400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тоғыз қаңылтыр

Материал туралы қысқаша түсінік
өз біліктілігін жетілдіру мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы



Балалық шақтың ойыны «Тоғыз қаңылтыр»

«Тоғыз қаңылтыр» ойыны бұл менің бала кезімде дала ойыны болды.Ол кездерде барлық тамақтар шыны ыдыстарда сақталып,қаңылтыр қақпақтармен жабылатын.Қазір таңда пластмасса ыдыстар көп қолданылғандықтан , қақпақты шыны ыдыстар көп уақыт дүкен сөрелерінен жоғалып кетті.Тоқыраған заманнан кейін егемендік алып , халық қайтадан бақша салып, шыны ыдыстарға үй жағдайында жеміс жидектен әр түрлі

өнімдерді консервілеп, темір қақпақ пен шыныға сұраныс көбейіп, қаңылтыр қақпақты тағамдар дүкен сөрелеріне қайта оралды.

Осы тұрғыда меніңде бір сәт балалық шағымдағы дала ойыны болған «Тоғыз қаңылтыр» ойынын балаларға неге үйретпеске,жаңа бағдарламаға сәйкес жоспарға енгізуге неге ұсыныс жасамасқа деген ой келді. Себебі бұл ойын кез келген баланы қызықтырып баулып алып кететініне сенімдімін. Сонымен қатар оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке, иілгіштікке ,жылдамдыққа, мергендікке және ұжымдық ауыз бірлікке үйрететін ойын. Бұл ойынның тағы бір сабаққа қолайлығы , сабақ уақытында сыныптағы барлық оқушыларды түгел қамтуға болады. Ойын ережесіне сай екі командаға жарыс ретінде өткізуге болады.













Команда ойыншыларының саны , егер сабақ уақытында болса сыныпты екіге бөліп ойнатуға, ал жарыс түрінде болса оқушы санына шектеу қойып ойнатуға болады. Ойынды алдын ала мұғалім немесе жарыс төрешісі жеребі тарту арқылы қай команда бастайтынын анықтайды. «Тоғыз қаңылтыр» ойынының қаңылтыр салатын әр төрт бұрышы 40х40 болса, жалпы көлемі 120 х 120 және сызылған алаң шетінен 3 м қашықтыққа допты ойынға қосу үшін сызық сызылып белгіленеді. Сонымен қатар бірдей көлемдегі қаңылтыр қақпақтың тоғыз данасы мен диаметрі 65-70 см,салмағы 250-300 г добы дайындылады. Ойын ашық алаңда, «тоғыз қаңылтыр» ойыны көлеміне сай сызылып дайындалады,яғни қауіпсіздік ережесіне сай, «тоғыз қаңылтыр» ойын сызбасының ішінде оқушының қаңылтырды сызылған төртбұрыш ішіне орналастыру кезінде, қолдарына зақым келтіретін нәрселерден, жүгіріс кезінде шалынып құлап қалмау үшін ірі көлемдегі заттардан тазалап қоюы керек. Ойын,3 м қашықтықтан жиналып тұрған 9 қаңылтырды көздеп ұрып,шашу арқылы басталады. Егер қаңылтыр шашылмай қалса команда ойыншылары кезек- кезек қаңылтыр шашылғанша ұра береді.Шашылған жағдай да команда ойыншылары қарсы команда ойыншыларынан ұрылып қалмай,тоғыз қаңылтырды тоғыз торға орналастыруы керек. Сол уақытта команда еншісіне бір ұпай тиесілі болады. Командалар орын ауыстырады, егер допты ойынға қосу кезінде түгел команда ойыншылары тигізе алмай қаласа немесе қаңылтырды тоғыз торға орналастыру кезінде команда ойыншылары түгел ұрылып қалған жағдайда. Ойынға белгілі бір уақыт беріліп,сол берілген уақыт кезінде көп ұпай жинаған команда жеңіске жеттеді.



«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ –нің дене шынықтыру пәні мұңалімі

Ережепова Шырайгүл Фермебайқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
1577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі