Материалдар / ТЖБ 4-тоқсан 7-сынып қазақ әдебиеті

ТЖБ 4-тоқсан 7-сынып қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып қазақ әдебиеті 4-тоқсан ТЖБ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2024
438
13 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

7-сынып ТЖБ

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Оқушының аты-жөні:_____________________________________________


Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма түрлері

Орындау уақыты

Балл

1-5

7.1.1.1 әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/ жабық сұрақтар

5 мин

5

6-8

7.2.2.1. Эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

7.2.3.1.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау;

7.2.4.1. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

15

10

9

7.3.4.1 Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу;

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

25

5




45

20


1. «Нарынқұм зауалы» шығармасының желісі бойынша әкесі баласын не себепті өлімге қияды? [1]

А) ерлік жасамағаны үшін;

В) сөзін тыңдамағаны үшін;

С) Махамбетті өлтіргені үшін;

D) елге келмегені үшін.


2. «Нарынқұм зауалы» шығармасының композициялық құрылымы бойынша оқиғаның дамуы. [1]

А) Махамбеттің соңғы сөзі.

В) Батырдың ерлігі;

С) Батырды қапыда өлтіріп, басын алуы;

D) Әкенің баласын жазалауы.


3. М. Темірбектің «Тәуелсізбін» өлеңіне тән емес кілт сөз қатары. [1]

А) Азаттық

В) Денсаулық

С) Теңдік

D) Тәуелсіз


4. Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесіндегі оқиғаларды композициялық құрылымымен сәйкестендіріңдер.

Shape1

1.Ата-ана сағынышы, қонақтарды қарсы алу.

2.Сапабектің әңгімесі.

3.Ерғабыл қарттың үміті.

4.Ерғабыл қарттың реніші, көңіліндегі уайымды басу.

5. Қонақтарды шығарып салу.


А) Оқиғаның басталуы

В) Оқиғаның дамуы

С) Оқиғаның шиеленісуі

D) Оқиғаның шарықтау шегі

E) Оқиғаның шешімі

  1. А)-1; В)-2; С)-3; D)-4 E)-5.

  2. А)-3; В)-1; С)-2; D)-5; Е)-4.

  3. А)-4; В)-1; С)-5; D)-2; Е)-3.

  4. А)-2; В)-4; С)-3; D)-1; Е)-5.


5. А. С. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде неге сенім білдіреді?

А) халқының сүйікті ұлы болатынына

В) өлеңі арқылы есімінің өшпейтіндігіне

С) келешекте алып ескерткіш орнататынына

Д) орнатқан ескерткішінің Александр мұнарасынан биік болатынына [1]


6. М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» балладасы бойынша талдау жұмысын жүргізіңіз.

Оқиғаның тарихпен сабақтастығы

Оқиға орны

Нарынқұмы

Балладада айтылатын тарихи тұлғалар














7. «Тәуелсізбін» өлеңі бойынша берілген өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, қолданысына талдау жасаңыз.

Тәуелсізбін! –

Танып тұрмын өзімді.

Ұшырамын қанат байлап сөзімді.









Таптап, қырқып,

Жоқ етті денуымды.

Жазарымды отқа салды, қуырды.

Жуынды етті кәусар менен суымды




Тәуелсізбін!

Тәуелсізбін мен бүгін.

Келді кіріп азаттығым, теңдігім.

Бостандықта бойлығым мен ендігім,

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім!





8. «Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ - қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.» Шығармадағы Ерғабыл ақсақалдың жайы сізге қалай әсер етті? Баланың ата-ана, туған жер алдындағы азаматтық парызына не жатады? Өзіндік көзқарасыңызды білдіріп, оқиға желісін өзге қырынан дамытып жазыңыз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

9. «Ескерткіш» өлеңінде Пушкиннің салған ескерткіші Александр мұнарасынан неге асқақ? Ойыңызды таратып, дәлелді жаз(3-4 сөйлем).

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

10. М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасында келтірілген әке үкіміне негіздей

отырып, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазыңыз

(90-100 сөз). [5]

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Балл қою кестесі



Жауап


Балл

1


1

2


1

3


1

4


1

5


1

6

М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» балладасы бойынша талдау жұмысын жүргізіңіз:

Оқиғаның тарихпен сабақтастығын анықтайды;

Оқиға орнын анықтайды;

Балладада айтылатын тарихи тұлғаларды жазады.

1

1

1


Өз ойын таратып жазады.

2

7

«Тәуелсізбін» өлеңі бойынша берілген өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды анықтайды;

1

1

1

Қолданысына талдау жасайды.

2

8

Оқиға желісін дамытып жазады;


1

1

1

Өзіндік көзқарасын білдіреді..

2

9

М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасындағы

әке үкіміне негіздей отырып, әдеби шығарманың

эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу

жазады.

1

Шығармадан нақты дәлелдер келтіреді.

1

Шығармадағы мәселенің өміршеңдігін сараптайды

1

Өз көзқарасын білдіреді

1

Жазба жұмысының көлемін сақтайды (90-100 сөз).

1


Барлығы

20


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!