынша сұрақ құрастыруды үйрендім.Ықпалдастырылған 3 сабақты4 «А» сыныбына өткіздім.
«В городе» сабағым қала туралы болған соң сөзжұмбақ арқылы тақырыпты аштық. Үш топта бұл тапсырманы өз деңгейінде орындады.Бұл тапсырма оқушыларды шапшандыққа, жылдам әрекет жасауға үйретеді.Бұл тапсырма жаңа сөздерді қайталап есте сақтау қабілетін дамытуға арналған. Жаттығу орындап, сергіту сәтін ұйымдастырдым.Сабақ соңында оқушылардың пікірін білу үшін «Большой палец» әдісін пайдалана отырып рефлексия алдым.Оқушылардың келесі сабаққа деген қызығушылығын білу мақсатында.Оқушылар келесі сабақта қандай тапсырма болатынын сұрап өз ойларын жазыпты. Сабақтың келесі сәтінде үш топқа да мүмкіндігінше көбірек сұрақтар құрастыру тапсырылды. Осы жерде өз ойларын дәйектеу үшін Мерсер көрсеткен зерттеушілік әңгіме (МАН,23-б)орын алды, ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туды. Бірақ сөздік қорының аздығынан кейбір оқушылар өз ойын жеткізуде қиналды.«Коробка с вопросами»әдісін қолданғанда қызығушылықтaры oянып, aлғaн cұрaқтaрын oқығaн кезде бір-бірлерін мұқият тыңдaп дұрыc жaуaп берді ме, әлде қaте жaуaп бергенін текcеріп oтырды. Oқушылaрды түрлі-түсті стикер aрқылы үш тoпқa бөлдім (caры, көк, жacыл). Оқушыларға сұрақ қойдым. Бейнетаспадан не көрдіңдер?Көліктер не істеп тұр? Адамдар не істеп жатыр? Оқушылар көлік жүріп келе жатыр (едет),адамдар жүріп келе жатыр(идет) деп жауап берді. Суретпен жұмыс істелді.Оқушылар суретке қарап қысқаша әңгіме құрады. Оқушыларға «идет» және «едет» деген сөздердің айырмашылығын айтып түсіндірдім. Oқушылaрдың қызығушылығын oяту мaқcaтындa cұрaқтaр қoйдым. Cұрaқтaр қoя oтырып, диaлoгты қoлдaндым.Cұрaқтaрғa белcенді жaуaп берген oқушылaрды aуызшa «Жaрaйcың!», «Бәрекелді!», «Өте жaқcы» деп бaғaлaдым. Кейін сабақ қалай өткені жайлы сұрақ бере бастадым оларға өз ойларын жазу үшін стикерлер таратылды.Және тақтаға плакат іліп қойдым. Сабақ соңында оқушылардың пікірін білу үшін рефлексия алдым.Оқушылардың келесі сабаққа деген қызығушылығын білу мақсатында.Оқушылар келесі сабақта қандай тапсырма болатынын сұрап өз ойларын жазыпты. «Корзина» әдісін қолданғанда мына сұрақтарды қойдым;
1Сендерге топтасып жұмыс жасаған ұнайма?
2.Неге ұнайды?
3.Неге ұнамайды?
4.Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?
5.Несімен ұнады?
6.Неге ұнамады?
7.Сабақты түсіндің бе?
8.Неге түсінбедің?
Сабақ өту барысында мынадай кедергілер кездесті:
-
Оқушылардың сөздік қорының аздығы
-
С оқушылардың сабақта белсендік танытпауы
-
Бірін-бірі бағалауда көтеріңкі бағаның қойылуы
№2 сабақ мұражайға саяхатты бейнетаспа корсету арқылы аштым. Оқушылар бейнетаспада көрген заттарын постерге салу арқылы қорғады. Оқушылардың алдыңғы сабаққа қарағанда сөздік қорының молайғаны және Выготскийдің «ЖАДА» (МАН,38-б) тәсілін тиімді пайдаланғаны байқалды. Алайда оқушылар өз ойларын жеткізуде қиындық туындап отырды. Жаңа тақырыпқа байланыстырып таратпа материалдар арқылы тапсырмалар бердім. Оқулықпен жұмыс істегенде ДЖИГСО әдісін пайдаландым. «ДЖИГСО» әдісі арқылы оқушылар бір- біріне түсіндіріп кейін бір оқушы шығып өзге топқа түсіндіріп өтті, ол оқушы қалай түсіндірді? Каншалықты түсіндірді? Оны оқушылар қалай қабылдағанын білу мақсатында сол топтан түсінгенін сұрап отырдым. «ДЖИГСО» (Slevin6 1994)-оқушылардың бірін-бірі оқытуда көмектесуіне арналған жұмыс түрі. Бұл жұмыс оқушылар зерттеу жүргізгенде немесе мәтінді оқыған кезде пайдаланады. Сондықтан мұғалімнен алдын ала нақты дайындық талап етіледі, тапсырмалар жеке қағаздарға жазылуы тиіс. Мұнда әрбір оқушы материалды толық меңгереді. Тақырыпты үшке бөліп,топқа берілді. Әр топ спикері өз тобының және басқа топ мүшелеріне тапсырманы кезек-кезек түсіндірді. Мұнан соң оқушылар оқулықпен жұмыс істеді. Оқушыларды зеріктіріп алмас үшін ойын ұйымдастырдым оқушылар шеңбер бойымен тұрып көздерін жұмып өздері қалаған жаққа саяқат жасайды, музыка баяу ойнап тұрады. 3 минутан соң оқушыларды сыныпқа қайта оралтып әңгімені әрі қарай өрбітік.Оқушылар өз ойын толық жеткізу арқылы сергіп қалды . Сабақ соңында оқушыларға қағаз бен түрлі- түсті маркерлер беріп шығармашылықпен айналысты.Олар жаз тақырыбында түрлі суреттер салып сол суреттер жайлы ағылшын тілінде өз ойларын жеткізеді.Осылай мен өз сабағым және оқушылардың сабақа деген ойларын біліп , соған қарай әрекет жасадым және әр сабақа есеп беріп отыруды үйрендім Оқушылардың білімін және белсендігін «Светофор» әдісімен бағаладым.
№3 сабақта үлкенді құрметтеуді бейнетаспа көрсетуден бастадым.
Caбaқтың осы бөлімінде оқушыларды cын тұрғысынан oйлaуғa,сурет арқылы
әңгімеге тaрту, диaлoг oрнaту, «aшық», «жaбық» cұрaқтaрды oрынды қoю aрқылы caбaғымның тaқырыбын aштым. Кейбір оқушылардың сабақта белсенділік танытпауы байқалды. Материалдың өзі қарастырған бөлігін түсіндіргенде, олар сарапшы бола алды.
Олардың әрқайсысы басқадан үйреніп, басқаны үйретуде белсенді рөл атқарады.(Мирсейтова сын тұрғысынан ойлау әдістері) Төменнен сұрақтарды қою арқылы оқушылардан қызық та, керемет жауаптар алдым. Оқушылардың сабақта өздері әрекет жасағаны маған ұнады, олардың қызығушылықтарының артқаны топпен бірлесіп жұмыс жасағандары, әсіресе сабақта мүлдем сөйлемейтін Ә есімді көрініске белсенді қатысқаны мен таң қалдырды. Маған О есімді оқушының сабаққа деген қызығушылығының төмен болып отырғанын байқадым. Оған не кедергі болғаны зерттеу мақсатында мен оған сурет беру арқылы қосымша тапсырма бердім, әрине үй тапсырма аясында,оған көмектесу үшін топ мүшелерінде жұмылдырдым осылайша нәтиже алдым.
. Бүгін мен өткен сабақтарға шолу жасай отырып оқушылардың ойын білу мақсатында оқушылармен пікір алмастым.Олар өз ойларын стикерлерге толық жазыпты , оларға топпен жұмыс жасаған қызық әрі оқушылардың ынтымақтастықпен жұмыс жасағаны маған қатты ұнады және осы атмосфераны сақтап қалу үшін әр сабақты егжей - тегжей ойластыруға тура келді және нәтижесінде сабақта ауыз ашпай отыратын оқушылар сабаққа деген қызығушылығын артып мені қатты таңқалдырды.Әрине мен оларға деңгейлі тапсырмамен қоса түрлі шығармашылық жұмыстар бердім. Сол арқылы оқушылардың білімін жетілдіріп отырдым.Оқушылар өз ойларын сабақ ұнады, ұнамады, неге ұнамады? -деген сұрақтарға жауап беру арқылы білдірді. Неге ұнамады сол жағынан көбірек мән бердім. Оқушыларға өзін- өзі бағалау ұнаған секілді, олар өздерін әділ бағалады. Оқушылардың осы әрекеті қатты ұнады.Осылайша мен оқушылардың сыни тұрғыда ойлауды дамыту ды тиімді пайдалану арқылы оқушының қызығушылығын арттырдым деп ойлаймын . Менің оқушыларым сабақты жақсы меңгерді деп ойлаймын өйткені оқушылардың іс -әрекеті олардың жақсы жұмыс атқарғанына дәлел.Мен осылайша сыныптағы балалардың сыни тұрғыда ойлаудың кішкентай балалар мен жұмыс барысында ,қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңнен дамытуға болатынын білдім.Бұл кезеңде ең оңтайлы тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерді ынталандыру,балалардың қызығушылығын ояту олардың сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатынына көзім жетті.Оқушылардың бір- біріне кері пікір айтып үйренгені ,бір - біріне сұрақ қою арқылы олардың ой бөлісу,алған ақпараты талқылауы маған ой тастады сыныпта осы атмосфераны сақтап қалу үшін маған әлі көп ойланып ,көп ізденуге тура келеді.Осылайша мен оқушыларымның келесі сабақта не үйренгенін қалайтынын білгім келіп ,әр сабақта рефлексия алуды ойладым олардың берген жауаптарын сәйкес сабақты түрлендіріп отырдым нәтижесінде барлық сабақта оқушылардың қызығушылығы артып , топқа бөлінуді өздері ұйымдастырып мен кеше Бақжанмен отырғам бүгін Еркебұланмен отырайын деп оқушылар өздері отырмаған оқушылармен топ құрып,жатса керісінше үлгерімі төмен оқушыларымның сабақа деген қызығушылығы артып, сабақ барысында өзін- өзі бағалау барысында басқа да қырларымен көрініп жатты.Енжар,тұйық оқушыларымыз диалогтар құрып,өз ерекшеліктерін топпен жұмыс барысында көрсетіп жатты.Мен өз оқушыларымның осы тәжірибе кезінде көптеген өзгерістерін байқадым.Оқушылармен әр сабақта түрлі тапсырма мен қоса түрлі стратегиялық ойларды жүзеге асыру барысында менің оқушыларым бірігіп,ұжымдық орта қалыптастырыпүлгерді, олар бір- біріне көмектесіп ынтымақтасып жұмыс жасауға үйренді.Топтық және ұжымдық жұмыстарды ойдағыдай өткізді.Олар осы қысқа мерзім ішінде өз ойларын еркін жеткізуге үйренді. Олар бір- бірі мен пікір алмасуды дағдылана бастады. Олар сабақты өздерінше түсініп бір-біріне түсіндіріп жатты .Мен сабақта постермен бірге , Блум таксономиясы, жуан және жіңішке сұрақтар қойып түрлі тапсырмаларды өз деңгейінде орындады. Осы уақыт ішінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артқанын байқадым. Қорыта келе мен өз оқушыларымен әлі талай жетістіктерге жететініне сенемін олардың білім алуына жағдай жасап,барлық қиыншылықтарды жеңуге өз ойларын нақты жинақы болуына ,дұрыс шешім қабылдай білуіне , айналасымен жақсы қарым- қатынаста болатына сенемін. Болашақта осы оқушылардан жан жақты дамыған ақыл ойы толысқан ,отансүйгіш еліне адал қызмет ететін азаматтар шығатына сенемін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Мұғалімге арналған Нұсқаулық 2016ж
2.Мектептегі тәжірибе кезіңінде орындауға арналған Тапсырмалар
3.Интернет желісі
4.Глоссарий т.б
5.С.Мирсейтова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» Қарағанды, 2011ж
.
Мұғалім үшін нәтижелілігі:
-
Мұғалімдерде сын тұрғысынан ойлау туралы түсінік қалыптасады;
-
сабақ үрдісінің белгілі бір кезеңінде сын тұрғысынан; ойлауды тиімді қолдана отырып, оқытуды бағалауды үйренеді;
-
Сабақты жүйелі өткізуде сұрақтарды құрастыра біледі;
Сабақтың негізгі идеясы:
-
Мұғалімдердің оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау көзқарастарын қалыптастыру;
-
Блум таксономиясы туралы біліп, жұмысты бағалай алады;
Келесі кезекте осы таңдауларды пайдалана отырып екі топқа топтастырдым.
-
Блум таксономиясы – 1956 жылыамерикалық психолог Бенджамин Блум ұсынған танымдық саладағы оқытудың педагогикалық мақсаттарыныңжіктелуі.Оған ойлау дағдыларының алты деңгейі кіреді: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
-
Білу - деректерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өтілген материалдың есте сақталғанын растау.
-
Түсіну - негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту арқылы деректер мен идеяларды түсінгенін көрсету.
-
Қолдану - жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада қолдану.
-
Талдау – біртұтас объектіні жақсылап зерттеу немесе оның мән-мағынасын түсініп-білу мақсатында ұсақ құрамдас бөліктерге бөлу үдерісі.
-
Жинақтау - алғашында бөлінген ұғымдарды біртұтас біріктіру үдерісі.
-
Бағалау – объектінің құндылықтарын, кемшіліктерін, маңыздылығын және басқа да сипаттамаларын белгілі бір критерийлер мен стандарттар негізінде анықтау үдерісі.[1]
Оқушылардан күтілетін нәтиже:
Бағдарламаның жеті модуліне негізделген бірлескен топтық жұмыстың нәтижесінде оқушылардың ынтымақтастығы, белсенділігі артты, бірін-бірі қолдай отырып, өз ойларын еркін жеткізуге, пікір айтуға дағдыланды. Нәтиже
Сын тұрғысынан ойлау бақылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, талдау екеніне көз жеткізу.
Оқушылардың іс-әрекетін зерттеу мақсатында мен әр түрлі деңгейдегі үш оқушыны алдым , бұл оқушыларды алудағы мақсатым оқыту стратегиясының жеті модулін тізбектелген орта мерзімді сабақ жоспарыма енгізе отырып сабақ барысында осы модульді қаншалықты меңгергенімді енді сол оқушыларға қаншалықты дәрежеде жеткізе алатынымды білу сонымен қатар өз тәжірибемде қолдану. Мен бұл оқушыларды алудағы мақсатым осы ықпалдастырылған үш сабағымның соңына дейін оқушыларымның білім деңгейі мен іс – әрекетін, белсенділігін, сабаққа деген ынтасы мен ықыласын көтеру. Тізбектелген орта мерзімді сабақ жоспарымда іс-әректті зерттеуге А; В; С; деп үш деңгейлі оқушылар алдым. Дәстүрлі сабақта біз сыныптағы барлық оқушылармен түгел жұмыс жасадық. Бірақ, солардың барлығына дерлік көңіл бөле алмадық сабақтың бұл түрінде көптеген кедергілер кездесетін, сабақ барысында оқушылар өздерінің қабілеттеріне қарай .А;В;С; өз мүмкіндігінше білімін ала алмайды, әсіресе мотивациясы төмен С оқушы сабақтың барысында мұғалімнің, жора жолдастарының көмегіне зәру болса, ал қабілеті жоғары А оқушы өздігінен ізденіп қосымша мәліметтерді де алуға мүмкіндігі бар. Сондықтан сабақтың уақытын тиімді пайдалану үшін мен өзімнің мектептегі зерттеу тәжірибемде топтық, яғни бірлескен жұмысты қолдандым. А деңгейдегі оқушым Еркебұлан есімді оқушы мінезі ашық, сабақ үлгерімі өте жақсы көпшілікпен тез тіл табыса алады белсенді көшбасшылық қабілеті бар В деңгейдегі оқушым Нұрмұхамед есімді оқушы сабақ үлгерімі жақсы мінезі салмақты . Омар есімді оқушы сабақ үлгерімі қанағаттанарлық. Үй тапсырмасын сұраған кезде кезде кейде айтады кейде айтпайды . Оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді қолдандым «кім жылдам?» әр топқа бес төмен дәрежелі сұрақтардан қойған кезде әр топ өз жауаптарын беріп жатты. Сонымен қатар А деңгейлі оқушым да бес сұрақтың төртеуіне жауап беріп үлгерді . В деңгейлі оқушым осы сұрақтардың үшеуіне жауап беріп үлгерді .С денгейлі оқушым бұл сұрақтарға жауап бере алмады, олар бұғаз немесе арал , көл ,өзен деп жауап береді. « сандар сөйлейді » бұл әдісте сұрақтар төмен дәрежеліден жоғары қарай бірінші С деңгейлі оқушыдан сұрадым ол жауап берді бірақ жауабы қанағаттанарлық дәрежеде болмады , В денгейлі оқушым өте жаксы жауап өтті А денгейлі оқушым да бүл сұраққа мүдірмей жауап берді, сол тақырып бойынша сандарды интерактивті тақтаға жаздым оқушылар сол сандарды талдап нақтылап таудың биіктігі немесе теңіз деңгейінен төмен жатқан жер деп жауап береді «қарлы кесек» төменнен жоғары қарай дәрежелі сұрақтар болды. Шаталовтың тірек – сызбалары арқылы оқушылар үй жұмысын қаншалықты дәрежеде меңгергендігін тексеру мақсатында тірек сызба сыздырдым оқушылар оны қызығып белсеніп қабылдады.
Осы сабақтарда алған тәжірибеме сүйене отырып модульдің жетістіктеріне мыналарды жатқызамын:
1. Оқушылардың сөздік қоры молаяды, олар топпен жұмыс барысында
диалогпен көбірек жұмыс жасайды.
2. Сабақта оқушылардың белсенділігі артады,бірін-бірі оқыту арқылы өздері де үйренеді.
3. Балалар қателесуден қорықпауды, сол арқылы шындықты іздеуді үйренеді.
4. Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы балалар жан-жақты дамып, өзге қырларынан танылды.
3
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген