ТЖБ талдауы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТЖБ талдауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаржылық сауаттылық. Викторина
Материалдың қысқаша нұсқасы




Министерство образования и науки Республики Казахстан

«Жезказганский университет имени О.А. Байконурова»






Кафедра ППиФ









Внеклассное мероприятие

Викторина "Менің қалтамдағы ақшам"





















Подготовила_________Ибраева С.Н.

Проверил__________









Жезказган 2021







Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Менің қалтамдағы ақшам » тақырыбындағы викторинаға қош келдіңіздер!
Экономикалық білім тек экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндерге, ғалым - экономистерге немесе экономика пәні оқытушыларына ғана, сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр.
Мектепте қаржылық сауаттылық және экономика негіздерін оқытудың басты мақсаты – оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке, қаржылық сауаттылыққа тәрбиелеу, еңбек ете білуге,, өзін және өзгелерді рухани - материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру. Осы мақсатта экономика сабағынан алған білімдерімізді, пікірлерімізді ортаға саламыз.

Ақша – адамның күнделікті қажеттілігі. Мамандардың айтуынша, адам аптасына орта есеппен 5 сағат ақша туралы ойлайды екен.

Бірақ бұл көрсеткіш бірнеше есеге жоғары болуы мүмкін. Өйткені бүгінгі таңда екінің бірінде несие бар. Ондай адамның ақшаны сирек ойлауы екіталай.
Қаржылық сауаттылық – жеке және отбасылық қаржыны басқарудағы біліктілік. Біз біліктілікке ие болып, оны арттырып, дамыта аламыз.

Қаржы негізі 5 қызмет атқарады:
1. Өмір сүруді қамтамасыз ету
Адамның жайлы өмір сүруі үшін ең алдымен: тамақ, киім, тұрғын үй, көлік, техника және тағы да басқа дүниелер керек. Бұл қажеттіліктерді өтеуде ақша маңызды рөл атқарады. Әрбір адам өзінің өмір сүру сапасын жақсартуға тырысады. Балалар дүниеге келген кезде үйіңізді кеңейтіп, көлік және техникалық жабдықтарды жаңартуды ойлайсыз. Балаларды оқытып, бүкіл отбасымен демалғыңыз келеді. Осының бәріне артық шығындарды болдырмай, отбасылық қаржыны дұрыс басқару арқылы қол жеткізуге болады.

2. Қауіптің алдын алу
Егер сіздің жеке қорыңыз бар болса, ол сізді кез келген қауіпті жағдайда сақтандыра алады. Бетін аулақ қылсын, дегенмен де өмірде небір жағдайлар кездеседі. Ауруханаға түсу, жұмысынан айрылу, мүгедек болып қалу, күтпеген жерден жақынынан, тіпті жалғыз асыраушысынан қол үзу секілді жайттар орын алып жатады. Кейде отбасылық мүліктерге қауіп төнеді. Мысалы, өрт шалу, су басу, жер сілкінісі, автокөлік немесе құнды мүлікті ұрлату, көлік апаты дегендей. Мұндай жағдайда сақтандыру компаниялары өз шарттарына сай шығындарыңызды өтеп береді. Ол арқылы өзіңіздің және отбасыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз.

3. Биік белестерді жоспарлау
Дұрыс басқарылған қаржы – балаға ең сапалы білім беруге, отбасыңызбен шетелдерге саяхаттауға, ең жақсы спорт залын, тиімді қызмет көрсететін медицина орталығын таңдауға мүмкіндік береді. Биік белестерді жоспарлау дегеніміз – үй алу, көңіл көтеру немесе әртүрлі заттарды сатып алу ғана емес. Егер сіз барлығын тиімді ойластыра білсеңіз, биік мақсаттарды бағындыруға мүмкіндігіңіз мол.

4. Қаржылық тәуелсіздікке ие болу
Қаржылық тәуелсіздіктің не екенін барлығы біледі. Бірақ шын мәніндегі бейнесін ұға бермейді. Бұл – ай сайын немесе жыл сайынғы пассивті кіріс көзі саналатын капи­тал. Капитал – өздігінен табыс әке­летін активтер жиынтығы. Ол ешқандай күш жұмсауды қажет етпейді. Көбісі мұны бекершілік деп санайды. Алайда әлемде қаншама адам инвестиция арқылы күн көріп отыр. Оларды рантье деп атайды. Жеке қаражатты дұрыс басқару және сауатты инвестициялау арқылы ғана капитал жинауға болады.

5. Артына мұра қалдыру
Адамдар белгілі бір жасқа дейін мұрагерлік туралы ойламайды. Тіпті, қартайған шағында да ойлауы екіталай. Негізінде мұраға мынадай дүниелерді қалдырылады: а) табыс әкелмейтін активтер (тұрғын үй, автокөлік және тағы басқа мүліктер); б) табыс әкелетін активтер (бағалы қағаздар, депозиттер, жалға беретін жылжымайтын мүлік және т. б.; в) қарыздар мен міндеттемелер. Егер адам болашақтың қамын алдын ала жасаса, ол ұрпақтан - ұрпаққа берілетін отбасылық капиталды мұра етіп, өз есімін де қалдырар еді.













Жұмбақ:

  1. Ұлы тұлғалары бар,

Керек құнды қағаздар. 


  1. Ұлттық банк тұрағы,

Өзі айналыс құралы. 









Тест

  1. Супермаркетте сауда жасау кезінде қабылданатын іс-әрекеттерді ретімен ,

жауаптарын кестеге енгізіңіз:

A. Азық-түлікті арбадан түсіру.

B. Артық ақшаны алу

C. Жарамдылық мерзімдерін тексеріңіз.

D. Өнімдерді таңдаңыз.

E. Чекті тексеріңіз.

F. Сатып алу үшін төлеңіз.

G. кассадағы кезекті алыңыз.

H. арбаны алыңыз.

1

2

3

4

5

6

7

8

H

D

C

G

A

F

B

E









2. Басқа мағынаны білдіретін бір қосымша сөз табыңыз. Қалған сөздерге жалпы атау беріңіз.



Азық-түлік, киім, аяқ киім, байланыс, ойыншықтар, көлік, телефон, теледидар.



  1. Тізімде көрсетілген валюталардың қай елдерге сәйкес келетінін анықтаңыз. Жауаптарын кестеге енгізіңіз.



1. Жапония A. peso



2. Германия B. евро



3. Ұлыбритания C. тугрик



4. Аргентина D. фунт стерлинг



5. Франция E. yen



6. Моңғолия

7. Греция

1

2

3

4

5

6

7

E

B

D

A

B

C

B













  1. Анаграммаларды шешіп, жалпылау тауып, артық сөзді алып тастаңыз:

ГРИВНА, ФРАНК, ВАЛЮТА, ДОЛЛАР, АКЦИЯ, КРОНА, ТЕНГЕ



  1. Тапсырмалар

!!! Пайыздың не екенін білмейтіндер үшін. Пайыз – санның жүзден бір бөлігі

бөлігі. Бұл дегеніміз 10% - оныншы, 20% - бесінші, 25% -

төртінші бөлік, ал 50% жартысы.

1. Банкке 20 мың теңге салынды. Жыл сайын осы

салымға 10% қосылады. Үш жылда қанша ақша болады?







  1. Белгілі бір мерзім ішінде еңбегі үшін төленетін ақы не деп аталады?
    А) жәрдемақы
    Ә) зейнетақы
    Б) жалақы

    2. Жалақының қандай түрлері бар?
    А) мерзімді, уақытша, келісімді;
    Ә) мерзімді, келісімді, мерзімсіз;
    Б) мерзімді, келісімді, кесімді.

    3. Жұмыссыздық деп нені айтамыз?
    А) еңбекке қабілетті адамдардың жұмыспен қамтылмауы;
    Ә) денсаулығының болмауына байланысты адамдардың жұмыспен қамтылмауы;
    Б) еңбекке қабілетті, жұмыс істегісі келетін адамдардың жұмыспен қамтылмауы.

    4. Еңбек қорларына адамдардың қандай топтары жатады?
    А) жоғары білімі бар, бірақ жұмысқа жарамайтын адамдар тобы;
    Ә) зейнет жасындағы адамдар тобы;
    Б) 14жастан зейнет жасына дейінгі адамдар, жұмысқа деген қабілеті бар адамдар тобы

    5. Инфляция дегеніміз не?
    А) бағаның төмендеуі, сұранымның өсуі;
    Ә) бағаның өсуі, ұсыныстың өсуі;
    Б) бағаның өсуі, ақшаның құнсыздануы.

    6. Таңдау жасау не үшін қажет?
    А) адамның шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін;
    Ә) адамның бірінші кезектегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін;
    Б) адамдардың күнкөріс шамасын қамтамасыз ету үшін.

    7. Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік бюджетке төлейтін міндетті төлемдері қалай аталады?
    А) ақша;
    Ә) салық;
    Б) валюта.

    8. Мемлекеттер мен ұлттық шаруашылық арасындағы тауарлар мен қызмет көрсетулердің өзара айырбасталуын не дейміз?
    А) импорт;
    Ә) сыртқы сауда сальдосы;
    Б) халықаралық сауда.

    9. Бизнес - жоспардың мазмұны мен негізгі ойын таныстыратын бөлімі қалай аталады?
    А) маркетингтік жоспар;
    Ә) резюме;
    Б) қаржылық жоспар.


    10. Жылжымайтын мүліктерді, өндірістік және тұрғын ғимараттарды, пәтерлерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие
    А) лизингтік несие;
    Ә) ипотекалық несие;
    Б) мемлекеттік несие.

    12. Несие үшін төленетін ақы –
    А) пайыз;
    Ә) рента;
    Б) дивидент.

    13. Акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігі -
    А) дивидент;
    Ә) акция;
    Б) бақылау пакеті.

    14. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге қашан айналысқа енгізілді?
    А) 1993 жылы 15 қарашада;
    Ә) 1992жылы 15 қарашада;
    Б) 1995жылы 19 мамырда.

    15. Егер баға өссе, сұраныс –
    А) өседі;
    Ә) өзгермейді;
    Б) төмендейді.





«Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін елбасымыз халқына жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2024
101
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі